Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет131/164
Дата18.02.2022
өлшемі3.87 Mb.
#455492
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   164
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру

 
Пайдаланылған әдебиеттер:  
1.Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.Назарбаевтың  «Төртінші  өнер 
кәсіптік  революция  жағдайындағы  дамудың  жаңа  мүмкіндіктері»  Қазақстан 
халқына Жолдауы (10.01.2018 ж.). 
2.Н. Назарбаев  «Болашаққа  бағдар: рухани  жаңғыру» (12.04.2017ж). 
3.Н.Назарбаевтың  «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы (15.12.2017 ж.) 
 
 
РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕНІҢ РӨЛІ 
 
Мукашева Акмарал Асылбековна 
Атырау қаласы, №33 Қ.Қайсенов атындағы орта мектебі 
директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары 
 
          Адамгершілікке тәрбиелеу құралы — еңбек пен ата-ана үлгісі. 
Ыбырай Алтынсарин 
      
 
Қазіргі  уақытта білім  берудің    басты    мәселесі,  жас  ұрпаққа 
адамгершілік-рухани  жағынан  тәрбие  беру  болып  саналады.  Құнды 
қасиеттерге 
ие болу, 
рухани 
байлыққа 
адамның 
жан 
дүниесін  
қалыптастыруы,  оның    бала кезінен  басталуы  тиіс.  "Болашаққа  бағдар: 
рухани жаңғыру" Ел басы жолдауында ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САНА 
ТУРАЛЫ  айтылып  өткены  қазырғы  біздің  міндетіміз  болып  табылады. 
Сондықтан  оқыту,  білім  беру,  тәрбиелеу  -  баланың  ішкі  жан  дүниесінің 
біртіндеп дамуына әсер ететін, түрткі болатын, жағдай жасайтын, оларды іске 
асыратын  сыртқы  факторлар  екені  анық.  Білімді,  көзі  ашық,  көкірегі  ояу 
болуға  ұмтылу  –  біздің  қанымызда  бар  қасиет  деп  жолдауда  айтылған.   
Еліміздің  ертеңі,  ұлтымыздың  болашағы  –  бүгінгі  мектеп  қабырғасында 
отырған  бүлдіршіндер  екені  мәлім.  Олардың  қамын  ойлау    баршамыздың 
парызымыз. Кез-келген мектептің мақсаты мен мұраты  өркениетті елдердің 
қатарынан көріну, жер мен жер байлықтарын ысырапқа салмай игере білетін 
ұрпақ  тәрбиелеу.  Ол  үшін  бүгінгі  жас  ұрпаққа  сапалы  білім  мен  саналы 


295 
 
тәрбие  бере  отырып,  ұлттық  сананы  ояту  үшін,  елдің  өткенін,  ұлттың 
тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, табиғат ерекшеліктерін етене таныстыру 
қажет.      
  
Адамгершілік  қоғамдық  сананың  ең  басты  белгілерінің  бірі 
болғандықтан,  Ел  басы  жолдауындағы,  тұтас  қоғамның  және  әрбір 
қазақстандықтың  санасын  жаңғырту  бағытын  мен  жұмысымда  рухани-
адамгершілік тәрбие арқылы шешуды колға алдым. [1] 
   
Рухани-адамгершілік тәрбие — бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау 
дағдыларының 
нормалары, 
ұйымдағы 
қарым-қатынас 
мәдениетінің 
тұрақтылығын  қалыптастырады.  Жеке  адамның  адамгершілік  санасының 
дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды. Сананың қалыптасуы 
баланың  мектепке  бармастан  бұрын,  қоғам  туралы  алғашқы  ұғымдарының 
қалыптасыуна,  жақын  адамдардың  өзара  қатынасынан  басталады.  Баланы 
жақсы  адамгершілік  қасиеттерге,  мәдениетке  тәрбиелеуде  тәрбиелі  адаммен 
жолдас  болудың  әсері  күшті  екенін  халқымыз  ежелден  бағалай  білген. 
Жумысымда  адамгершілік  тәрбиенің  арқауы  деп  мақал-мәтелдер,  жұмбақ, 
айтыс,  өлеңдерге  сүйеніп  отырам  «Жақсымен  жолдас  болсаң-жетерсің 
мұратқа, жаманмен жолдас болсаң-қаларсың ұятқа...» «Жаман дос, жолдасын 
қалдырар  жауға».    Адамзаттық  құндылықтарды  бала  бойына  іс-әрекет 
барысында,  әр  түрлі  ойындар,  хикаялар,  ертегілер,  қойылымдар  арқылы 
үлкенді  сыйлау  адамгершілік  және  адами  қасиеттерді  қалыптастыру  басты 
міндетім деп ойлаймын.                                                                                                
Қазақ халқының даналығын  көрсететін  ауыз  әдебиетінің  ұлттық 
тәрбие  берудегі  әсері  мен  ықпалы  ерекше.    Халықтың  бір  мақалы  бар: 
«Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесу керек, ал ағаш күш алып 
кеткесін  ол  ағаш  гұмырда  түзелмейді». Сондықтан  балалардың  бойына 
жастайынан  ізгілік,  мейірімділік,  қайырымдылық,  яғни адамгершілік  құнды 
қасиеттерді сіңіру үшін, отбасы мен педагогтардың  рөлі өте маңызды. Балаға 
рухани адамгершілік тәрбие беру  ата-анасының және педагогтардың  басты 
міндеті  болып    саналады.      Бір  жағынан  ол   үлкендердің,  ата-аналардың, 
педагогтардың  балаларға   белсенді  ықпалын  тигізіп,  екінші  жағынан 
тәрбиеленуші балалардың  белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері 
мен қарым- қатынастарынан көрінеді.            
Ата-ананың  болашақ  тәрбиесі  үшін  жауапкершілігі  ұрпақтан 
ұрпаққа жалғасып  келеді.  «Балапан  ұяда  не көрсе,  ұшқанда  соны  істейді» 
дегендей, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы сәби балаға үлкен 
сабақ.Бала  сәби  кезінен  отбасынан  алған  тәрбиені  өмір  бойы  алып  жүреді. 
Жас балалардың үлкендер не айтса, соны айтатынын, не істесе соны істегісі 
келетінін бәріміз де білеміз. Баланың үйден көргені,  жақындарынан естігені-
ол  үшін  адамгершілік  тәрбиесінің  ең  үлкені,  демек  жақсылыққа ұмтылып, 
жағымды істермен айналысатын адамның айналасындағыларға көрсетер мен 
берер  тәлімі  мол  болады.  Сондықтан  белгілі бір  мазмұнды  іске  асыра 
отырып,  адамгершілік  ықпалының  әр түрлі  әдістерін  пайдаланып,  педагог 


296 
 
істелген  жұмыстарының    нәтижесіне,  тәрбиелеушілерінің  жетіктістеріне  
зейін  салып  талдауы  кажет.   
 
Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру Ел басы жолдауында "Өзімдікі ғана 
таңсық, өзгенікі – қаңсық» деп кері тартпай, ашық болу, басқалардың ең озық 
жетістіктерін қабылдай білу, бұл – табыстың кілті, әрі ашық зерденің басты 
көрсеткіштерінің бірі деп айтылған. Демек, шәкіртке жан - жақты терең білім 
беріп,  оның  жүрегіне  адамгершіліктің  асыл  қасиеттерін  үздіксіз  ұялата 
білсек,  ертеңгі  азамат  жеке  тұлғаның  өзіндік  көзқарасының  қалыптасуына, 
айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.  
 
Қай  қоғамда,  қай  мемлекетте  болсын,  қарым  –  қатынас  адами 
құндылықтар,  оның  ішінде  адамгершілік  құндылықтар  қалыптастыру  кез  – 
келген  мектептің  міндеті,  және  баланың  өзін  тануына,  басқаны  тануына, 
баланың  болашақ  дамуына  ықпал  етеді,  атақты педагог  В.  Сухомлинский 
айтпакшы  «Егер  балаға  қуаныш  пен  бақыт  бере  білсек,  ол  бала  солай  бола 
алады».  Қазіргі  таңда  ғасырлар  қойнауында  жатқан  ұлттық  тәрбиені, 
адамгершілік  асыл  қасиеттерді  қалыптастыру  маңызды  міндеттердің  біріне 
айналып отыр. Әр ұлт өз ұрпағына ұлттық тәлім – тәрбие беру арқылы ғана 
ұлттық болмысын, бейнесін сақтап, дамыта алатыны белгілі. 
«Рухани  жаңғыруды  табысты  жүзеге  асыру  үшін  жастар  оның 
құндылықтарын  толығымен  бойларына  сіңіріп,  күнделікті  өмірде  оған  арқа 
сүйеулері  тиіс.  Біздің  міндетіміз  оларды  барынша  түсіндіруге  көмектесу, 
рухани  жаңғырудың  мән-мағынасын  қарапайым  және  қолжетімді  түрде 
жеткізу,  оларды  өздеріне  бейімдеу  үшін  қолдау  көрсету  болып  табылады». 
[1]  Сондықтан  оқушылар  ортасында  «Рухани  жаңғыру»  құндылықтарын 
тарату  және  оның  мағынасын  жеткізу  біздің  міндетіміз.
 
Рухани  - 
адамгершілік тәрбие - екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата - 
аналардың,  педагогтардың  балаларға  белсенді  ықпалын,  екінші  жағынан  - 
тәрбиеленушілердің  белсенділігін  қамтитын  қылықтарынан,  сезімдері  мен 
қарым  -  қатынастарынан  көрінеді.  Абай  атамыз  «Адамның  адамгершілігі 
жақсы ұстаздан болады»-деп бекер айтпаған. Сол сияқты педагогтың тәртібі, 
іс-қимылы, балалармен үлкендер арасындағы қарым-қатынасы, балалар үшін 
үлгі бола отырып, педагогтың ықпалы әсерлі енеді, баланың жеке басындағы 
жақсы  қасиеттері  қалыптасады.  Оның  ықпалы неғұрлым  белсендірек  болса, 
баланың 
сезімін 
жан-жақты қамтыған сайын, 
олардың 
ерік 
күші 
жұмылдырып,  ой  санасы  нығая  түседі.  Осы  аз  ғана  уақыттан  бастап,  өз 
тәжірибемді  жинақтаудамын.  Жұмыс  барысында  арнайы  курстардан  өтіп, 
көптеген мақалалар, әдістемелік құралдар оқып танысудамын.  
Рухани-адамгершілік  тәрбиесінде  ұстаз,  тәрбиеші,  ата-ана  алдымен 
баланы  тек  жақсылыққа,    қайырымдылыққа,  мейірімділік  пен  ізгілікке 
тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ 
деп  ойлаймын.  «Мен  үш   қасиеттімді  мақтан  тұтам» -  депті  Ақан сері.    Ол: 
жалған  айтпадым,  жақсылықты   сатпадым  һәм   ешкімнен  ештеңені 
қызғанбадым деген екен.  Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. «Өз құдайынан 
айырылған адам 
бос 
кеуде, 
өлгенмен 
 
тең» 
деген 
екен. 


297 
 
Шындығында бұл ақиқат. Олай  болса,  жеке  тұлғаны  қалыптастыруда,  
олардың    жан    дүниесіне  сезіммен  қарап,  әрбір  іс-әрекетіне  мақсат 
қоюға, жоспарлауға, оны  орындауға, өзіне-өзі  талап  қоя білуге  тәрбиелеу - 
адамгершілік  тәрбиесінінің  басты  мақсаты  болады.  Мақсатқа жету  үшін  сан 
алуан кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен 
бастап қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды.                                            
«Еліміздің  күші-патшада,  сәбидің  күші-  жылауында»  демекші, біздің 
күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз- адамгершілігімізде болуы керек. Ол үшін 
Ақанның  осы  үш қасиетін  бала  бойына  дарыта білсек  -  ұлы жеңіс  болары 
анық. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет