276
жазылуына көз үйренуде. Теледидардағы жүгіртпе жолдар мен көше
атауларын да латын әліпбиіне көшірілуде. Латын әліпбиіне өтуіміз еліміздің
бай мәдениеті мен мұрасымен көптеген шетелдік оқырмандардың терең
танысуына да жол ашады. Ал, жастар үшін әлем кеңістігі, дамыған елдердің
мол жинақталған техникалық, әдеби тағы басқа туындыларын түп нұсқада
оқуға зор мүмкіндік туады. Реформаның маңыздылығын тілдің
функционалдылығын арттыру тұрғысынан бағалауда белгілі ғалым
Шәкір Ыбыраев әліпбиді латынмен ауыстырғанда ұтатын жақтарымызды
былай таратады:
Біріншіден, тіл тазалығы мәселесі. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды
таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза
қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Қазақ тілі грамматикасына мүлдем жат
баса артық әріптердің (ь, ъ, ч,щ), екі тілдің қосарлануы қазақ тіліндегі төл
сөздер, екі түпнұсқадан ауытқымай жазуға арналған әріптер жүйесі, кірме
сөздердің енуі қиындық тудыруы.
Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты
емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу
орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді.
Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық
дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа
технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді
жолдар ашылады.
Төртіншіден, түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады.
Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты,
тығыз байланысты күшейтуіміз керек
Қорыта келе, қазіргі әліпби реформасының тарихи алғышарттарының
болуы да, оның заман талабы екені де дәлелдеуді қажет етпейді. Бұл қадам
Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін артуына, әлемдік ғылыми
кеңістікке енуіне, озық технологияларды меңгеруіне, халықаралық
ақпараттық кеңістікке кіруіне, соңғы жаңалықтар мен жетістіктерді
уақытылы пайдалануына қажет.
Достарыңызбен бөлісу: