Хабаршы «Арнайы педагогика» сериясы



Pdf көрінісі
бет106/110
Дата10.02.2022
өлшемі2.25 Mb.
#455263
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   110
file20191226084701

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Арнайы педагогика» сериясы №4(59) 2019 ж. 

90 


ляциялайды.  Сонымен,  қол  саусақтарының  функциональды  мүмкіндіктері  баланың  жалпы  мото-

рикасын  жақсартып  қана  қоймай  психиканың  және  сӛйлеу  тілдің  дамуын  да  жақсартады.  Қол 

саусақтарының функциональды мүмкіндіктерінің қалыптасуы бойынша жұмыстың алдында жоғарғы 

бітімдердің  бұлшық-ет  тонусының  қалыпқа  келуін  қамтамасыз  ету  керек.  Бұлшық  еттердің 

босаңсынуына  Фелпс  әдістемесі  бойынша  қолды  қағу  жәрдемдеседі  (орта  үштікте  баланың  иығын 

ұстап, жеңіл сілку қимылдары орындалады). 

Қолдың  тіреуіш  қызметінің  дамуына  баланы  іште  жатқызып  баяу  домалату  жәрдемдеседі  (үлкен 

доп).  Ӛйткені  допты  қолмен  ұстау  ыңғайлы,  саусақтарды  орналастыру  ынғайлы,  сол  кезде  үлкен 

саусақты бӛліп орналастыру оңай орындалады. 

Бас  бармақтың  изоляцияланған  қимылдарды  стимуляциялау  үшін  келесі  жаттығуларды  қол-

данады: кнопкаларды басу, дыбыс шығаратын заттарды, сӛндіргіштерді, фортепиано клавишаларын, 

пластелин  басу;  құмда  фигураларды  салу,  телефон  дискісін  айналдыру,  қағазға  саусақ  бейнесін 

қалдыру.  Үлкен  саусақты  қарама-қарсы  қою,  ажыратуды  жаттықтыру  үшін  келесі  жаттығуларды 

қолданады:  жұмсақ  дауыс  шығаратын  ойыншықтарды  сұқ  саусақ  пен  үлкен  бас  бармақпен  мыжу, 

қайшыны  ашу,  қол  алысу,  саусақтарға  киілетін  қуыршақтармен  ойнау.  Екі  саусақпен  заттарды 

ұстауды  жаттықтыруға  тиімді:  түрлі  мӛлшердегі  заттарды  жинау  (бірінші  кӛлемділерін,  одан  кейін 

ұсақтарын),  қарындаш,  бормен  сурет  салу,  күрешкені  қолынан  ұстап  тұру.  Әкеліну  және  ажырату 

қимылдары  суреттерді  бояу,  ӛшіргішпен  кӛлденеңді  жолақтарды  ӛшіру  кезінде  жаттықтырылады. 

Қолдың  жеке  қимылдарын  түрлі  заттық  іс-әрекетке  қосу,  ӛзіне  қызмет  ету  дағдылары  және  жазу 

жағдыларына қосу арқылы бекітеді және жетілдіреді. 

Сонымен,  адаптивті  дене  шынықтыру  тірек-қимыл  аппаратының,  кардио-респираторлы  және 

орталық  жүйке  жүйесінің  қызметтесуін  жақсартады,  психо  эмоциональды  саланың  дамуына,  ӛзіне 

қымет ету және оқу дағдыларын қалыптастыруға жәрдемдеседі [87-89]. 

БЦС кинезотерапияда медико-кондуктивті оңалту тәсілі қолданылады, шет елдерде медициналық 

технологиялара ұқсас Г.Кабат, Брунстрэм әдісі бойынша PNF әдісін қолданылады (проприоцептивті 

жүйке-бұлшық  ет  байланысына  жол  салу,  импульстің  ӛтуін  жеңілдету).  Берілген  әдістің  ерекшелігі 

бұзылған  бұлшық  еттің  белсенді  қысқарылуына  жағдай  жасайды,  бұзылған  қозғалыс  қызметтерін 

аурудың  ерікті  қатысуы  кезінде  қалыпына  келтіру  болып  табылады,  бұл  оның  оңалтылуын 

оптимизациялайды және функциональды қозғалыс жетіспеушілігін жоюды тездетеді. 

Жүйке  жүйесінің  зақымдалуы  кезінде  пайда  болатын  қозғалыс  тарапындағы  бұзылыстардың 

клиникалық  кӛрінісінің  негізінде  белгілі  бір  патологиялық  тетіктер  жатады.  Олар  қозғалысты 

бақылайтын  вертикальды  жүйені  тұтас  қамтиды:  бұлшық  еттердің  тоникалық  және  фазалық 

реттелуін. Тоникалық бұлшық ет талшықтары бұлшық еттің тереңінде жатады, олар ұзақ жиырылуды 

қамтамасыз  етеді.  Кӛбінесе  бұл  дене  қалпын  сақтап  тұру  қызметімен  байланысты,  мысалы  арқа, 

мойын  бұлшық  еттері,  тӛменгі  жақ  сүйегін  ұстап  тұратын  бұлшық  еттер.  Ал  фазалық  бұлшық  ет 

талшықтары бұлшық еттің беткейінде орналасады, олар фазалық жиырылуды қамтамасыз етеді, яғни 

қысқа мерзімді бірақ күшті жиырылуды қамтамасыз етеді және тез шаршайды.  

Бұл жүйелердің құрамына қозғалыстың қыртыстағы орталықтары мен стриопаллидарлық жүйенің 

тоникалық  және  фазалық  нейрондары,  жұлынның  фазалық  жылдам  гамма-нейрондары  мен  үлкен 

альфа-мотонейрондары, тоникалық баяу гамма-нейрондары мен кіші альфа-мотонейрондары, сондай-

ақ  «жылдам»  және  «баяу»  бұлшық  ет  талшықтары  кіреді.  Қалыпты  жағдайда  тоникалық  және 

фазалық  жүйелер  реципроктық  қарым-қатынаста  бола  отырып,  антагонист  бұлшық  еттердің  дұрыс 

қызметін қамтамасыз етеді де, белгілі бір мақсатты әрекетті жүзеге асырады.  

Осы  жоғарыда  атап  ӛткен  проприоцептивті  нервтік-бұлшық  еттік  фасилитация  әдісінің  артық-

шылығы  бұлшық  ет  талшықтарының  белсенді  түрде  жиырылуына  нейрофизиологиялық  жағдай 

жасап,  науқастың  ӛз  жігерімен  қатысуы  арқылы  қозғалыс  қызметінің  қалпына  келуіне  септесуінде, 

бұл әрине оңалту үрдісін жақсартады. Бұл әдістің негізінде сал болған бұлшық еттердің жиырылуын 

шақыру  үшін  арнайы  диагональды-спиральды  қозғалыс  үлгілерін  қолданады,  олар  проксимальды-

дистальды  бағытта,  белгілі  бір  ретпен  орындалады.  Жаттығулардың  орындалу  реті  мен  түрлері 

супраспинальды  қимыл  реттелуінің  бұзылу  деңгейіне  қарай  таңдалады.  Қимыл-қозғалыстың 

диагональды  спиральды  үлгісінде  бір  мезгілде  бірнеше  буын  қатысады  және  қозғалыстың  3 

компоненті орындалады: флексия немесе экстензия, абдукция немесе аддукция, ішкі немесе сыртқы 

ротация. Дененің негізгі бӛліктері (бас пен мойын, тұлға, аяқ-қол) үшін бір-бірімен қиылысатын екі 

қимыл  диагоналі  болады.  Әрқайсысында  екі  қарама-қарсы  бағытталған  қимыл  үлгілерін  орындауға 




Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Специальная педагогика», №4(59) 2019 г. 

91 


болады.  Осы  қимыл  үлгілері  бұлшық  еттердің  бастапқыдағы  созылған  күйінен  барынша  қысқарған 

қалпына келуіне ӛте ыңғайлы мүмкіндік жасайды.  

Соңғы  жылдары  елімізде  ашылып  жатқан  кешенді  оңалту  орталықтары церебралдық  сал  аурына 

шалдыққан балаларға сапалы кӛмек кӛрсетуге жағдай жасауда. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1  Семенова  К.А.  Восстановительное  лечение  детей  с  перинатальным  поражением  нервной 

системы и детским церебральным параличом. – М.: Закон и порядок, 2007. – 616 с. 

2  Шипицына  Л.М.  Психология  детей  с  нарушениями  функций  опорно-двигателыюго  аппарата: 

учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений / Л.М. Шипицына, И.И. Мамайчук.  М:: Гуманит. изд. 

центр ВЛАДОС, 2004.  368 с. 

3  Мастюкова  Е.М.  Физическое  воспитание  детей  с  церебральным  параличом:  младенческий, 

ранний и дошк. возраст.  М.: Просвещение, 1991. 

4  Булекбаева  Ш.А.  Разработка  и  оценка  эффективности  реабилитационных  мероприятий  при 

различных формах детского церебрального паралича: дисс... докт.мед.наук. – Алматы, 2010. 

5  ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сайты: http://www.mz.gov.kz/ 

6  Нукетаева  Д.Ж.  Развитие  нации  –  через  сохранение  и  укрепление  здоровья  школьников 

Казахстана  //  Материалы  международного  форума  специалистов  формирования  здорового  образа 

жизни «Здоровое будущее здоровой нации» // «Актуальные вопросы формирования здорового образа 

жизни, профилактики заболеваний и укрепления здоровья», №1, 2011. – С.12-15. 

7  Исабекова  А.А.  Особенности  нервно-психического  и  физического  развития  детей,перенесших 

перинатальные  повреждения  центральной  нервной  системы:  дисс...  канд.мед.наук:  Каз  НМУ  им. 

С.Д. Асфендиярова.  Алматы, 2007.  114 с. 

8  Лепесова  М.М.,  Джаксыбаева  А.Х.  Анализ  детской  неврологической  службы  в  Казахстане  // 

Журнал Алматинского государственного института усовершенствования врачей. – №1(09), 2010. – 

С.3-8. 

9  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – 

Астана, 2014 жылғы 17 қаңтар. – http://www.akorda.kz/ 

10 Выготский Л.С. Собрание сочинений в шести томах.  М.: Педагогика, 1982-1984. 

 

 

УДК: 376.37 

МРНТИ: 14.29.29 

 

Л.Х. Макина

1

, З.Қ. Сәт



 

1,2

Абай атындағы ҚазҰПУ, 

Алматы, Қазақстан 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   110




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет