Хабаршы «Арнайы педагогика» сериясы



Pdf көрінісі
бет17/110
Дата10.02.2022
өлшемі2.25 Mb.
#455263
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   110
file20191226084701

Keywords: children with special educational needs, speaking, learning ability, skills, correction work. 

 

Ерекше білім алуға қажеттілігі бар балалар оқу дағдыларын меңгеруде айтарлықтай қиындықтарға 

тап болады. Оларға ӛзінің оқығанын түсіну оңай емес. Оқу барысында кӛптеген қателіктер жібереді. 

Оқудың  нашар  техникасы,  қоршаған  орта  туралы  білімдерінің  тӛмендігі,  сӛздік  қорының  аздығы 

және  жалпы  сӛйлеу  тілі  дамуының  шектелуі  олардың  жеке  сӛздерді  және  мәтінді  лексикалық 

мағынасын  толығымен  жеткілікті  дәрежеде  түсінбеуіне  себеп  болады.  Оқудың  алғашқы  кезеңінде 

балалар  қарапайым  сӛйлемдердегі  ойды  да  қиындықпен  түсінуді.  Оларға  ӛздеріне  таныс  болмаған 

заттармен  құбылыстарды  білдіретін  жалпы  қолданылатын  сӛздермен  сӛз  тіркестерінің  мағынасын 

түсінуде  қиын.  Бала  мәнмәтіндегі  ойды  жеткізуде  күрделі  сӛз  және  сӛз  тіркесін  пайдалануға 

қиналады. Ол кӛп уақытқа дейін олармен жеке сӛйлем құрастыру дағдыларын меңгере алмайды. Бұл 

жағдай тапсырма алдында талқыланған және түсініксіз сӛздермен сӛз тіркестері түсіндірілген болса 

да сақталады. Бұндай балалар оқыған мәтіннің мазмұнын жеткізе алады, бірақ мәтіндегі басты ойды, 

сонымен  қатар  уақыттық,  себеп-салдарлық  байланыстарды  қою,  адамдардың  қимылын  сипаттау, 

олардың  әрекеттеріне  баға  беру  сияқты  тапсырмаларды  орындауда  қиындыққа  тап  болады. 

Балалардың  жаңа  мәліметтерді  игере  алмауы,  бӛліп  тани  алмауы  олардағы  қоршаған  орта  туралы 

білімдерін,  сӛйлеу  тілінің  дамуын,  жалпы  дамуын  тежейді,  білімдерін  толықтыру  және  таным 

әрекетерін дамыту бойынша түзету жұмыстарына кері әсерін тигізеді.  

Оқу  дағдыларын  қалыптастыру  үшін  ең  алдымен  мектеп  жасындағы  оқушыға  тілдің  жеке 

құрамдарын  саралап  қабылдауға  дайындықты  қалыптастыру,  тілдің  әртүрлі  құбылыстары  бойынша 

бақылау  тәжірибесін  жинақтау  (дыбыстық,  морфологиялық,  лексикалық)  қажет.  Бұл  кезеңде 

фонематикалық естуді және фонематикалық ұғымды қалыптастыру, дыбыстың анализі және синтезі, 

кӛру арқылы қабылдау туралы дағдыларды дамыту жұмыстарын жүйелі жүргізу қажет [1]. 

Балалар  оқу  барысында  олардың  сӛйлеу  тілі  байиды,  кітапқа  қызығушылығы  артады,  қоршаған 

орта  туралы  алғашқы  білімімен  ұғымдары  кеңейеді.  Оқудың  ең  басты  мақсаты  оқу  дағдыларын 

қалыптастыру болып табылады.  

Сауат  ашуға  оқыту  кезеңіндегі  түзету  жұмыстарын  жеке  және  топтық  сабақтарында  алдын  ала 

сақтандырғыш  кӛріністегі  жаттығулардын  бастау  керек.  Әліппенің  мазмұнындағы  материалдарды 

жабық  буынды  бағандар  және  дауыссыз  дыбыстардан  құралған  буындарды  қосу  арқылы  кӛбейтіп 

отыру керек. Бұдан басқа кейбір дауыссыз дыбыстарды б мен д, с мен ш, з мен с, с мен н, ажырату 

бойынша  жұмыстар,  қ,  ғ,  х  әріптеріне  мысалы  сӛздер  табу  сияқты  жаттығулар  жүргізу  қажет. 

Құрылымы  бойынша  буындарға  дыбыстық  талдау  жасату  қажет.  Қиылған  әліппемен,  Зайцева 

кубиктерімен  әріптерден буын құрастыру, әріптердің  орнын ауыстыру немесе қосу арқылы буынды 

ӛзгерту  және  сӛзді  ӛзгерту  (ат-ас;  от-ӛт;  немесе  қал-сал-бал-тал-шал  немесе  Самат-Саматқа-

Саматтан-Саматты)  сияқты  дағдыларды  қалыптастыруға  бағытталған  жаттығу  жұмыстарын  жүргізу 

керек.  Буындарды  оқу  сияқты  жаттығулар  арқылы  сӛйлем  құрастыруға  сүйемелдеуге  болады.  Бұл 

кезеңде сӛздің мағынасын түсіндіру  қажет. Буындарды оқудағы қиындықтарды дауыссыз дыбыстар 

арқылы  жоюға  болады.  Бір  буынды  үш  әріптен  тұратын  карточкаларды  пайдалануға  болады. 

(Мысалы: кеш-күш-шаш-бас). Жекелік және кӛптік мағынасындағы зат есімдер бар карточкаларды да 

пайдалану  мүмкін  (жапырақ-жапырақтар,  ойыншық-ойыншықтар).  Содан  кейін  жұптық  карточ-

каларды  яғни,  ашық  буынды  сӛзге  дауыссыз  дыбыс  қосу  арқылы  оны  жабық  буынға  айналдыра 

отырып,  оның  мағынасын  да  ӛзгертетін  сӛздерді  қолдану  мүмкін  (қала-қалта,  бала-балта,  асық-

астық). Бағандағы буындарды және сӛздерді оқудағы ең жақсы жаттығу - бұл дауыссыз дыбыс қосу 

арқылы оң жағындағы (ат-сат) немесе сол жағындағы (күре-күрек) сӛздерді ӛзгерту болып табылады. 

Басқа нұсқада да пайдалануға болады: бір буын тұрады, сол буынға әріптер қосу арқылы басқа сӛздер 

құрастыруға да болады:  

ра   


 

 

ор 



ара   

 

 



қор 

тары 


 

 

қорға 



тарақ                                  қорғаныс 

таразы  


 

 

қорғану 




Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Специальная педагогика», №4(59) 2019 г. 

13 


Кейіннен  сӛйлемдерді  екпінмен  оқудағы  жіберетін  қателіктерін,  сӛйлемнің  ортасын  аяқталған 

екпінмен оқу сияқты кемшіліктерді жою керек. Ерекше балаларда оқығанын түсіну және оны ұғыну 

ұзақ  уақытқа  кешігеді.  Бұл  үшін  оқыған  мәтіні  бойынша  талдау  жұмыстарын  жүргізу  қажет.  Егер 

бала  сабақта  және  сабақтан  тыс  уақытта  кӛп  оқыса  оларда  орнықты  дағдылар  қалыптаса  бастайды. 

Оқудың  техникасын  игеруде  артта  қалған  балалар  фронталды  жұмыстарда  шапшаңдықты  ұстай 

алмайды және жиі оқудан бас тартады. Бұндай кӛрініс  оларға кӛлемді тапсырмалар берген кезде де 

байқалады. Сондықтан  да алдын ала  материалды мӛлшерлеу,  жеңілдетілген  нұсқаларды  қарастыру, 

мәтіннен  маңызді  сӛзді  табуға,  айтуға  немесе  бӛліп  алуға  үйрету,  оқу  барысында  оларды  бақылау 

жұмыстарын жүргізу керек. Тапсырманың кӛлемі және мазмұны тек оқу сабақтарында ғана емес, үй 

тапсырмасына берілген оқуға да ерекше назар аудару қажет. Бұл санаттағы балалар жиі қатарларды 

жоғалтып  алады,  буындармен  сӛздерді  ауыстырады,  осы  жағдайларды  болдырмау  үшін  балаларға 

кӛрсеткіш  таяқшамен  (указка)  оқу  ұсынылады.  Жеке  сабақтарда  буындарды,  сӛздерді  және 

қарапайым буындық құрылымдарды оқу жеткіліксіз [2]. 

Түзету  жұмыстарындағы  маңызды  компоненттердің  бірі  сезу  тәжірибесі  негізінде  және  әртүрлі 

кӛрнекіліктер  арқылы  ұғым  қалыптастыру  болып  табылады.  Оқу  сабақтарында  бала  таңдамалы 

кӛркем  сӛздерді  араластырып  қолдану  керек.  Оқығаны  бойынша  түсінік  айтуы,  тапсырмаларды 

орындауы  тиіс.  Оқушылар  заттың  нақты  атын  және  оның  белгілерін,  іс-әрекетін  атауды  үйренуі 

керек. Тіл дамыту сабақтарында балалардың шығармашылық ойын дамытуға да назар аудару керек. 

Бұл үшін бірнеше үлгідегі тапсырмаларды қолдануға болады:  

1.  Оқыған әңгімесінің соңын ойлап табу.  

2.  Әңгіменің түсіп қалған бӛлігін толықтыру. 

3.  Әңгімеде  баяндалған  оқиғаларға  сүйене  отырып,  сондай  жағдай  ойлап  табу,  шығармашылық 

қабілетін кӛрсету.  

4.  Мәтінде жазылған жағдай бойынша ӛзі тап болған жағдайлар туралы әңгіме ойлап табу;  

Табиғат құбылыстары туралы қиял-ғажайып сюжеттер ойлап табу.  

Бастапқы  кезеңде  мұғалім  оқушыларға  ертегінің  бас  жағын  немесе  ортасына  дейін,  соңғы 

аяқтамасын  тастап айтып  беруіне  болады.  Кӛрсетілген  түзетушілік  әдістемелер  мен  тәсілдер  түзету 

сыныптарындағы  балаларды  оқытудағы  оқытушылық  және  тәрбиелік  міндеттерді  нәтижелі  шешуде 

маңызды рол атқарады.  

Түзете  оқытудың  басты  міндеті  мәтінмен  жұмыс  жасауға  арнайы  дайындық  жүргізу  болып 

табылады.Бұған біріне танымал әдістемелік тәсіл қолданылады. Мұғалім мәтінді тез қабылдауы және 

түсінуі үшін бейнелі дидактикалық кӛрнекіліктерді, диафильмдерді, грамжазуларды қолдана отырып, 

оқушыға  қысқаша  мәлімет  береді,  шағын  сұхбат  ӛткізеді.  Табиғат  туралы  мәтінді  оқудың  алдында 

табиғатқа  саяхат  жасау,  табиғат  құбылыстарына,  жануарларға  және  ӛсімдіктер  әлеміне  бақылау 

жасау  ұсынылады.  Баланы  жаңа  сӛзбен  таныстыру,  оның  мағынасын  түсіндіру  және  т.б.  жұмыстар 

баланың сӛздік қорын кеңейтеді [3]. 

Оқығаны бойынша жан-жақты терең талдау жасау түзету жұмыстарында маңызды рол атқарады. 

Бұл  мәтіндегі  оқиғалар  арасындағы  логикалық  байланыстарды  анықтауға  кӛмектеседі.  Бұл  үшін 

мәтінді оқулықтағы берілген сұрақтар бойынша талдау керек, бірақ баланың түсінігінің аздығы оның 

сұрақты түсінуіне кедергі болады. Сондықтанда баланың ӛз бетінше  сұраққа жауап бере алуы үшін 

сұрақты  толықтыру  немесе  қайта  құру  керек.  Нәтижесінде  бала  мәтінде  жазылған  заттар  мен 

құбылыстарды  жақсы  түсіне  бастайды.  Оқу  арқылы  толық  түсінуге  қол  жеткізеді.  Жаңа  мәтінмен 

жұмыс істеу барысында жаңа мәліметтерді алдын ала айқындау және жинақтау қажет. Егер бала ӛз 

бетінше кітаптан жаңа мәліметтерді анықтаса және игере бастаса, онда кітап ол үшін білім қоры бола 

бастайды. Бұл жұмыс тіл дамытуда, сӛздік қорды кеңейту және белсендендіруде басты түрткі болып 

келеді. 


 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1  Шевченко  С.Г№  Особенности  знаний  и  представлений  о  ближайшем  окружении  у  перво-

класников с задержкой психического развития // Дефектология, 1979. 

2  Тебенова Қ.С. Дамуында ауытқуы бар балалар. – 2005. 

3  Борякова Н.Ю. О некоторых особенностях построения речевых высказываний 6-летних детей 

с задержкой психического развития // Дефектология, 1983. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   110




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет