Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Специальная педагогика», №4(59) 2019 г.
63
Тәрбие жүйесіндегі тиімділік кӛрсеткіштерінің бірі- бала адамгершілігінің дамуы, оның рухани
адамгершілік дүниесінде елеулі ӛзгерістер болуы тиіс.
Арнайы мектептерде оқытылатын естімейтін және нашар еститін оқушылардың жеке басының
адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру үшін, оның дербес әрекеттері ерекше маңызды, мұндай
оқушылар тек мұғалімнің нұсқауы және олардың бақылауы мен әрекет жасаған кезде, ең алдымен тіл
алғыштыққа үйретеді.
Тәрбие процесі мінез-құлықпен қарым-қатынастың адамгершілік жағын балалардың мойындауын
қамтамасыз етуі тиіс.
Балалардың басқалармен ӛзінің қылықтарын түсіне білуі- адамгершілікпен ӛз ісіне баға беруін
қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Адамгершілік қасиеттердің жетілуі- тәрбие жүйесінің нәтижесі және тәрбие жұмысы тиімділігінің
негізгі критерийі.
Арнайы мектептерде оқытылатын естімейтін және нашар еститін оқушылардың сабақ үстінде
мұғаліммен және құрбыларымен үнемі қатынасып отыруы нәтижесінде баланың адамгершілігі
қалыптасып, ӛмір тәжірибесі баии түседі. Есту қабілеті зақымданған оқушылардың тебіреністері,
олардың қуаныштары мен реніштері, ең алдымен оқуға байланысты. Сондықтан, арнайы мектептерде
ӛтетін сабақта тәрбие процесінің барлық негізгі элементтері, мақсаты, мазмұны, құралдары, әдістері,
ұйымдастырылуы ӛзара әсер етеді. Сабақта мұндай оқушыларды тәрбие беру сәттері ғана емес, бүкіл
оқыту процесі тәрбиелейді. Сабақта адамгершілікке тәрбиелеу тиімділігі сабақ мазмұны, оның
ғылымилығы, идеялылығы, мұғалімнің жұмыс әдістері мен тәсілдерінің адамгершілік-экономикалық
қуаты, сабақта мұғаліммен оқушылардың арасында қалыптасатын ӛзара қарым-қатынас стилі,
мұғалімнің жеке басының адамгершілік қасиеттерінің бағыттылығы, оның оқытатын материалдарға
қатынастарын қамтамасыз етеді.
Сабақ үстінде оқушылар арасында белгілі бір іскерлік және адамгершілік қатынастар үнемі туып,
пайда болып отырады.
Арнайы мектептің сабақтарында жүргізілетін дидактикалық ойындардың да тәрбиелік мәні ӛте
зор. Бұл жағдайда, кемістігі бар балалардың ұжымдық жұмысын ұйымдастыру формасы тәрбиелеуші
фактор болып табылады, мұнда оқушылар бір-бірімен араласып,ортақ жауапкершілікті кӛтеріп, бір-
біріне кӛмектеседі, тапсырмаларды шеше алмай жатқанда бір-біріне жандары ашиды. Міне, осы
жағдайды арнайы мектептегі педагог, балалар арасындағы жолдастық, ізгі ниеттік қатынастарды
қалыптастыруға, әдептілік және жолдастық сезімді тәрбиелеуге пайдаланады.
В) Еңбек сабақтарында дамуында кемістігі бар балаларды еңбекке тәрбиелеудің маңызы ӛте зор.
Онда мұғалімнің міндеті- оқушыларды еңбекке қарым-қатынасын, еңбекке мәдениеттің, еңбекке
дұрыс қатынасын және еңбек үшін жауапкершілік, бірлесе жұмыс істеуге үйрету, шығармашылық
қатынас жасауға тәрбиелеу.
Сабақта ӛздері жасайтын бұйымдар балаларға ӛте кӛп тәрбиелік ықпал жасайды. Бұл
бұйымдардың әдетте, белгілі бір тәжірибелік құндылығы болуы тиіс, оқушыларға немесе басқа
адамдарға пайда келтіруі тиіс.
С) Сонымен қатар, эстетикалық, алғырлық, ӛмірден әсемдікті түсіну және бағалай білу қабілеті де
қалыптаса бастайды.
Әсемдікті қабылдай білу баланың ӛмірін байытады, қоғамдық құбылыстардың кез-келген
кӛріністеріне ынталарын арттыра түседі және әсемдікті бағалап, қорғау қабілеті арқылы оның әрекеті
мен қылықтарын бағыттайды. Бейнелеу әрекетінің дамуында кемістігі бар балалардың рухани
ӛміріне, адамгершілік саласына әсер ету олардың сезімдерді ӛзгерту және байыту жолымен ӛтеді.
Бейнелеу сабағында табиғат әлемін оқушыларға эстетикалық тұрғыдан ұғынуды үйретеді.
Баланы тәрбиелеу үшін, бейнелеу ӛнерінің алуан түрі қажет. Заттың түп нұсқасынан сурет салу,
декаративтік тапсырмалар, сурдопедагогтардың шығармалары туралы әңгімелер- осының бәрі
дамуында ауытқуы бар балаларды жан-жақты дамытады.
Балалар суретінің мазмұны- бұл баланың бақылаулары, әсерлері мен тілектері.
Эстетикалық, тәрбиенің негізі- оқушылардың қабылдауын, сезуін, кӛптеген нәрселердің жақсы
жақтарын ӛнерде, табиғатта, еңбекте, қоғамдық қарым-қатынаста, адамның іс-әрекеттерінде
қалыптастыру.
Эстетикалық, тәрбие- саяси-идеялық адамгершілік, еңбек және дене тәрбиесін кешенді түрде іске
асырады.
Арнайы мектептерден эстетикалық тәрбиенің негізгі міндеттері:
|