104
тез босансын деген ниеттен туған. 3. Шілдехана. Жаңа туған нәрестені
әртүрлі «жын-шайтан», «перілердің» салқынынан қорғап, күзету үшін
өткізіледі. 4. Сүйінші. Немерелі болған әже сүйінші сұратып, қуанышты
хабарды жеткізу үшін жас балалар мен келіндерді жан-жаққа жібереді. 5.
Балаға ат қою. Нәрестеге үш күннен қалмай азан шақырып, ел ішіндегі аузы
дуалы қария немесе баланың ата-әжесі мағыналы ат қояды. Себебі, ат
қойыстың өзінде бүкіл бір халықтың психологиясы, таным-түсінігі, ой-
арманы айқын көрінеді, баланың өмір жолы атына
байланысты жазылады деп
саналады. 6. Бесікке салу. Кіндігі түскен баланы бес күннен қалдырмай
бесікке салады. Себебі, одан кешіксе баланың бесікке үйренуі қиындайды. 7.
Баланы қырқынан шығару. Қырық күн толғаннан соң баланың «сүт тырнағы»
мен «қарын шашын» алып, теңгелер салынған ыдысқа қырық қасық су
құйып, шомылдырады. 8. Тұсаукесер. Сәби жүре бастаған кезде ата-анасы
тұсауын кеседі, себебі, «балам тез жүріп кетсін» деген ізгі тілектен туған. 9.
Тілашар. Бүлдіршіннің тілі жеке-жеке сөздерді айтуға икемделе бастаған
кезде «тілашар» жасайды, себебі, балам тезірек анық сөйлейтін болса деген
тілектен туған. 10. Атқа мінгізу. Баланың буыны бекіп, ат үстінде өзін-өзі
ұстап отыра алатындай жағдайға жеткенде ашамай ерге мінгізіп үйретеді. 11.
Сүндет тойы. Ер балаларды 5, 7 не 9 жасында сүндетке отырғызады.
12. Тоқым қағар. Бала бірінші рет үйінен алысқа жолаушы шыққанда
өткізіледі. Себебі, баламның «сапары сәтті болсын», аман-есен оралсын деген
тілектен туған.
4-бөлім – «Жануарлар әлемінде» «Атбегінің әліппесі» тақырыбымен
құрылған сабақ оқушылардың таным-деректерін молайтып қана қоймай,
жылқы малын түстеп, тануға мүмкіндік берді. Зерттеу сабағы жылқы
анықтамасы, тарихы, түрі, түсі, жасы, ат әбзелдері, жүрісі, қасиеті, қорегі,
жылқы малы үстінде ойналатын ұлттық ойндар, жылқы сөзінің ауыз екі тілде
қолдану аясы, жылқы малының халық ауыз әдебиеті мен көркем
шығармалардағы қолданысы, жылқының пайдасы деген ретпен өткізілді.
Осы ретпен «Қой шаруашылығы», «Түйе – төрт түліктің төресі» атты зерттеу
мектебімізде қолданыста.
Халық мәдениетінің алтын бесігі болған ұлтымыздың аталған рухани
байлығының құны жоғарылап, өмірде жаңартылған білім мазмұны арқылы
қолданыс табуда. Мыңдаған жылдар бойы жасалған халықтың тәлім-
тәрбиелік жолы, санаға сіңген салты, дәтке қуат берген дәстүрі жаңғыруда.
Ұлттық мектептің ірге тасы қаланды. Сөйтіп, ұлттың ұлағатты ұғымдары мен
тәрбиесін, тарихын, өнерін, тілін, дінін қадірлей білетін ұрпақ тәрбиеленуде.
Швед журналисті А.Г.Нильсон «Қазақ болғым келеді» деген
мақаласында («Қазақстан - Zaman» 24.07.2008 ж) былай деп ой толғапты:
«Қазақтарда ата-әжелерін құрметтеп, жастары алдынан кесе-көлденең
өтпейді. Немерелерінің үйдегі тәрбиесін ата-әжесіне тапсырады екен.
Немерелерін еркелетіп, мойнына мінгізіп, айналып-толғанып жатқаны:
«Ботақаным, құлыным, қозым, балапаным» деген асыл сөздерімен бесік
105
жырын, әдемі ертегілерін айтып отырғанын көріп көзіме жас келді. Тіпті
қазақ болғым кеп кетті.
Менің қазақтарға айтарым, бізге ұқсап «жаңа қоғам» құрамыз деп
жүріп жолдан адасып қалып жүрмеңіздер дер едім.
Егер Нобель сыйлығы бір ұлтқа берілсе, тек қазақ ұлты лайық дер едім.
Қулық-сұмдықты білмейтін, өзге ұлттарды құшағына тарта білетін, алғаш рет
көріп тұрсаң да жатырқауды білмейтін, сәби мінезді халық екеніне көзім
жетті. Осындай халқы бар Н.Назарбаев бақытты, Нұрсұлтандай Президенті
бар қазақ халқы бақытты дер едім»- дейді.
Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. ”Адам
ұрпағымен мың жасайды” демекші, болашағы бар ел ғана тарих бетінде ұлт
болып жазылмақ!
Достарыңызбен бөлісу: