Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Б.И.Иманбекова. Тәрбиеге жетекші. Алматы, 2004.
2. С.Әбішқызы, Ж.Сарманов. «Ұлттық тәрбие - құндылығы мол дүние». 2008
ж.
3. С.Керімбаева. «Ұлттық мәдениетті қалыптастырудағы мектептің қызметі».
Астана, 2008 ж.
4. С.Әбішқызы, Ж.Сарманов. «БАҚ және Ұлттық тәрбие». 2004 ж.
5. М.С.Керімбаева. «Ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы мектептің
рөлі». Астана, 2007 ж.
291
ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕ
Кулмаганбетова Шаттык Сисенбиевна
Атырау қаласы, №37 орта мектебі
директордың тәрбие ісі жөніңдегі орынбасары
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани
жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты
қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге
құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық
болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен
үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер
туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда ел Президенті Қазақстан үшін
қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен
экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін
болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні
жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі.
Мемлекет басшысы аталмыш жаңғырудың негізгі қызметі мен
ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, бұл жаңғырудың маңыздылығына тоқталады:
«Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге
шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық
дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу
қажет. Мен Елбасының осы сөздерін толық қолдай отырып, рухани
мәдениеттің дамуы үшін тағылымды ұлттық тәрбиенің қайнарынан
сусындап, биік адами құндылықтардың кемелдену барысында әрбір маман
иесі кәсіби қызметін жоғары деңгейде жүзеге асыруы қажеттілігін түсінемін.
Қазіргі қоғамның алдында тұрған мәселенің бірі – бүгінгі жас
жеткіншектің бойына бәсекеге қабілетті құндылықты қасиеттерді
қалыптастырып, дамытуға айрықша көңіл бөлуді қажет етеді. Бұл
құндылықтардың бастау көзі тек халықтық тәрбие беру тәсілдерінде екені
рас. Ұлтымызбен бірге жасасып келе жатқан мол мұраларымыздың
құндылығына ешкім дау айта алмасы анық.
Халықта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның
тәрбиесімен тәрбиеле» деген нақыл бар. Кішкентайынан бала бойына
адалдық, әділдік, мейірімділік, адамгершілік сияқты бар ізгі қасиеттерді
сіңіруде халықтық педагогиканың маңызы зор. Үнемі әдептілік тәрбиесін
беру арқылы баланы жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулуды да
кішкене кезінен бастаған дұрыс. Халық педагогикасынан нәр алған баланы
ата-баба өсиеттерін сіңіріп, салт-дәстүрлерді біліп, ел қамын ойлайтын, тілін,
ділін құрметтейтін, өз ұлты мен қатар өзгелерді сыйлай алатындай етіп
шығару ата-ананың басты мақсаты болуға тиіс.
Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол
адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі
полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды.
292
Саяси, экономикалық реформаларда егеменді еліміз бірқатар жақсы
нәтижелерге қол жеткізгені баршаға мәлім. Ол адами құндылықтар, рухани
қазына, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу
жұмысында рухани салаға басымдық берудің қажеттілігін алға қойып отыр.
Бұл дегеніміз – ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік
тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген
асыл ұғымға келіп саяды. Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа,
білім, ғылымға маңыз беруі – үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерлеуін
жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш. Бұл – тәуелсіз еліміздің
бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс.
Өйткені, рухани байлықтың кемел болғаны бұл жеке азаматтарымыз үшін де,
әрбір жеке тұлғадан құралған қоғам, туған еліміз үшін де өте маңызды
үдеріс.
Мен Елбасының осы сөздерін толық қолдай отырып, рухани
мәдениеттің дамуы үшін тағылымды ұлттық тәрбиенің қайнарынан
сусындап, биік адами құндылықтардың кемелдену барысында әрбір маман
иесі кәсіби қызметін жоғары деңгейде жүзеге асыруы қажеттілігін түсінемін.
Ел Президентінің рухани жаңғыруға қатысты ұстанымдары мектеп
ұжымымында бірауыздан қолдау тауып, ұлттың кемелденіп дамуына әсер
етуші ең маңызды факторы деп санаймын.
«Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта,
көрген үлгі, өнеге білдіретіндігінен... Көпшілікті адамшылыққа тәрбиелеу
үшін жас буынды жақсылап тәрбиелеу қажет», -деп Мұхтар Әуезов
айтпақшы жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беру жауапты
сала екендігі бәрімізге белгілі.
Еліміздің болашағы – ұрпақ тәрбиесінде, еліміз егемендік алып, өз
алдына отау тігіп, өзінің ішкі – сыртқы саясатын өзі шешетін болды.
Бүгінде баршаның міндеті - әдет – ғұрпымызды, салт – дәстүрімізді
жандандырып, ұлттық сана – сезімі жоғары тәрбиелі ұрпақты өсіру.
Еліміз өркениетті елдер қатырынан орын алып, ұрпағымыз қоғам
қажеттілігіне сай болып жатырса - бұл ұстаздар еңбегінің жемісі. Олай
дейтінім ақынды да, батырды да, алыпты да, дананы да, тіпті баланы да
ұстаздар тәрбиелейді емес пе? Мұғалімі қандай болса, қоғамы да сондай
болмақ делінген бұлжымас заңдылық, ерте уақыттардың өзінде – ақ
белгілі болды. Адамзат өркениетінің даму тарихында жақсы мектебі мен
мұғалімдері бар мемлекет ғана алға озып шыққан.
Ұлттық жаңғыру дегеніміз – ұлттық санамен тығыз байланысты. Оның
түпкі мақсаты – ұлттық бірегейлікті сақтап, ел ішінде бейбітшілік пен келісім
үйлесе отырып, ұлттық береке, бірлік салтанат құрған бәсекеге қабілетті,
табысты ел болу. «Сонымен бірге, жаңғыру ұғымының өзі мейлінше
көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден
арылу дегенді білдіреді» , -дейді Н.Ә.Назарбаев. Сондықтан рухани жаңғыру
үдерісін дер кезінде қабылданған оң шешім деп танимыз. Осы рухани
жаңғырудың жүзеге асырылуын біз және сіз болып, «Бір жағадан бас, бір
293
жеңнен қол шығарып» бірлікте орындауымыз аса қажет. Бәсекеге қабілетті,
әлемдік деңгейде танылған әрі дамыған рухани кемел ел болу – Елбасының
асыл арманы. Ендеше, мемлекет басшысының жастарға соны серпін, тың
бастама ұсынуы келешекке қамданудың әрекеті деп түсінеміз.
Ел Президенті аталмыш тұғырнамасында білім, ғылымға ерекше
басымдық беріп отыр. «Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі», – деген
Н.Ә.Назарбаев «Мәңгілік ел» болуға қадам басқан тәуелсіз Қазақстанның
ендігі жаһандану алдында ұлт ретінде жойылып кетпеуі үшін ұлттық кодын
сақтаған, терең білімді, бәсекеге қабілетті, ұлттық құндылықтарын бойына
сіңірген ақыл-ойы кемел тұлға болуына маңыз береді. Осы бағдарда ол
бабалар ұлағатымен астасып жатқан зерделі ойы мен парасатты пайымын
білдіреді: «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда
бар қасиет. Тәуелсіздік жылдарында қыруар жұмыс жасалды. Біз он
мыңдаған жасты әлемнің маңдайалды университеттерінде оқытып,
дайындадық. Бұл жұмыс өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында
қолға алынған «Болашақ» бағдарламасынан басталды. Елімізде өте жоғары
деңгейдегі бірқатар университеттер ашылды, зияткерлік мектептер жүйесі
қалыптасты. Басқа да көптеген іс тындырылды. Дегенмен, білімнің салтанаты
жалпыға ортақ болуға тиіс. Оның айқын да, бұлтартпас себептері бар».
Осылайша мақалада айтылған әрбір ойдың астарында терең мазмұн мен
зерделі пікір жатыр.
Бүгінгі жас ұрпақ қандай болса, ертеңгі ел болашағы сонымен
өлшенетіні ақиқат, шындық. Елбасымыз Н. Назарбаев Қазақстан халқына
арнаған Жолдауында: «Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе,
жұбайлардың бір-бірінің алдындағы жауапкершілігін, ең бастысы
балалардың алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз», - деген болатын.
Бұл тұрғыдан алғанда күнделікті өмірден көріп жүргендей, жастарымыз
халқымыздың
сан
ғасырлық
тәжірибесінде
жинақталған
ұлттық
құндылықтарымыздан, асыл қасиеттерімізден қол үзіп бара жатқаны,
керісінше, біздің ділімізге жат, мүлдем кереғар батысқа еліктеушілік кең етек
алып отырғаны жасырын емес. Иә, бұл ұлттың болашағын ойлайтын әрбір
көзі ашық, көкірегі ояу азамат бұған тойтарыс беру жолдарын іздеуі тиіс.
Демек, әрбір жеткіншекті тәрбиелеуде оның ішкі қасиеттерін аша білсек
және оны дамытуға бағыт беріп отырсақ, тәрбиеміздің жемісін көрер едік.
Қай заманда да болашақсыз қоғам жоқ. Сол қоғамды одан әрі дамытып,
жетілдіретін – ұрпақ. Ал осыған лайықты ұрпақты тәрбиелеу ата – ананың,
мұғалімнің және сіз бен біздің борышымыз. Уақыт талабының күннен күнге
күшейе түсуі және қоғам өміріндегі өзгерістер оқу – тәрбиеге жаңаша
көзқараспен қарауды талап етіп отыр, өйткені, бала - біздің болашағымыз,
ұлт болашағы. Сондықтан, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлуіміз қажет.
Еліміздің болашағы ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты. Бүгінгі
таңда жас ұрпақты болашақ қоғамның тұлғасы етіп тәрбиелеу, оның білім
алып өмір сүруіне қажетті де қолайлы жағдай туғызу, жастардың рухани
294
байлығы мен мәдениеттілігін жетілдіру, іскерлігі мен білімділігін арттыру
қоғамның міндеті болып табылады.
«Бұтағымен ағаш сымбатты, ұрпағымен адам қымбатты» деген қазақ
даналығында саналы сыр бар. Осы қағиданы берік ұстаған ата-бабаларымыз
ұрпақ жалғастығын, үбірлі-шүбірлі болуды, өмірдің мақсаты, мұраты
санаған. Асыл қазынаға жол бастап зерделі ұрпақ тәрбиелеуде, ата-анамен
педагогтардың аянбай еңбектенгені абзал. Қорыта айтқанда, рухани жаңару
арқылы әлем мойындар табысты ел болып, жарқын болашаққа деген сенім
мен үмітті үндестіре отырып, жас ұрпақты болашақ қоғамның тұлғасы етіп
тәрбиелей отырып, баршамыз бірлік туы астында бақытқа бірге жетейік!
Достарыңызбен бөлісу: |