Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б


МҰҒАЛІМ МӘРТЕБЕСІ – РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ



Pdf көрінісі
бет101/164
Дата18.02.2022
өлшемі3.87 Mb.
#455492
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   164
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру

МҰҒАЛІМ МӘРТЕБЕСІ – РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ 
 
Исаханова Акмарал  Аманхановна 
№127 мектеп директорының тәрбие жұмысы 
жөніндегі орынбасары 
 Астана қаласы 
 
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани 
жаңғыру»  бағдарламалық  мақаласы  ел  дамуының  жарқын  үлгісі  мен  нақты 
қадамдарын  көрсететін  келелі  ой,  салиқалы  пікір,  батыл  шешімдерге 
құрылған  маңызды  құжат.  Бұл  мақалада  сананы  жаңғырту,  ұлттық 
болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен 
үйлестіріп,  Қазақстанның  игілігіне  жарату  жолындағы  мақсат-мүдделер 
туралы  өзекті  мәселе  көтеріліп  отыр.  Онда  ел  Президенті  Қазақстан  үшін 
қайта  түлеудің  айырықша  маңызды  екі  үдерісі  –  саяси  реформа  мен 
экономикалық  жаңғыруды  қолға  ала  отырып,  Біртұтас  Ұлт  болу  үшін 
болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні 
жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі. [3] 
 «Егеменді  еліміздің  ертеңі  бүгінгі  жас  ұрпақтың  қолында,  ал  жас 
ұрпақтың  тағдыры  ұстаздардың  қолында»,  –  деп  елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев 
айтқандай,  Тәуелсіз  ел  тірегі  –  білімді  ұрпақ  десек,  жаңа  дәуірдің  күн 


222 
 
тәртібінде  тұрған  келелі  мәселе  –  білім  беру,  ғылымды  дамыту,  өркениет 
біткеннің өзегі, білім, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. [1] 
Қазіргі  қоғамдағы  ұстаздар  мәртебесі  туралы  сөз  қозғар  алдында, 
қазақтың  хас  батыры  Бауыржан  Момышұлының:  «Ұстаздық  –  ұлы  құрмет. 
Себебі,  ұрпақтарды  ұстаз  тәрбиелейді.  Болашақтың  басшысын  да,  данасын 
да,  ғалымын  да,  еңбекқор  егіншісін  де,  кеншісін  де  ұстаз  өсіреді.  Өмірге 
ұрпақ  берген  аналарды  қандай  ардақтасақ,  сол  ұрпақты  тәрбиелейтін 
ұстаздарды  да  сондай  ардақтауға  міндеттіміз»,  –  деген  сөзі  еске  түседі. 
Ұстаздың қадірі, мұғалімнің мәртебесі туралы Мағжан Жұмабаевтың: «Алты 
алаштың басы қосылса төрдегі орын мұғалімдікі» – деуі тегін болмаса керек. 
Мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан  Назарбаев  «100  нақты  қадам»  Ұлт 
Жоспарында  ұлттық  білімнің  сапасын  арттыруда,  орта  білім  беру  саласына 
жаңа стандарттар енгізу бойынша нақты тапсырмаларды белгілеп берді. Осы 
орайда  білім  ордасы  мектеп,  ал  мектептің  жаны  –  мұғалім  екендігі 
баршаңызға  мәлім.  Ұстаз  қолында  адам  тағдыры,  болашақ  ел  тағдыры. 
Мұғалім  –  қоғам  айнасы,  оқытушы,  мұғалім  –  ұстаз,  оқулық  авторы, 
технолог,  жаңалықты  дәріптеуші,  таратушы.  Ұстаз  –  деген    құрметті  атаққа 
ие болудың өзі бір бақыт.  
Ұстаз  –  өмірлік  тәжірбиесі  мол,  нағыз  еңбекқор,  ізденімпаз,  ұшқыр 
ойлы  жан.  Жақсы  ұстаз  шәкіртінің  мәңгілік  мақтанышына  айнала  алады. 
«Ұстазы  жақсының  –  ұстамы  жақсы»  демекші,  шәкірт  бойындағы 
ұстамдылық пен тәрбиелілік көбіне ұстазға байланысты. Нағыз мықты ұстаз 
ғана,  салауатты  да  саналы,  рухани  бай,  жан-жақты  дамыған  жеке  тұлға 
қалыптастыра алады.  
Бүгінгі  жаңа  ғасырдың  жаңашыл  шәкірттерін  тәрбиелеуші  мұғалімдер 
– ұлы ұстаздардың еңбегімен сусындаған жандар. Мектеп өмірінде мұғалім – 
басты  тұлға.  Мектеп  мұғалімі  балаларды  оқытып  қана  қоймайды,  сонымен 
бірге оларды тәрбиелейді. 
Кез  келген  маман  иесінің  құзырлығына  баға  берерде  «Мұғалім  кім 
болған екен» деп жатамыз. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген халық 
даналығында да осы бір қасиетті мамандық иесінің ұрпақ тәрбиесіндегі алар 
ерекше орнын аңғару қиын емес. 
Кешегі болған бөбектен Адам деген жаратылысты тәрбиелеп шығудан 
абыройлы іс жоқ шығар. Бұл ойымызға ұлы жазушы С.Мұқановтың: 
Мұғалім! Бұл адамның ардақты аты 
Білімділік бір биікке шығар саты. 
Ең алғаш басталады сол адамнан 
Сүйеді сондықтан да жақын, жаты [4] - деген өлең жолдары дәлел бола 
алады. 
Тәуелсіз еліміздің мемлекеттігін нығайту өлшеусіз үлес қосып жүрген, 
республикамыздың  білім  беру  жүйесінде  жүргізіліп  жатқан  реформалардың 
табыстары  мен  жетістіктері  үшін  өздерінің  кәсіби  шеберлігін,  патриоттық 
пен  имандылығын  арнаған  мұғалімдер  қауымының  бүгінгі  педагогикалық 
оқулары тарландарды танытатын, болашаққа бағдар беретін игілікті іс-шара. 


223 
 
Білім  қызметкерлерінің  I-құрылтайында  Елбасымыз  Н.Назарбаев 
«Болашақта  еңбек  етіп,  өмір  сүретіндер  –бүгінгі  мектеп  оқушыларын 
мұғалімдер  қалай  тәрбиелесе,  Қазақастан  сол  деңгейде  болады»  [3]  -деген 
еді.  Ия,  бұл  сөздерде  қарапайым  мектеп  мұғалімдеріне  бүтін  бір  елдің 
болашағына  жол  салар,  жас  ұрпағын  нұрлы  аспанға  көз  тіктіріп,  ұлы 
армандарға  қанаттандырар құдірет иесіне  деген үлкен  сенім,  жауапкершілік 
жатыр. 
«Терең  білім  –  тәуелсіздігіміздің  тірегі»,  –  деген  Н.Ә.Назарбаев 
«Мәңгілік ел» болуға қадам басқан тәуелсіз Қазақстанның ендігі жаһандану 
алдында  ұлт  ретінде  жойылып  кетпеуі  үшін  ұлттық  кодын  сақтаған,  терең 
білімді, бәсекеге қабілетті, ұлттық құндылықтарын бойына сіңірген ақыл-ойы 
кемел  тұлға  болуына  маңыз  береді.  Осы  бағдарда  ол  бабалар  ұлағатымен 
астасып жатқан зерделі ойы мен парасатты пайымын білдіреді: «Білімді, көзі 
ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет.  
Қазақстан  Республикасының  білім  беруді  дамытудың  2016-2019 
жылдарға  арналған  бағдарламасында  білім  беру  саласына  «Экономиканың 
орнықты дамуы үшін білім берудің және ғылымның бәсекеге қабілеттілігін 
арттыру,  адами  капиталды  дамыту»  деп  атап  көрсетілген.  Еліміздің 
халықаралық  экономикалық  қауымдастыққа  енуі  білім  беру  саласындағы 
өзгерістерге байланысты жаңа жағдайда жұмыс істеуге қабілетті педагог 
қызметкерлердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған. [2] 
Қазіргі  уақытта  қоғамның  дамуына  байланысты  оқушыларға  білім 
беру,  оларды  тәрбиелеу  және  дамыту  міндеттері  барған  сайын  күрделеніп 
бара  жатыр.  Басты  міндеттің  бірі:  орта  мектепті  бітірген  оқушы  өмірге 
белсене  араласып,  ғылымның  шапшаң  дамуына  ілесуі  қажет.  Ашылған 
жаңалықтарды  өз  бетінше  оқып  үйреніп,  оларды  өз  ісіне  жаратуы  керек. 
Жеке  тұлғаның  дамуының,  мәдениетаралық  алмасулар,  әр  оқушы  пікірін 
еркін  айта  алуы,  жаңашыл  жобаларды,  шығармашылық  ойларды  іс  жүзінде 
қолдана  білу  керек.  Барлық  пәндер  бойынша  оқытудың  басты  мақсаты 
оқушыға  белгілі  бір  білім  туралы  түсінік  беру  ғана  емес,  оны  бақылауға, 
ойлауға  үйрету  маңызды.  Білімді  терең  де  жүйелі  меңгертуге  септігін 
тигізетін  оқуға  ынталылық,  пәнге  деген  қызығушылық,  ата-анасы  алдында, 
достарының  алдында  жауапкершілікті  сезіну,  қажеттілікті  ұғыну,  білімнің 
мәнін,  қажеттілігін  түсіну.  Алған  білімдерін  тиісті  жағдайда  қолдана  білу, 
талапты  оқушылардың  дамуына  ықпал  етеді.  Сабақтың  негізгі  мақсаты 
мәтінмен  жұмыс  жасай  білу  болса,  оның  ерекшеліктері  мұғалімнің  басты 
қаруы  –  сөз  арқылы  оқушы  жүрегіне  ықпал  ету,  әсерлендіру,  пәнге 
қызықтыру, логиқалық ойлау қабілеттерін дамыту. Сонымен қатар оқушылар 
мектеп  қабырғасында  жүріп-  ақ  әлемдік  құрылым  қалыптасуының  негізгі 
ғылыми ұстанымдарын, ойлаудың әдіс- тәсілдерін меңгеруі қажет. 
Білім сапасы - мұғалімдер қызметінің сапасы. Оқушыларға нені үйрету 
керек екенін мемлекеттік стандарттар, бағдарламалар белгілейді. Ал, «қалай 
оқыту керек?» деген сауалға жауапты тек мұғалімнің кәсіби даярлығынан, өз 


224 
 
ісін  жоспарлай,  өзінің  нақты  мақсаттарын  болжап,  көре  алуын,  баланың 
әрекетін ұйымдастыра білетін шеберлігінен іздеу керек. 
Заман талабына сай оқыту мен тәрбиенің соңғы түрлерін жедел игеріп, 
кәсіби шеберлікті ұштап отыру- ұстаздың басты парызы 
Қай  ұстаз  болсын  қазіргі  күн  талабына  сай  оқыту  мен  тәрбиенің  ең 
тиімді  жаңа  әдіс-тәсілдерін  қолдану  арқылы  оқушылардың  білімін 
тереңдетіп, оны практикада қолдана білуге, таным белсенділігін арттыруға 
қажет.  
Әрине  ол  мұғалімнің  үнемі  ізденуіне,  ұтымды  әдіс-тәсілдерді 
қолдануына, әдістемесін жаңартып отыруына байланысты. 
Ұлы ғалым Сократ былай дейді: «Білмеген масқара емес, білгісі келмеу 
ұяттырақ».  Қорыта  келе,  жаңа  білім  парадигмасы  бірінші  орынға  баланың 
білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын білім алу арқылы  дамуын 
қойып  отыр.  Тәуелсіз  елді  өркениетті  әлемге  танытатын  дамыған  елдер 
қатарында  терезесін  тең  ететін  күш  –  білім  және  білімді  ұрпақ  болмақ. 
Сондықтан  білімді  ұрпақты  тәрбиелеу  —  біздің  қасиетті  ұстаздық 
борышымыз деп білемін. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет