Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет58/164
Дата18.02.2022
өлшемі3.87 Mb.
#455492
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   164
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру

 
 
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА ҰЛТТЫҚ 
БІЛІМ МЕН ҰЛТТЫҚ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ 
 
Сарсенбаева Аян Қыдырқожақызы, 
Алматы облысы, Іле ауданы, № 1 орта мектеп директорының 
әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары 
 
Кез  келген  халықтың  жаңа  буыны  мен  жас  ұрпақтарының  бастауы  – 
шаңырақ  көтеріп,  жанұя  құрудан  басталатындығы  табиғи  шындық.  Халық 
даналығы осынау бір аса жауапты кезеңді тіршіліктің ішкі мәнімен тереңдете 
түсіп: «...Адам ұрпағымен мың жасайды...»,– деп тұжырымдаған екен. Оны 
тек  халық  педагогикасының  алуан  түрлі  арқауларына  ғана  сүйеніп  қол 
жеткізбекпіз.  Соның  ішінде  қазақтың  халық  педагогикасының  ұлттық 
ерекшеліктерін  жасайтын  дәстүрінің  маңыздысы  –  халқымыздың  тегін 
сақтау.  


102 
 
Жұмыр  жердің  үстінде  тіршілік  ететін  халықтың  қай-қайсысының  да 
халықтық  тектерінің  (гемофон)  қалыптасқан  қуат-күштерін  білуге 
ұмтылмайтындары жоқ. Жалпы халықтық Тек дегеніміз не?.. 
Меніңше, бұл мақсатты орындау үшін  кез келген халықтың, ең негізгі 
үш таған қасиеттерін білген жөн. Оларды сұрыптай тұжырымдасақ:  
  халықтың ең оқшау ерекшеліктерін байқататын дәстүр-салты; 
  халықтың өзі қалыптастырған сөз саптаулары немесе сөз өнері
  терең  тұжырымдардан  тұратын  ой  өрнектері  мен  шеберлікпен 
жасаған қолөнері.  
      Міне, осындай  қасиеттерін  ажырата  отырып, кез  келген  халықтың  тегіне 
ой  жүгіртуге  болады.  Өйткені,    адамдық  ТЕК  –  бүкіл  бір  халықтың,  тіпті 
күллі  адамзат  қауымының,  іштей  түлейтін  қуаттарының  қайнар  көзі. 
Қашанда,  өзінің  тегін  түсінген  халықтың  ұрпағы  қандай  қиыншылық 
кездессе  де  төзе  біліп,  өздерінің  алдына  қойған  мақсаттарына  жетпей 
қоймайды  екен.  Мұның  өзі  түптеп  келгенде,  адам  тәрбиесінің  ата-баба 
зердесімен, тәрбиесімен аса тығыз байланыстылығын көрсетсе керек.   
Білім  беру  жүйесінің  басшы  және  ғылыми-педагогикалық  кадрлары 
біліктілігін 
арттыратын 
республикалық 
институтының 
тұлғаны 
әлеуметтендіру  кафедрасы  дайындаған  Қазақстан  Республикасы  азаматына 
тәрбие  беру  үлгісі  2009  жылы  дайындалып,  педагог-тәрбиешілерге 
ұсынылды.  Аталмыш  үлгіні  басшылыққа  ала  отырып,  «Жеті  жетекші» 
бағдарламасы  құрылды,  оны  Сараптама  Кеңесі  2009  жылы,  10  қазан,  №15 
хаттамамен  бекіткен  болатын.  Бағдарлама  ерекшелігі:  Сабақ  үрдісінде, 
сынып сағаттары мен тәрбие сағаттарында, сыныптан тыс түрлі іс-шараларда 
әр  сыныптың  жас  ерекшеліктеріне  қарай  (педагогикалық  технологиялар 
арқылы) өтетін жетекші тақырыптарға топтасқандығы.  
1-4-сыныптар – салт-дәстүр, ақыл тәрбиесі. 
5-7-сыныптар – білім мен логика. Тіл, ойлау, зердесін ояту. 
8-9-сыныптар –  түйсік пен ішкі сезім, жүрек тәрбиесі. Адамгершілік. 
10-11-сыныптар – азаматтық. Орта білім, кәсіп.  
2011 жылдан Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық 
кадрлары  біліктілігін  арттыратын  республикалық  институты  директоры  Г.К 
Ахметова,  тұлғаны  әлеуметтендіру  кафедрасымен  шартқа  отырып,  ашық 
сабақ, семинарлар ұйымдастырып өткізіп келеміз.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет