Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет128/164
Дата18.02.2022
өлшемі3.87 Mb.
#455492
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   164
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.  О.К.Трубецкая  «Балалардың  рухани-адамгершілік  құндылықтарын  қалай 
жетілдіруге болды». 
2.  Л.Омарова «Адамгершілік тәрбиені қалыптастыру мәселелері» 
3.  А.А.Калюжный  «Роль  учителя  в  духовно-нравственном  воспитании 
школьников». 
4.  Л.И.Божович,  Т.Е.Конникова  «Нравственное  формирование  личности 
школьника в коллективе». 
 
 
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫН ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСЫН САҚТАУ АРҚЫЛЫ 
ҚҰНДЫЛЫҚ ҚАСИЕТІН ТАНЫТУ 
 
Мұхтарова Гүлжайнар Қабдолдиновна 
Астана қаласы, №45 жалпы орта мектебі 
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 
 
Өз заманында Алаш ардагері Міржақып Дулатұлы «...балаларды оқыту 
өз  алдында  бір  ғылым.  Оқудағы  мақсат  жалғыз  құрғақ  білім  үйрету  емес, 
біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру» деп айтып кеткен.   
Қазіргі кезде 
тәрбие ісінде баланың жан қуатын өсіру үшін, заман талабына сай бәсекеге 
қабілетті  ұрпақ  тәрбиелеу  басты  мақсатқа  ие.  Мектепте  болсын,  отбасында 
болсын  берілетін  тәрбиенің  нақты  мақсаты-  алдында  отырған  жас 
жеткіншекті өмір жалғасы, қоғам негізін құраушы, ұлт болашағы деп танып, 
оларға айқын ақын көзқарасты қалыптастыру. Бұған жетудің бірден бір жолы 
–  ұлттық  тәрбие.  Әрбір  ұлттық  бала  тәрбиесінде  ескіден  келе  жатқан  сара 
жолы  бар.  Ол  -халықтың  ғасырлар  бой  жасалған  ұлттық  құндылықтары, 
тарихтың  қатал  тезінен  өтіп,  уақыт  елегінен  өтіп,  бүгінгі  бізге  жеткен  асыл 
мұрамыз.  Ата  –  бабамыз  ұрпағын  ұлттық  тәрбиенің  тұнығына  қандыра 
отырып, талай тар кезеңде қазақтың бейнесін жоғалтпаған. Қазіргі кезде біз 
үшін  тәрбиенің  кілті  ұлттық  сана  мен  ата  дәстүрді  адал  сақтай  отырып, 
халқының ұлттық мүддесі тұрғысынан әрекет етуге ұрпақты тәрбиелеу.  
Нағыз  өз  ұлтының  ұлы  бола  білген  Ж.Аймауытов:  «Мен  халыққа 
кіндігіммен  байланып  қалғанмын.  Оны  үзе  алмаймын.  Үзу  қолымнан 
келмейді»  -  десе,  халқының  қас  батыры  Сырым  Датұлы:  «Мен  ағайынды 
екеумін:  бірі  -өзім,  екіншісі-халқым»  -  дейді.  Елбасымыздың  «Болашаққа 
бағдар:  рухани  жаңғыру»  атты  мақаласында      «ХХ  ғасырдағы  батыстық 
жаңғыру  үлгісінің  бүгінгі  заманның  болмысына  сай  келмеуінің  сыры  неде? 
Меніңше,  басты  кемшілігі  -  олардың  өздеріне  ғана  тән  қалыбы  мен 


283 
 
тәжірибесін  басқа  халықтар  мен  өркениеттердің  ерекшеліктерін  ескермей, 
бәріне  жаппай  еріксіз  таңуында.  Әжептәуір  жаңғырған  қоғамның  өзінің 
тамыры  тарихының  тереңінен  бастау  алатын  рухани  коды  болады.  Жаңа 
тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты - сол ұлттық кодыңды сақтай білу...» 
деп айтылды. Міне, осы жерде ұлттық кодты сақтау қалай жүзеге асырылуда 
деген сұрақ туындайды.  
Заман сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді ұрпақ санасына қалай 
жаңғыртуға  болады?  Батыс  мәдениетіне  еліктеп  кетпес  үшін,  ұрпақ 
Ж.Аймауытов  айтқандай  «халыққа  кіндігімен  байлануы»  үшін,  яғни 
ұлтжанды,  халықтың  баласы  болып  өсер  келешек  тәрбиелеу  үшін  біз 
ұландарымызға қандай жолмен тәрбие, білім беруіміз керек? 
Ұрпақ  тәрбиесі  туралы  айтыла  бастағанда  дін  мәселесе  бой  көтереді. 
Біз  мектепте  оқушыға  дін  туралы  қысқаша  ғана  мәлімет  береміз.  Оның  өзі 
жоғары сыныптарға барған кезде оқытылады. Ал мектеп табылдырығын енді 
аттаған  жас  балдырған  хиджап  киіп  дәстүрлі  емес  ағымдағы  дінмен  санасы 
уланып жатады.  Ахмет Яссауи зерттеп, қазақ халқының болмысына келетін 
дінмен неге сусындатпасқа? 
Халқымыз  ежелден  «Жаным  арымның  садағасы»  деп,  бар  мал- 
мүлкімен қоса  жанын да  ары  мен  ұяты  үшін  пида  еткен қазақ  емес  пе  едік. 
Осы қасиетті бала бойына дарытып жатырмыз ба? Егер жастарды осы ұлттық 
санада тәрбиелеп жатқан болсақ, елді неге жемқорлық жайлап жатыр? Демек, 
біз  жемқорлықтан  сақтана  алмай  жатырмыз...  Мейлі  мектептен  он  жерден 
«Адал  ұрпақ»  ерікті  клубын  құрайық,  барлық  жерге  «Парасатты  азамат» 
туралы жазып, айтайық бәрібір аз! 
Жаһандану үрдісі бізге не беріп жатыр? Батыстың жаңа технологиясы 
жастар  санасына  еш  тосқауылсыз  еніп  жатыр.  Интернетке  тәуелі  болу,  ана 
тілін  ұмыту,  ана  тілін  күнделікті  өмірде  қолданбау  -  осының  нәтижесі. 
Осылырдың бәрі ұлттық құндылықтың әлсіреуіне себебін тигізіп жатыр. Осы 
мәселе  бойынша  мектептер    аз  жұмыс  жасап  жатқан  жоқ,  бірақ  нәтиже  аз. 
Мектеп  нәтиже  шығарсын десе,  қоғамда  мұғалім  мәртебесін  арттыру  керек. 
Қазір мұғалімнің үлкенге де, кішіге де беделі жоқ. Ата- аналарды жинап, осы 
мәселенің  шешімін  табайын  десе,  ата-  ана  жиналысқа  келмейді.  Сондықтан 
құқықбұзушылықтың  алдын  алу,  жемқорлықпен  күрес  жолдары,  діни 
сауаттылық  пен  тіл  мәртебесі,  интернет  қауіпі  туралы  дәрісті  сол  саланың 
мамандары  әр  мекемеге  барып  оқыса.  Мекемеде  кімдер  жұмыс  жасайды? 
Мекемеде қазіргі ата- аналар мен болашақ ата- аналар қызмет етуде. Әйтпесе, 
Республикалық  жалпыата-  аналар  жиналысы  болсын,  басқа  жиын  болсын 
мектепке   баласы үшін келетін ата- ана ілеуді біреу ғана. Ұрпақ тәрбиесімен 
жалғыз  мектеп  емес  қоғам  боп  біріге  жұмыс  атқармасақ,  кейін  өкінетін 
боламыз.  Ұлттық  кодты  мектеп  қана  сақтай  алмайды,  ұлттық  кодты  жалпы 
халық боп сақтау керек. Ұстаздар қауымы, ел тағдырына алаңдайтын бір де 
бір  жан.  Тәрбие  мен  білім  үрдісінде  ұлттық  құндылықты,  ұлттың  қасиетті 
қазынасын бала санасына сіңіріп- ақ жатыр. Мәңігілік ел ұрпағының ұлттық 


284 
 
болмысын  жаңғырту  үшін  көптеген  шаралар  ұйымдастырып,  сабақтың  әр 
сәтінде айтып, қолдануға тырысып жатыр.  
Мен тәрбие жұмысын басқарғандықтан өз жұмысым бойынша мынадай 
үлгі  ұсынғым  келеді.  Білім  басқармасы  мен  қалалық  қосымша  білім 
орталығы  бекітіп  берген  жұмыс  жоспарына,  мектептің  тәрбие  бағыты 
бойынша жасалған жылдық жоспарына қосымша «апталық» жұмыстар. Оған 
тек  тәрбие  бөлімі  ғана  емес,  оқу  бөлімі  де,  жалпы  барлық  ұжым  да 
атсалысатын  жұмыс  түрі.    Бір  оқу  жылында  34  апта  бар.  Әр  аптаға  атау 
қойып,  бағыт  белгілісек.  Мысалы  «Отбасы»  апталығы,  «Спорт  және 
денсаулық»  апталығы,  «Енбек»  апталығы,  «Тілдер»  апталығы,  «Кітапхана» 
апталығы,  «Театр»  апталығы,  «Туған  жер»  апталығы,  «Қазақтың  100  әні» 
апталығы,  «Салт-  дәстүр»  апталығы,  «Адалдық  борышың»    «Қауіпсіздік  – 
қорғаның»  апталығы,  «Әдептілік»  апталығы,  «Мамандық  апталығы», 
«Қайырымдылық»    т.б  өз  қалауларымен  апталық  атауын  қойып,  34  жұмыс 
түрін өткізуге болады. Апталық жұмысқа жауапты мұғалімдер жоспар құрып
барлық  оқушының  атсалысқанын  бақылайды.  Апта  соңында  рейтинг 
жүргізеді.  «Отбасы»  апталығанда  отбасы  құндылықтарын  насихаттайтын 
шаралар  мен  отбасы  мен  мектеп  арасындағы  байланысты  нығайтайтын 
жұмыстар  жүргізуге  болады.  Бастауыш  сыныптарғы  оқушылар  ата- 
аналарымен  бірлесе  «Бақытты  отбасы»  макетін  жасаса,  орта  буын 
оқушылары  ата-  аналарымен  «Мерейлі  отбасын»  ұйымдастыруға  болады. 
«Бақытты  отбасы  ол...»  тақырыбында  жоғары  сыныптарға  жоба  жұмысын 
жасатуға  болады.  Мектеп  дәлізінде  «Бақытты  отбасылық  сәт»  айдарымен 
отбасылық  фотолар  көрмесін  жасауға  болады.    «Спорт»  апталығына  спорт 
жан-  жақты  насихатталады.  Спортшы  отбасылармен  кездесу,  отбасылық 
сайыстар,  спорттан  жетістігі  бар  оқушыларға  арналған  стенд  жабдықталуы, 
бастауыш  сыныптар  арасында  көңілді  спорттық  жарыстар,  қазақтың 
палуандары  туралы  хабарламалар,  газеттер  шығаруға  болады.  «Еңбек» 
апталығында  оқушылардың  қолөнер  бұйымынан  көрме,  адал  еңбек    маңдай 
термен  келген  еңбек  нәтижелерімен  таныстыру,  қызығушылығын  арттыру. 
Қазіргі  таңда  балаларымыз  тіпті  қалалық  сенбілікке  шықпайды,  ата-  аналар 
рұқсат  етпейді.  Көше  жинаушылар  мен  мектеп  тазалығын  сақтаушылардың 
еңбегін бағаламайды. Осыны ата- анамен бірлесе отырып, саналарына сіңіру. 
«Кітапхана» апталығында «Менің тағдырымды өзгерткен бір кітап», «Менің 
сүйікті  кейіпкерім»  т.б.  атаумен  барлық  сыныптарда  сабақ  өткізуді  ұсынар 
едім.  Тәлімі мол сабақты ата- аналар мен балалар өткізсе ғана өз нәтижесін 
береді.  Кітап  оқитын  отбасының  өткізген  сабағы  кітап  оқымайтын 
отбасының қызығушылығын оятады.  Жоғары сынып оқушылары үшін қоғам 
қайраткерлерімен, жазушы, ақындармен кездесу өткізу. «Театр» апталығында 
сахна  майталмандары  туралы  мол  ақпарат  берілсе,  мектеп  дәлізі  театр 
қырандарының  плакатымен  безендірілсе,  балалар  мектепке  емес,  театрға 
келгендей  сезімде  болуы  керек.  Өнерлі  отбасылардың  қатысуымен  мектеп 
сахнасында  театрландырған  қойылым  көрсетіліп,  аптаның  соңында  барлық 
мектеп  оқушыларын  театрға  апаруды  ұйымдастыру.  «Туған  жер» 


285 
 
апталығында  Қазақстанның  бар  аймағы  бойынша  толық  деректер  берілу. 
Халық  саны,  экономикалық  жағдайы,  пайдалы  қазбалар  мен  табиғи 
ресурстары  туралы  ақпараттандыру.  Жоғары  сыныпқа  барғанда  түлектер 
мамандық  таңдауында,  қайда  және  немен  айналысатыны  туралы      алдын  – 
ала  жоспар  алатын  жағдай  жасау.  Бастауыш,  орта  буын  оқушыларына 
осындай керемет мекендері үшін мақтаныш сезімін ояту, елге, жерге қамқор 
патриот  тәрбиелеу.  «Қазақтың  100  әні»  апталығында  халық  әндері  туралы 
дәрістер өткізу, қазақ халық әндерінен байқау ұйымдастыру, ата- аналарды да 
қалыс  қалдырмай,  ән  байқауына  шақыру,  үзіліс  кезінде  қазақтың  халық 
әндерін  қосып  қою,  әр  тыңдалған  әнге  қосымша  мәлімет  беріп  отыру 
жұмыстарын жүргізуге болады. «Салт- дәстүр» апталығында мектепте қанша 
ұлт  өкілі  оқиды,  сонша  халықтың-  салт-  дәстірін  көрсетуге  болады.  Салт 
көрсетуге  әр  ұлттың  өкілдері  шын  ынтасымен  қатысады.  Оны  өз 
тәжірибемнен  білем.  Бірінен-  бірі  асып  түсуге  тырысып,  тәрбиелік  мәнін 
ашып насихаттайды. «Мамандық» апталығында НЗМ ұсынған «Ата-анамның 
жұмысындағы бір күн» жобасын кіргізуге болады. Сонымен қатар, қызықты 
маман  иелерімен  кездесу  өткізуге,  «Ата-  анамның    мамандығы» 
тақырыбында  ата-  аналармен  сұхбат  өткізуге  болады.  «Адалдық  борышың» 
апталығында    «Жаным  арымның  садағасы»  атты  тәрбие  сағаттары  өтіп, 
«Адал  ұрпақ»  еріктілер  клубының  жұмыс  нәтижесі  тыңдалады.  Бұл  аптада 
заңгер    ата-  аналармен  ақыл-кеңес  өткізудің  де  артықшылығы  болмас  еді. 
«Қайырымдылық»  апталағында  барша  балаға  қайырымдылық  таныту 
жолдарын  көрсете  білсек.  Табиғатқа  қайырымдылық  жасау,  қарттарға 
қайырымдылық  жасау,  жетімдер  үйіне  қайырымдылық  жасау  жұмыс 
түрлерін ұйымдастыру ұрпақ санасының қалыптасуына оң нәтижесін береді. 
Ата- аналарды игі шараға тарту арқылы, балаларға үлгі етеміз.  Апталықтарға 
әр  мектеп  өз  оқушы  санына,  мүмкіндігіне  қарай  атау  беріп,  жыл  сайын 
өзгертіп  отыруға болады. Жұмыс оқу  жылының басында бекітіліп, жауапты 
тұлғалар  бір  жыл  бойында  атқаратын  жұмысымен  таныс  болса,  әрі  тиімді 
ұйымдастырып,  әрі  жақсы  жетістіктерге  жетер  еді.  Сөзімді  қорытындылай 
келе: 
«Ерікті елміз, бүлінбеген қорғаны  
Бәрімізге белгілі ғой ол жағы 
Қайтер дейсің қара бастың толғағы  
Тек  жұртымыз  күрсінбесе  болғаны»  -  деген  Мұқағали  ақынның  бір  ауыз 
өлеңімен аяқтай отырып, жеке тұлғаны ұлттық дәстүрге, ұлттық құңдылыққа 
негізделеген  бағдарламамен  тәрбиелеп,  оқытуды  жүзеге  асырсақ  нұр  үстіне 
нұр болар еді.      
  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет