228
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ –ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҰЛТТЫҢ
САНАНЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ
Касымбекова Разия Абдикеримовна
МКҚК №46 балабақшасы меңгерушісі
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
мақаласында ұлттың рухани дамуының жаңа бір бағыт-бағдарын айқындап
беріп, Қазақ елінің алдында тағы бір үлкен жауапты міндет тұрғандығын атап
өтті. Осыған орай ұлттық сананы айшықтайтын, жаңа рухани қоғам
қалыптастыратын, рухы биік, санасы жаңашыл, ұлттық рухта тәрбиеленген,
ұлтжанды, отан сүйгіш өскелең ұрпақ қажет екендігі айдан анық. Сондықтан
«Ел боламын десең бесігіңді түзе» деген ұлы жазушы М.Әуезов айтқан
ғибратты еске ала отырып, рухани жаңғырған жаңашыл ұрпақ қана еліміздің
ертеңі, ұлтымыздың болашағы болатындығын ескергеніміз жөн. Қандай да
саяси, мәдени, тұрмыстық оқиға болса да да, соның ішінде жүретін, белсене
араласатын, халықаралық және ел ішіндегі мәртебелі жиындарда көтерілетін
бастамалардың қай қайсысын да жүзеге асыратын адамдар, яғни, сіз бен біз.
Елбасы Жолдауынан мен де, басшы, ұстаз ретінде өз үлесімді қосу
мақсатында білім жолындағы тың идеяларды іздеймін. Біздің ең биік
мақсатымыз келешегі кемел білімді ұрпақ тәрбиелеу. Бала бойына сапалы
білім мен үлгілі тәрбиені сіңіру – мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың
алдына қойған басты мақсаты деп білемін. Әр үйдің үміті болған кішкентай
тәрбиеленушілерді Отансүйгіштікке, ұлттық салт - дәстүрімізді құрметтеуге,
өлкеміздің табиғатын қорғауға қалыптастыру балабақша табалдырығынан
бастау алуы қажет.
Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында
қазіргі кезеңдегі әлемдік жаһандану жағдайында заман ағымына икемделуді,
жаңа дәуірдің озық үлгілерін бойымызға сіңіруді, ұлттық кодымызды
сақтауды міндеттеді. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев: «Жаңа тұрпатты
жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. …Жаңғыру
атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден
қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді
табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер
жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға
бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін
қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдыретімен маңызды. …Мен
халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген
ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір
қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын», – деп
жазды. Иә, ақиқатында этносты (халықты) анықтаушы бір белгі, ол –
этникалық мәдениет. Сол мәдениетке халықтың тілі, ділі, діні, салт-дәстүрі,
әдет ғұрпы, музыкасы, өнері, т.б. кіреді. Бұлар ұлттық кодтың элементтері.
Олай болса, ұлттық түп-тамырымызды, ұлттық құндылықтарымыздың бірі –
229
ата-бабамыздан келе жатқан дәстүріміздің озық үлгілерін атадан балаға
мирас етіп жеткізу керек. Бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыздың
оянуы,кемелденуі бабалардан мирас болып қалған мұраларды қайта түлете
білуімізбен де тығыз байланыста болмақ. Салт-дәстүрлерді сақтау, тілді
құрметтеу, қадірлеу ұлттық сананың кемелденгенін білдірсе керек.
Қазіргі қоғам көзқарасы қалыптасқан зерделі, зерек, білімді тұлға
тәрбиелеуі тиіс. Бәсекелестік қабілетке ие болған тұлға, яғни компьютерлік
сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдениетті, жастайынан дін мен дәстүрімізді,
тағылымды тарихымызды оқып, сусындап өскен ұрпақ теріс ағымдардың,
өзге мәдениеттің жетегінде кетпейді.
Бала кішкентай кезінен бастап, өзге тілдерді үйрене беруі керек. Ең
бастысы, сенің «Айналайын, құлыншағым, қошақаным» деген сөздерің өз
тіліңде болсын. Үйдегі тұрмыс-тіршілігің қазақ тілінде болса, ол бала өз тілін
ұмытпайды. Баланың көп тіл білуінен ата-ана қорықпауы керек. Үштілді
білім бүгінгі ұрпақ үшін қажет. Елбасымыз бізге әлемнің дамыған елдерінің
қатарында болуды меңзеп отыр. Бұл жолда бізге тек өз тілімізді біліп, өз
тереземізден қарап отыруға болмайды. Өйткені қазір әлем жаңғырып кетті,
ғасыр жаңғырып кетті. Оны ешкім тежей алмайды. Себебі, бұл - адамзат
дамуы, ғасыр дамуы. Рухани жаңғыруда айтылған ұлттық код дегеніміз -
Абайдың даналығы, Махамбеттің ерлігі, Құрманғазы мен Тәттімбеттің
ұлттың жанын тебіренетін мәңгі күйлері. Ұлттық құндылықтарды негізге ала
отырып, бала бойына қазіргі заман талабы өркениетті, озық технологиялы,
жаһандық дамудағы құрылғы, құрылымдарынан хабардар ете алатын тәрбие
мен білім беруіміз қажет. Өткеннің тәлімді тәжірибесін алмай, алға қадам
басау мүмкін емес. Төл тарихымызға,бабаларымыздың өмір салтына бір сәт
үңіліп өткен тарихымыздағы салт-дәстүр, жер және ел байлығын сақтау,
қорғау, экологиялық тәрбие беру ұлағатты ұстаздарға жүктелген міндет.
Қазақ халқында айтылған құнды нақыл сөз бар: «Дәстүрдің озығы бар,
тозығы бар». Ата-баба дәстүрін, ұлтымыздың мәдениетін сақтай отырып,
сақтап қана қоймай, «ескісі мен тозығын» жаңартып, жаңғыртып, болашақ
ұрпаққа, қазіргі жас жеткіншекке жеткізуіміз керек.
Тәуелсіздік жылдарындағы жасалынған қыруар жұмыстар, еліміздің
баянды тәуелсіздігінің жемісі. Осы тұғырлы тәуелсіздігімізді биік, еліміздің
іргесін берік ұстау үшін жеткіншек-ұрпақтарымызға жоғары деңгейдегі
университеттер, зияткерлік мектептер ашылды. Саналы тұлға жаңа
технологиялық және рухани өзгерістерге дайын болады және саналы
білімділігінің арқасында өз еліне, жеріне адамзат болашағына қызмет етеді.
Сан ғасырлық тарихи тамырымыз, мирас болып келе жатқан атамұра
өнеріміз, өзге елден ерекшеленіп тұратын салт-дәстүріміз, әдет-ғұрпымыз,
ұлттық ұстанымымыз, арысы ошағымыз, отымыздың басы ата-бабамыздан
қалған аманат, яғни ұлттық кодымыз. Осы аманатты келер ұрпаққа жеткізу
бізге ұстаздарға парыз, жүктелген міндет. Білімді мыңды жығады, білекті
бірді жығады дейді халқымызда. Білім әлемдік,тәрбие ұлттың болуы қажет.
Оған білім, ғылым арқылы ғана қол жеткізе аламыз. Ал,білімді, саналы,
230
тәрбиелі ұрпақты тәрбиелеу, оқыту - қазіргі атқарылатын, жүзеге асыралатын
кезек күтпес жұмыстар.
Қазіргі уақытта жыл сайын емес, ай сайын, күн сайын өзгеріске
ұшырап жатқан өркениетті дәуірде өмір сүріп жатқанымыз белгілі. Сол
себепті, заман талабына сай болу үшін, заман ағымынан қалмау үшін білім
қашанда бірінші орында тұруы шарт. Білімді көзі ашық, санасы ояу азамат
қана өз тілін, мәдениетін, отанын сүйеді, құрметтейді. Азаматтық көзқарасы
бар, санасы толыққанды қалыптасқан тұлға ғана өткен тарихи оқиғалардан,
яғни ревалюциялық толқулардан айқын түсінік және сабақ алады.
эволюциялық даму ғана ұлтымыздың өсуіне, өркендеуіне, әсер ететін ұлттық
дамудың бағдар жолы екені анық. Өркениетті елдің іргесін бекітетін,
тұғырлы елді қорғайтын ұрпақтың санасы ашық, түйсігі терең, білімі жоғары
болуы міндетті. Сананың ашықтығы немесе ұрпағымыздың саналы болуы -
әлемдік деңгейден қалыс қалмау, жаһандық әлемге еркін кірісуі, заманауи
бағытта жұмыс істей алуы. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани
жаңғыру» мақаласында, өзім ұстаз-тәлімгер болғандықтан, маған ерекше
ұнағаны, сананы мағынасыз, мақсатсыз жаңғырту турасында емес, ұлттық
болмыстан, ұлттық қабілет-қарымнан айырылып қалмай, осыны әлемдік
байлықпен үйлестіріп,еліміздің игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер
анық көрсетіліп тұр. Мақалада тарихи ғылым-білімнің, тарихи сана мен
білімнің алар орны өте жоғары бағаланған және ендігі жерде біздің
дамуымыздың негізгі бағыттарын іске асыру үшін басты міндеттер нақтылы
түрде көрсетілген. Президентіміздің тарихты ұлықтағанына төл тарихымыз
бен ғылым білімді,ұлттық білімге байланысты жаңа міндеттерді ашқаны
ұстаздарға жаңа міндеттер жүктейді. Ұрпақ үшін, еліміз үшін осы
міндеттерді атқару, іске асыру сіз бен бізге жүктелген міндет ең бастысы
өзімнің азаматтық парызым деп санаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |