Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет134/164
Дата18.02.2022
өлшемі3.87 Mb.
#455492
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   164
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру

Пайдалынылған әдебиеттер: 
1.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа 
бағдар: рухани жаңғыру:» мақаласы 2017 жылғы 24 сәуір 2017 ж. 
2. Қазақстан тарихы  әдістемелік журнал.  2017 жыл  №7  28 бет 
 
 
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ БАСТАУЫШ 
СЫНЫП МҰҒАЛІМІНІҢ РӨЛІ 
 
Садыкова Берикзат Сайдыгалиевна 
Алматы облысы, Іле ауданы, №1 орта мектебінің 
бастауыш сынып мұғалімі
 
 
Бүгінгі  жаһан  қарыштап  дамыған  кезеңде    ең  басты  құндылығымыз  – 
рухани  байлығымыз  назардан  тыс  қалып  қоймағаны  абзал.Әсіресе  жас 
ұрпақтың  көбінесе  ғаламтор  мен  әр  түрлі  әлеуметтік  желілерді 
тізгіндеп,ұлттық  болмысына  көз  сап  та  қарамайтыны  қатты  қынжылтады.
 
«Цифрлы Қазақстан»,  «Үш  тілді  Қазақстан»  -  бәрі  де  керемет  .Өткен 
тарихымыз  бен  мәдени  ескерткіштерімізді,  туған  жеріміздің  шүрайлы 
жерлерін көзбен көріп,оның сиқырлы сырларын терең меңгергенге не жетсін. 
Өткен тарихымызды білмесек,болашағымыз да  бұлыңғырлана түседі. 
 Осы  орайда  біздің  басты  рухани  байлығымызды  оқып  үйренуде 
Елбасының «Болашаққа бағдар – Рухани жаңғыру» бағдарламаының  алатын 
орны ерекше болып тұр. Алдымызда  отырған жас үрпақ өкілдеріне тәуелсіз 
елдің  азаматы,  ұстаз  ретінде  осы  бағдарламаны  жүзеге  асыруда  не 
береміз.Бүгінгі  күні  олар  халқымыздың  ұлттық  құндылықтарынан  ажырап 
қалған жоқ па деген заңды сауал өзінен өзі туындайтыны рас. 
Елбасы  өскелең  ұрпақ  бойында  туған  тіліміз  бен  мәдениетіміз, 
тарихымыз  бен  салт-дәстүрлеріміз,  бір  сөзбен  айтқанда  ұлттық  кодымызды 
сақтау  керектігін  айтты.Ұлттық  коды  болмаған  халықтың  болашағы  жоқ 
екенін атап көрсетті. Осындай ұлттық құндылықтарымызды бастауыш сынып 
оқушыларының  бойына  терең  сіңдіріп  оқыту  екендігін  біз  аса  жауапты 


307 
 
міндетіміз  бен  жас  ұрпақ  алдындағы  қасиетті  борышымыз  деп  білеміз. 
Сондықтан,  Отан  отбасынан  басталатындықтан  туған  жеріміздің  көркем 
табиғатын,оған  деген  сүйіспеншілікті  сурет  көрмесін  ұйымдастыру  арқылы 
өткіздік.  «Менің  туған  елім»  тақырыбында  ұйымдастырылған  бұл  сурет 
көрмесі  балалардың  балғын  қаламдарына  ерекше  бір  қуаныш  сыйлады. 
Олардың пәк көңілдеріне қанат бітірді. 
Елбасы  туған  жердің  мәдени  мұраларын  зерттеуді,елін  сүйген  ерлерді 
насихаттауды да өз мақаласында тапсырды.Аулымызда көптеген елге еңбегі 
сіңген еңбек ,соғыс ардагерлері мен ауыл ақсақаалдары тұрады.Олардың ерен 
еңбектерін  жас  ұрпақ  біліп  өсуі  үшін  олармен  жақын  танысып,еңбек 
жолдарын  оқып  ұйреніп  жүрміз.Ұлы  Отан  соғысының  ардагері  Алибаев 
Жұмағали  ата  бәрімізге  ұлгі  тұтар  батыр  атамыз.Оның  баға  жетпес  ерлігін 
тек  ауыл  адамдары  үшін  емес,барлық  жастар  үшін  мақтан  етіп  айтамыз. 
Батыр атамыздың ерлігін паш етіп бастауыш сынып оқушыларымен кездесе 
отырып,респубикалық  «Егемен Қазақстан » газетінде  
«Аға  ұрпаққа  бас 
иеді Қоянқұс» деген мақала жарияладық. Мектебімізде әдістемелік жұмыстар 
өте  жақсы  жолға  қойылған.Бірнеше  жыл  бойы  «Жеті  жетекші  »танымдық 
бағдарламасы  нәтижелі  еңбек  етіп  келеді.  Бағдарлама  жетекшісінің 
басқаруымен  халқымыздың  төл  кәсібі  –  төрт  түлік  малды  оқып  зерттеп, 
оқушыларға үйретіп жүрміз. Соның нәтижесінде жылқы малы туралы зерттеу 
ғылыми  жобасы  жүзеге  асырылып,облысытық  деңгейде  қорғалды.Ал  4-
сынып  оқушылары  мен  ата-аналары  бірлесе  отырып,  «Түйе  –  төрт  түліктің 
төресі» 
тақырыбында 
республикалық 
деңгейде 
зерттеу 
сабағы 
ұйымдастырылды.Оқушылар 
тек 
қана 
ғаламтор 
желісі 
арқылы 
емес,ауданымыздағы Ақши аулына қарасты   «Тахир 
Болат» 
түйе 
шаруашылығына  барып,қасиетті  түйе  малымен  жақын  танысты.Түйенің 
боздағанын,оның 
түрлерін 
көзбен 
көрудің 
өзі 
ерекше 
әсер 
қалдырды.Болашақта  осы  бағдарлама  аясында  төрт  түлігіміз  бен  қатар 
ұлттық  киім,салт-дәстүрлерімізді  оқып  үйренуді  жалғастырамыз  деген 
ойдамын. 
Біз  қазақ  деген  қасиетті  де  қадірлі  елдің  үрпақтарын  тәрбиелеп 
отырмыз.Ендеше  біздің  атқарған  ісіміз  де  соған  лайықты  болуы  керек. 
Елімізге  рухани  дүниесі  бай  ,жаны  таза  адамгершілікті  азаматтарды 
тәрбиелеу – біздің  ең басты міндетіміз деп санаймын. 
Ұлттық  рухты  үнемі  ұлықтап  жүретін  қазақтың  тәлім-тәрбиесінің 
қайнар көзі тым тереңнен басталады. Ұлттық тәрбие алған ұрпақтың дені сау, 
ақылды,  білімді,  ұлтжанды,  еңбекқор,  кішіпейіл  болып  өседі.  Халықтың 
өмірін,  рухын  және  тілдерінен  тұратын  ішкі  заңдары,  оның  ұлттық  мінезін, 
болмысын  таныту  бүгінгі  таңда  жастарымыздың  тәрбиесіне  берер  пайдасы 
мол.  Ұлттық  тәрбие  берудегі  негізгі  тетіктерін  айырып,  білім  беру  үрдісіне 
ендіру  жолын  дұрыстау  –  бүгінгі  күндегі  елеулі  мәселелердің  бірі.  Ол 
тетіктерге  біріншіден  –  мемлекетшілдік  нышандарды  дамыту,  оны  ұлттық 
тәрбиемен  ұштастыру,  сөйтіп,  алдымен  отаншылдық  рухын  ояту  керектігін 
айта кету қажет. Ұлттың мәңгілік болуы оның уақытқа бағынбайтындығында 


308 
 
және  ұлттың  мәңгілік  болуы  халқын,  жерін,  елін  сүйетін  азаматтарды 
қалыптастырып,  тәрбиелеуде  болмақ.  Сондықтан  да,  жаңа  ғасырды  жақсы 
қарқынмен бастап келе жатқан егеменді еліміздің болашағы үшін саналы да, 
ұлтжанды  ұрпақты  тәрбиелеудің  ұлттық  сипатын  жандырып,  дамыту 
жолында  ұлттық  болмысты  қалыптастыру  жолын  нақтылағанымыз  жөн.     
Өркениетке  қадам  басқан  тұстағы  оның  алғы  шарттарының  бірі  ұлттық 
тәлім-тәрбие  мен  сапалы  білім  беру  болып  табылады.  Себебі,  жастарға 
ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты тәрбие беру – сол өркениетке жету 
жолындағы мұратымыздың кепілі. Біз – жаңадан аяғына тұрып келе жатқан 
дамушы  мемлекетпіз.  Егер  де,  қазіргі  жағдайымыз  бен  күш-қуатымызды 
білім-білік  пен  рухы  биік  жастарды  отаншыл  етіп  тәрбиелер  өнегелі  білім 
беру  жолына  негіздегеніміз  жөн.  Бұл  жайында  еліміздің  ертеңі  – 
жастарымыздың  өмірден  өз  орнын  тауып,  қарым-қабілеттерін  шыңдап, 
әлеуетін  анықтап,  танытуына  барынша  жағдай  жасау  керек  екендігі  туралы    
Елбасы  өзінің  халыққа  жолдауында  да  ашық  айтқан  болатын.  Мұның  өзі 
жастарды  қоғамда  белсенділігін  арттыруға,  олардың  бойында  ұлттық  сана 
мен отаншылдық қасиеттердің дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуы үшін 
ашылған  ақ  жол  тәрізді,  рухты  демеп  отыратынына  септігін  тигізбек.  Біз 
жастарды  тәрбиелегенде  шынайы  отаншылдарды  тәрбиелеуді  естен 
шығармағанымыз  жөн,  себебі,  солар  ғана  еліне  игілікті  істер  тындырып 
ауқымды  үлес  қоса  алады.  Жалпы,  келешек  ұрпақтың  қамын  бүгін  ойлау  – 
аға  ұрпақ  борышы.  Ұлттық  тәрбиелік  білім  беру  болашағымыздың  рухани 
дамуын қамтамасыз етеді. Оның тарихи қырын қарастыру туралы мәселенің 
қажеттілігі осы тұрғыда айқындалады. Ұлттық тәрбиелік білім жас ұрпақты 
әсемдікті  игеруге,  сұлулықты  сезініп,  қастерлей  білуге,  оны  өз  бойына 
дарыта білуге, яғни, эстетикалық тәрбие бере білуге, ең бастысы рухани даму 
сипатына  жетелейді.  Ұлттық  тәрбиелік  білім  беру  арқылы,  жас  өскелең 
ұрпақты халықтың тұрмыс-салты, әдет-ғұрпымен таныстырып, адамның ішкі 
сезімін,  жан  дүниесін  түсіне  білуге  бағыттауға  ұмтыламыз.  Жастардың 
айнала қоршаған ортадағы сұлулыққа ерекше әсерленуін, көз алдында болып 
жатқан  түрлі  құбылыстар  мен  табиғат  сұлулылығын  сезінуін,  түсінуін,  оны 
бағалап, 
танымдық, 
қызығушылық 
көзқарастарын 
қалыптастыруға 
негіздейтін  –  осы  ұлттық  тәрбие.  Жас  ұрпақты  елжандылыққа  тәрбиелейтін 
тағылымды тәлім – ұлттық рухта тәрбиелеу мен оқыту.  
Ұлттық  рухта  білім  алған  жеткіншек ұлттық  тұлға  болып қалыптасып 
шығады.  Ұлттық  білім  берудің  өзі  –  ұлттық  қауіпсіздік  пен  мәдениеттің 
құрамдас  бөлігі.  Ал,  ұлттық  білім  берудің  құндылығы  толығымен  саяси 
күрес,  қалыптасқан  дәстүрлермен,  әлеуметтік  дамумен,  отандық  және 
батыстық ғылымның бірігу дәрежесінен көрініп, анықталған. Халқымыздың 
сан  ғасырлардан  келе  жатқан  ұлттық  мұрасын  оқу-тәрбие  ісімен 
сабақтастыра  отырып  тәрбиелеу,  ұмыт  қалған  салт-дәстүр,  ұлттық 
ерекшелігімізді  насихаттап,  олардың  бойына  ұлттық  психологияны 
қалыптастыру – әрбір оқытушың міндеті. 


309 
 
Ұлттық  тәрбиені  салт-дәстүр,  әдет-ғұрыпты  дәріптеп  оқыту  арқылы 
білім  алушының  бойына  күнделікті  өмір  тұрғысындағы  тәрбие 
нақыштарының  сан  белесінен  хабардар  етеміз.  Сол  дәстүр  нақыштарымен, 
әдет-ғұрыптардың бүгінгі таңдағы ролін айқындай отырып, жастардың халық 
үрдістеріне деген сүйіспеншілігін оятуды мақсат етуді негіздеу. Жалпы, салт-
дәстүр,  әдет-ғұрып  адам  психологиясымен  етене  байланысып,  замана 
жаңаруына  сай  өзгеріп  отыратын  құбылыс.  Қазақ  –  салт-дәстүрге  бай 
халықтардың  бірі.  Жалпы  адам  өмірі  салт-дәстүр,  той-томалақ  рәсімге, 
ырымдар  мен  наным,  ән  мен  күйге  толы.  Салт-дәстүр  халықтың  ғасырлар 
бойы  қалыптасқан  бір  саласы.  Ол  адамдармен  бірге  туып,  дамып 
қалыптасқан.  Адам  дүниеге  келген  күнінен  баста  өмірінің  соңғы  демі 
шыққанға  дейін  салт-дәстүрдің  ықпалында  болады.  Ол  бір  адамның 
шығарған  ой-түйсігі  емес,  халықтық  сана-сезімнің  қалыптасқан  үрдісі 
іспеттес.  
Халықтың  сан  ғасырлар  ұлттық  тағылымына  қатысты  өзіндік 
ерекшеліктерінен  туындаған  салт-дәстүр,  әдет-ғұрыптары  мол.  Салт-
дәстүрлер  қоғамның  дамуына  орай  толысып  немесе  қолданыстан  шығып 
қалып  отыратын  құбылыс  болғандықтан,  біз  ұлттық  тәрбиені  оқыту 
барысында  оларды  шығу  тарихын,  қолдану  заңдылықтарын  ескере  келіп, 
адам  тәрбиесіне  өзектілігіне  көңіл  бөлуіміз  қажет.  Оқыту  барысында 
қамтылатын  материалдардың  ұлттық  тәрбие  жүйесін  жетілдіруде  оның 
тарихи  мәнін  ғана  ашып  беру  емес,  қазіргі  заман  жетістіктеріне  сүйене 
отырып, өмір тынысына сай келетінін жаңғыртып пайдалана білуге үйретуді 
мақсат  еткен  орынды.  Арнайы  пәндер  бойынша  бағдарламада  берілген 
бөлімде 
салт-дәстүр,әдет-ғұрып 
туралы 
теориялық 
жүзінде 
қарастырылады.Оның өзі толық түрде оқып,ұғынуға тәжірибеде іске асыруға 
(театрландырылған қойылым,көрініс арқылы ) мүмкіндік жоқтың қасы. 
Әлеуметтік-мәдени  салт-дәстүрлерді  ұлттық  тәрбие  бағдарламасымен 
сабақтастыру  мәселесінде  ұлттық  мерекелер  мен  ұлттық  қонақжайлықты 
дәріптеу  саясатын  негізге  алу  қажет.  Адам  баласына  күнделікті  өмір 
тіршілігінде  қоғамдық  жайттардағы  кез-келген  мәселе  тек  тәрбиеге 
бағытталуы тиіс. Біз сонда ғана болашақ ұрпағымызды саналы да білімді етіп 
тәрбиелей  аламыз.  Жастардың  санасына  ұлттық  тәлім-тәрбиені  қандай 
жолмен  сіңдіріп,  тағылымдық  тәрбиесі  мол  дәстүрден  сусындатуды  қалай 
жүзеге  асырамыз?  Бұл  сұрақтар  жалпы  бізді  ғана  емес,  бүкіл  иісі  қазақ 
баласын  толғандыруға  тұрарлықтай  мәселе  болу  абзал.  Сонда  ғана  бұл 
мәселе мейлінше алға жылжып, жоғары дәрежеде қоғамға өзіндік үлесін қоса 
алады.  «Адамға  ең  бірінші  тәрбие  берілуі  керек,  тәрбиесіз  берілген  білім  – 
адамзаттың  қас  жауы,  ол  келешекке  оның  барлық  өміріне  апат  әкеледі»,  – 
депті  әл-Фараби  бабамыз.  Бүгінгі  таңда  белең  алған  жастар  арасындағы 
келеңсіз  жайттардан  арыламыз  десек,  ұлттық  тәрбиеге  баулитын  салт-
дәстүріміз  бен  әдет-ғұрпымыздың  маңызының  тереңде  екендігіне  көз 
жеткіземіз.  Жалпы  жастарды  қадір-қасиетін  жоймаған  салт-дәстүрлермен, 
әдет-ғұрыптармен,  жыраулық  қисса-дастандар,  шешендік  және  нақыл 


310 
 
сөздермен,  эпостық  және  батырлар  жырымен,  мақал-мәтелдер,  ұлттық 
ойындар  арқылы  тәрбиелеуге  де  болады.  Оқу  орындарымен  қатар,халықты 
тәрбиелейтін  мәден  орындардың  мамандары  да  осындай  мағыналы 
тақырыптармен  жоспарларын  қолға  алар  болса,  тәрбиенінің  түйіні  – 
адамгершілік,  имандылық,  ибалық,  ақыл-ой,  отбасылық  мәселелер  шешімін 
табар еді. 
Бабаларымыздың  ұлттық  тәрбиесін  отбасы  тәрбиесі  мен  білім 
ошақтарында жалғасын тауып оқыта білсек, жастарымыздың ертеңіне деген 
сенім дұрыс жолда болар. Бүгінгі білім алушы жас – ертеңгі ана немесе әке. 
Ол  алған  ұлттық  тәрбиелік  білімін  өз  санасында  қалдырып  қана  қоймай, 
отбасында  балаларға  құйып  елітер  болса,  егеменді  еліміздің  жарқын 
болашағы айқын ұлттық мәдениетіміз өркендері анық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет