Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет127/164
Дата18.02.2022
өлшемі3.87 Mb.
#455492
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   164
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру

 
 


279 
 
РУХАНИ – АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
ЖӘНЕ МЕКТЕП ҰЖЫМЫНЫҢ РУХАНИ САУАТТЫЛЫҒЫ 
 
Гапу Сапаржан Гапуқызы 
Павлодар ауданы Ефремовка орта мектебі 
 директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 
 
Адамға тән бір жақсы қасиет – өзін қоршаған  
әлемнің әсемдік сырларына үңілу, содан рухани нәр алу,  
өзінің нәзік сезімін образдар арқылы паш ете алу
Әбу Насыр Әл-Фараби 
 
 
Ұрпақ  тәрбиесі  -  ол  еліміздің  болашағының,  ертеңінің  қамы,  жалпы 
ұлттық  жоғары  саналы  мәні  бар  маңызды  мәселе.  Қазақ  халқының  бала 
тәрбиесі  жөнінде  бұрыннан  бері  жиып  –  терген  мол  тәжірибесі,  өзіндік 
ерекшелігі мен құндылығы бар.       
Ата-бабамыз  өз  бойындағы  ең  жақсы  қасиеттерін  жеткіншек  ұрпаққа 
күнделікті  үйретіп,  бала  бойына  сіңіріп  отырған.Ұлттың  болашағы 
ұрпағында  болса,  ұрпақтың  тәрбиесі  ұстаз  қолында.  Ал  ұстаздың  міндеті 
бала бойындағы рухани – адамгершілік қасиеттері мен ұлттық кодын сақтап, 
жетілдірген,  толыққанды  нағыз  азамат  тәрбиелеу.  Пән  мұғалімдері 
балалармен  сабақ  барысында,  әңгімелесу  барысында,  оқушымен  қандай 
жұмыс  атқарса  да,  олардың  мінез  –  құлқының,  тәртібінің,  сана  сезімінің 
қалыптасуына ықпал етуі абзал.  Заманауи білім беру үдерісіндегі рухани – 
адамгершілік  тәрбиенің  алар  орыны  ерекше.  Бала  бойындағы  рухани 
қасиеттерін  дамытуда  мектеп  ұжымының  қосар  үлесі  оразан  зор.  Бала 
тәрбиелеу  үдерісіне  қатысушылардың  барлығы  рухани  сауатты  болған 
жағдайда,  күткен  нәтижемізге  қол  жеткізе  аламыз.  Яғни,  ойлаған  ойымыз, 
айтқан  сөзіміз    бен  жасаған  ісіміз  бір  ізді  болу  керек.  Оқушыларды  жылы 
жүрекпен  қарсы  алып,  олардың  биік  рухына  құрметпен  қарасақ,  олардың 
бойындағы кішкентай күннен алар нұрымыз шексіз болар еді. Қазіргі заманда 
біз  үлкендер  балаға  көңіл  бөлу,  баламен  әңгімелесу,  баланың  ойын  жүзеге 
асыру,  балаға  үлгі  болу  сияқты  міндеттеріміз  бен  құндылықтарымызды 
жоғалттық.  Руханилық  –  жеке  тұлғаның  негізгі  сапалық  көрсеткіші. 
Руханилықтың негізінде адамның мінез – құлқы қалыптасады, ар – ұят, өзін - 
өзі  бағалау  және  адамгершілік  сапалары  дамиды.  Мұның  өзі  мейрімділікке, 
отансүйгіштікке, ізгілікке шақырады
.
 
«Мәңгілік  Ел»  ұлтық  идеясын  жүзеге  асыру  мақсатында,  жеті  бағыт 
арқылы  жүзеге  асырылатын  тәрбие  жұмысындағы  ең  маңызды  тәрбие  беру 
бағыты  ол  –  рухани  –адамгершілік  тәрбие  беру.  Яғни,  білім  беру 
ұйымдарында  рухани  –  адамгершілік  тәрбиені  басшылыққа  алып,  жұмыс 
жоспары, мектептің барлық үдерісі іске асырылған жағдайда, оқушыларымыз 
бойында  тек  ғана,  рухани  сауаттылық,  мейірімділік,  қамқорлық, 
кішіпейілділік, сүйіспеншілік, риясыздық қасиеттері дамып, жетілумен қатар, 


280 
 
отансүйгіштік,  еңбекқорлық,  зияткерлік  қабілеттері  бірге  дамып,  жетіледі. 
Сондай  – ақ, оқушылардың білім сапасын көтеруге әсерін тигізеді.  Осыған 
орай,    республикамыздың  білім  беру  ұйымдарында  оқу-тәрбие  үдерісінің 
басты  факторы  ретінде  рухани  –  адамгершілік  тәрбие  беру  мәселесін, 
аталмыш  тәрбиені  жүзеге  асыратын  мектеп  ұжымдарының  рухани 
сауаттылығын ояту, жетілдіруге бағытталған іс-шаралар және оны өткізу әдіс 
– тәсілдерімен бөліскім келеді.  
Рухани  -  патриоттық,  адамгершілік  тәрбиесінде  алдымен  баланы  тек 
жақсылыққа тәрбиелеп, одан кейін білім берсе, соны мақсат тұтса, ұстаздың, 
ата  -  ананың  да  болашағы  жарқын  болмақ.  «Мен  үш  қасиетімді  мақтан 
тұтам»- депті Ақан сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым һәм 
ешкімнен  ештеңнені  қызғанбадым.  Бұл  үш  қасиет  әркімнің  өз  құдайы.  Өз 
құдайынан  айрылған  адам  бос  кеуде,  өлгенмен  тең  деген  екен.  Олай  болса 
жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сеніммен қарап, әр  – 
бір іс әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оның орындауға, өзіне - өзі талап 
қоя білуге тәрбиелеу - адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. Мақсатқа жету 
үшін  сан  алуан  кедергілер  болуы  мүмкін.  Ондай  кедергілерден  өте  беруді 
бала бойына жас кезінен бастап әр пән мұғалімі қалыптастыру жеке тұлғаны 
қалыптастыру  негізін  қалайды.  «Еліміздің  күші-  патшада,  сәбидің  күші  - 
жылауында  »  демекші  біздің  күшіміз,  қорғанышымыз,  сеніміміз 
адамгершілігімізде болуы керек.  
Мектеп  оқушыларына  тәрбие  беру  тек  жеке  пәндерде  ғана  емес, 
мектептің  барлық  үдерісінде  орын  алу  керек.  Оқушыларды  рухани  – 
адамгершілікке тәрбиелеу үшін орта білім беру мектептерінің алдында келесі 
міндеттер қойылуы керек: 
-  Оқушылардың  зияткерлік,  дене  тәрбиелік,  еңбек  тәрбиесін  дамытудағы 
бірден бір КӨМЕК рухани жағынан дамуына ықпал жасау. Барлық жағдайда 
баланың жеке рухани көзқарасы ескертілуі керек.  
-  Ұжымда жұмыс жасау, ұжымда қол ұшын, басқаны құрметтеу, түсіну сияқты 
әдіс – тәсілдерге ҮЙРЕТУ. 
-  Рухани  қажеттілігін  дамытуға  бағытталған,  тәуелсіз  шығармашылық 
ойлауын дамытуға арналған ЖАҒДАЙ жасалуы қажет. 
-  Оқушының өзіне деген сенімділігін, өзіне дегн құрметін БАҒАЛАУ керек. [3, 
23 бет]. 
Оқушыларды  рухани  –  адамгершілікке  тәрбиелеу  дегеніміз  –  оларды 
мінез құлықтың дағдылы ережелеріне үйрету. Рухани – адамгершілік тәрбие 
–  адамның  моральдық  қасиеттерін  белгілі  бір  мақсатқа  бағыттап 
қалыптастыру. Отбасы болашақ азаматтың әлеуметтану жолындағы алғашқы 
қадамдарын  жасайтын  бастапқы  адым.  Ол  балаға  моральдық  қалып  туралы 
алғашқы  түсініктер  береді,  оны  еңбекке  баулып,  өз-өзіне  қызмет  ету 
дағдыларын  қалыптастырады.  Ата-ананың  іс-әрекеті  мен  мінез-құлқы,  өмір 
сүру  салты  арқылы  балаға  дүниетанымдылық,  адамгершілік,  әлеуметтік-
саяси құндылықтар беріледі. [2, 6 бет] 


281 
 
Руханилыққа  тәрбиелеу,  баулу,  бағыттау  мәселесі  негізінен  ұлттық 
құндылықтарға  сүйене  отырып,  тәрбие  берудің  әдістемелік  жолдарына 
негізделеді. 
-  Ұлттық  дәстүрлер  арқылы  оқу  –  тәрбие  үдерісінде  оқушылардың  және 
педагогикалық ұжымның рухани мәдениетін қалыптастыру. 
-  Ұлттық  дәстүрлер  арқылы  оқушылар  мен  педагогтардың  психологиялық 
ерекшеліктерін зерттеп, дамыту. 

Салт – дәстүрлер негізінде, ұлттық кодымыз, ұлттық психология 
ерекшеліктерді ескере отырып, рухани – адамгершілік құндылықтарға баулу. 
Дегенмен,  рухани-адамгершілік  тәрбиелеу  мәселесін  тек  білім  беру 
ұйымдарының  міндеті  ретінде  қарауға  болмайды.  Толыққанды  рухани  – 
адамгершілігі  дамыған  тұлға  тәрбиелеуді  көздесек,  біраз  мәселелерді  шешу 
жолдарын  қарастырғанымыз  жөн.  Қазіргі  заман  мектептері  рухани 
тәрбиеден, рухан  – адамгершілік  көз  – қарастардан біраз  алыстап,  заманауи 
әртүрлі технологияларға тәуелді болып қалғанымыз құпия емес. Ата – ананы 
руханилыққа тәрбиелеу, рухани тәрбиенің аспектеріне баулу мүмкін емес. Ең 
заманауи  әдіс  –  тәсілдерді  жеттік  меңгерген,  бірақ  рухани  жағынан  кедей 
мұғалім  оқушыға  рухани  –  адамгершілік  тәрбие,  білім  бере  алмайтыны 
сөзсіз. [4, 19]. Әрине, мұғалім оқушыларына өзінің жүріс – тұрысы, балаларға 
деген  қарым  –  қатынасы,  дүниетанымдылығы,  іскерлік  бейнесі  және  беделі 
арқылы  үлгі  бола  алады.  Көптеген  оқушылар,  өз  мұғалімдерін  үлгі  тұтады. 
Оқушы  бойындағы  рухани-адамгершілік  тәрбиесін  дамыту,  рухани  тұлға 
тәрбиелеу  отбасы  мен  білім  ордасы  арасындағы  бірлескен  жұмыс 
нәтижесінде ғана жүзеге асырылады. 
Мектебімізде  атқарылатын  жұмыстар  білім  беру  үдерісінің  барлық 
қатысушыларының  рухани  сауаттылығын  арттыруға  бағытталған.  Мектеп 
ұжымы,  ата-аналар  және  оқушылардың  рухани  сауаттылығын  арттыруға 
бағытталған 
жұмыстарды 
жүзеге 
асыру 
барысында 
туындайтын 
қиыншылықтар мен мәселелер де аз емес. Мектептегі барлық пәндерді өзін-
өзі тану пәнімен кіріктіру, рухани адамгершілік тәрбие беретін сұрақтар мен 
тапсырмалар  дайындауға  әдістемелік  көмек.  Әртүрлі  конференциялар  мен 
семинарлар  ұйымдастырумен  қатар,  барлық  іс-шаралар  мен  сайыстар 
оқушыға  рухани  тәрбие  беруге  көзделуі  керек.  «Мәңгілік  ел»  жалпыұлттық 
идеясын  негізге  алып,  білім  мен  тәрбиенің  бір  ізділігін  қадағалау 
мектебіміздің  басты  миссиясы.  Мысалы:  «Ізгі  істер  керуені»  бір  жылдық 
әлеуметтік  жоба.  Бұл  жоба  барысында  ата-аналар,  мұғалімдер  және 
оқушылар  бірлесіп  жұмыс  жасаумен  қатар,  өз  ұсыныстары  арқылы  әр  айда 
ұйымдастырылатын  әр  акцияға  өз  үлестерін  қосады.  Акциялар  барлығы 
қайырымдылыққа бағытталған.  Ал «Қамқор боламын...» балалар үйіне бару 
әлеуметтік  жобасының  мақсаты  ата-аналар,  оқушылар  және  ұстаздар 
бойындағы рухани  – адамгершілік қасиеттерін ояту, жетілдіру. «Өз үйім, өз 
ауылым...»  жобасының  мақсаты  өз  үйіне  және  өз  ауылына  деген 
сүйіспеншіліктерін  оята  отырып,  рухани  адамгершілік  және  патриоттық 
тәрбие  беру.  Ата-аналарға  арналған  ашық  есік  күндері,  «Мәңгілік  ел» 


282 
 
жалпыұлттық  идеясын,  «Рухани  жаңғыру»  республикалық  бағдарламаны, 
жалпыадамзаттық құндылықтардың маңыздылығын  ата-аналарға түсіндіруге 
бағытталған 
тренинг, 
конференция, 
семинарлар 
мен 
отырыстар 
ұйымдастырылады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет