Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет103/164
Дата18.02.2022
өлшемі3.87 Mb.
#455492
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   164
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру

 
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ 
 
Камел  Нурсулу Жаксыбаевна 
Ақмола облысы Біржан сал ауданы 
Еңбекшілдер орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі 
 
Елбасымыздың  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  атты  мақаласы 
халықтан  қызу  қолдау  тапқан  кешегі  тұғырнамасын  ширек  ғасырды  артқа 
тастаған Тәуелсіз Қазақстанның жаһандану дәуіріндегі рухани кеңістігіміздің 
жаңа  бастауы  деп  бағалауымыз  керек.  Елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлы 
Назарбаевтың  бұл  мақаласы  ел  дамуының  жарқын  үлгісі  мен  нақты 
қадамдарын  көрсететін  салиқалы  пікір,  батыл  шешімдерге  құрылған 
маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық 
кодтан  айырылып  қалмай,  оны  әлемдік  құндылықтармен  үйлестіріп, 


225 
 
Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат – мүдделер туралы өзекті 
мәселе  көтеріліп  отыр.  Адами  құндылықтар,  рухани  қазына,  жастарды 
тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу жұмысында рухани 
салаға  басымдық  берудің  қажеттілігін  алға  қойып  отыр.  Бұл  дегеніміз  – 
ұлтымыздың  барлық  ұлттық  салт  –  дәстүрлерін,  мемлекеттік  тіліміз  бен 
әдебиетімізді,  мәдениетімізді,  ұлттық  рухымызды  жаңғырту  деген  ұғымға 
келіп  саяды.  Елбасымыздың  рухани  жаңғыруға,  руханиятқа,  білім,  ғылымға 
маңыз  беруі  –  үлкен  көрегендік  пен  ұлттың  алға  ілгерлеуін  жылдам 
қарқынмен  жылжытатын  қозғаушы  күш.  Бұл  –  тәуелсіз  еліміздің  бақытты 
болашағы  мен  алаңсыз  келешегі  үшін  жасалып  жатқан  жұмыс.  Өйткені, 
рухани  байлықтың  кемел  болғаны  бұл  жеке  азаматтарымыз  үшін  де,  әрбір 
жеке тұлғадан құралған қоғам, туған еліміз үшін де өте маңызды.  
Елбасының  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  мақаласында 
қозғалған  бағыттарды  кеңінен  тарқатып,  мемлекеттік  идеологияны 
анықтайтын,  көпке  түсінікті,  рухани  жаңғыртуға  бағытталған  құжат  екені 
белгілі.  Мақаланы  оқи  отырып,  оның  әрбір  сөйлемінде  бүгініміз  бен 
болашағы  жарқын  Қазақстанға  апаратын  нақты  жоспар,  мақсат 
көрсетілгендігін  түсіндім.  Осылайша  мақалада  айтылған  әрбір  ойдың 
астарында  терең  мазмұн  мен  зерделі  пікір  жатыр.  Елімізде  әлеуметтік  – 
экономикалық,  саяси  реформалар  жақсы  жүзеге  асуда.  Ал  бұл  мақаладағы 
рухани  өрлеу,  рухани  жаңғыруды  біздің  дамуымыздың  ең  басты 
тұғырларының  бірі  деп  есептеймін.  Әр  халық,  әр  мемлекет  ғасырлар 
бедерінде  рухани  жаңғырып,  жаңарып  отырады.  Ал  рухани  жаңғыру  мен 
жаңаруда  білім  берудің  рөлі  зор.  Біз  өзіміздің  ұлттық  ерекшеліктерімізді 
сақтай,  ескере  отырып,  әлемде  болып  жатқан  жаңалықтарды  қабылдай 
білуіміз  керек. 
Тәуелсіз 
еліміздің 
болашағы 
– 
жастарымыздың 
интеллектуалды  көрсеткіштері  олардың  тек  білім  деңгейімен  ғана  емес, 
сонымен бірге олардың ұлттық тәрбиесімен, рухани жаңғыруымен де тікелей 
байланысты.  Ұлттық  кодтың  өзегін  сақтай  отырып,  болашаққа  қадам 
басуымыз қажет. Білім – рухани жаңғырудың басты алғышарты. Өйткені, ой 
жүйесі  терең,  алыстан  пайымдап,  тереңнен  тамырланған  дүниетанымы  кең 
адам ғана бәсекеге төтеп береді деген ауқымды ұғымды білдіреді.  
Бірнеше 
тілді 
білген 
адам 
ештеңеден 
ұтылмайды. 
«Білeкке  сенген заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенген заманда қапы 
қалып жүрмелік»  - деп Абылай хан айтқандай, Елбасымыздың  «Болашаққа 
бағдар:  рухани  жаңғыру»  атты  мақаласында  ісімізден  санамыз  озып  жүру 
керектігі  тайға  таңба  басқандай  анық  айтылған.  Біздің  eндігі  мақсатымыз 
тарихи  ұлттық  құндылықтарды  сақтай  отырып,  жаңарып  жатқан  жаңа 
дүниенің жағымды жақтарын бойымызға сіңіріп, дамыған 30 елдің қатарына 
ену.  Eлбасымыз  бұл  тұрғыда  болашаққа  қадам  басатынымызды  және 
бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы рухани жаңғыру мақаласында 
өз  қөзқарасымен,  алға  қойылатын  мақсатты  айқындады.  Ал  осы  айқын 
мақсаттардың  орындалуы  үшін  жасалатын  қадамдар  асқан  көрeгенділікпен 
жасалуы тиіс. Елбасымыз айтқандай «Жаңа тұрпатты жаңғырудың eң басты 


226 
 
шарты  ұлттық  кодты  сақтай  білу».  Себебі  өткеніңді  білмей  болашақты 
болжау  мүмкін  емес.  Ендeше  болашаққа  бұлыңғырсыз  аяқ  басу  үшін 
тарихымызды  жаңаша  жандардыруымыз  қажет.  Елбасымыз  бәсeкелeстіктің 
рухани  жаңғыру  үшін  маңызы  зор  екенін  атап  өтті.  Шынымен  де 
бәсекелестіксіз eшнәрсе болуы мүмкін емес. Елбасымыз айтқан тұжырымды 
ойлар  ешқандай  дәлелдеуді  қажет  етпейтін  тәжірбиеден  өткен  қатаң 
қағидалар. Тәртіпке бағынған құл болмас дегeндей біз Елбасымыздың қадап 
айтқан  қатаң  қағидаларын  қолдана  отырып,  дамыған  елдердің  көшін 
бастауымыз кeрeк.  
Рухани жаңғырудың маңызы қандай? 
Рухани жаңғырудың маңызы мен мақсаты санасы сау, тарихын танитын, 
революциялық  емес  эволюциялық  дамуды  қолдайтын,  прагматизмді 
сақтайтын  заманауи  талаптарды  жатсынбайтын,  әмбебап  бола  алатын 
жаңалыққа  құштар,  білімдар  қоғам  қалыптастыру.  «Рухани  жаңғыруымыз 
жаңғырық  болып  қалмас  үшін»  тұжырымды  ойлардан,  тағылымды  тәрбие 
алып,  ісімізден  нәтиже  шығаруымыз  керек.  Ұлттық  жаңғыру  дегеніміз  – 
ұлттық  санамен  тығыз  байланысты.  Оның  түпкі  мақсаты  –  ұлттық 
бірегейлікті сақтап, ел ішінде бейбітшілік пен келісім үйлесе отырып, ұлттық 
береке,  бірлік  салтанат  құрған  бәсекеге  қабілетті,  табысты  ел  болу. 
«Сонымен  бірге,  жаңғыру  ұғымының  өзі  мейлінше  көнерген,  жаһандық 
әлеммен  қабыспайтын  кейбір  дағдылар  мен  әдеттерден  арылу  дегенді 
білдіреді»,  -дейді  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев.  Сондықтан  рухани 
жаңғыру  үдерісін  дер  кезінде  қабылданған  оң  шешім  деп  танимын.  Осы 
рухани жаңғырудың жүзеге асырылуын біз және сіз болып, «Бір жағадан бас, 
бір  жеңнен  қол  шығарып»  бірлікте  орындауымыз  аса  қажет.  Бәсекеге 
қабілетті,  әлемдік  деңгейде  танылған  әрі  дамыған  рухани  кемел  ел  болу  – 
Елбасының  асыл  арманы.  Ендеше,  мемлекет  басшысының  жастарға  соны 
серпін, тың бастама ұсынуы келешекке қамданудың әрекеті деп түсінемін. 
Сол  себепті  «Рухани  жаңғыру»  аясында  біздің  Ақмола  облысы  Біржан 
сал  ауданы  Еңбекшілдер  орта  мектебі  Көкшетау  қаласындағы  Мәлік 
Ғабдуллин  атындағы  мұражайға  «Туған  елім  тұғырым»  атты  тақырыпта 
көрме  ұйымдастырды.  Бұл  көрмеге  Еңбекшілдер  ауылының  ашылу 
тарихынан бастап, осы күнге дейінгі уақытта қандай тұлғалар өмір сүргенін 
анықтап,  мектептің  түлектері,  тарихы,  еңбек  ардагерлерінің  өмірбаяны 
қозғалып,  барлық  жиналған  мәлімет  осы  көрмеге  ұсынылды.  Көрмеге 
қатысты  мәліметтерді  жинақтауға  менің  шәкірттерім  4  «А»  сыныбының  екі 
оқушысы    Даулетбай  Толғанай  және  Әлім  Ділнәз  ат  салысты.  Көрмеге 
көптеген  көне  экспонаттар  қойылды,  сол  экспонаттардың  шығу  тарихы 
туралы мұражайға келген қонақтарға таныстырып, әңгімеледі. 


227 
 
  
  
        
 
«Рухани  жаңғырудың»  мән-маңызы  да  нақ  осында.  Өзінің  тарихын, 
тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, 
озық  әрі  жаһандық  көзқарасы  бар  қазақстандық  біздің  қоғамымыздың 
идеалына айналуға тиіс.   
Рухани  жаңғыру  өте  қажетті,  пайдалы  деп  ойлаймын,  өйткені  биылғы 
жылы  оқушыларыммен  көп  ізденіп,  көп  өз  еліміз  туралы  мәліметтер 
жинақтап  шынымен  рухани  байыдық  десем  артық  болмас.  Рухани  жаңғыру 
аясында  Біржан  сал  ауданы  бойынша  ұйымдастырылған  көптеген  іс  – 
шараларға оқушыларым белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болды.   
  
  
     
 
Елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  «Болашаққа  бағдар:  рухани 
жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында тарихтың өткеніне көз жүгіртіп, 
жаңа  тарихи  кезеңдерге  жан-жақты  баға  бере  отырып,  рухани  жаңғыру 
арқылы болашаққа деген өзінің парасатты пікірлері мен көзқарасын білдірді. 
«Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа 
идеялар  арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі 
беріліп  отыр.  Мен  барша  қазақстандықтар,  әсіресе,  жас  ұрпақ  жаңғыру 
жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін. Жаңа 
жағдайда  жаңғыруға  деген  ішкі  ұмтылыс  –  біздің  дамуымыздың  ең  басты 
қағидасы», - деп Елбасымыз ел келешегіне үміт артады. 
Ендеше,  рухани  жаңару  арқылы  әлем  мойындар  табысты  ел  болып, 
жарқын  болашаққа  деген  сенім  мен  үмітті  үндестіре  отырып,  баршамыз 
бірлік туы астында бақытқа бірге жетейік! 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет