136
Ұлттық бірегейлікті сақтау мектепке дейінгі ұйымдарда «отбасы»,
«бала» және «педагог» деген үш одақ арасындағы қарым қатыныстың
беріктігінен басталады. Баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік,
қайырымдылық сынды қасиеттерді саналарына сіңіріп, жаһандану заманында
өз елін қорғайтын, үлкенді сыйлайтын, рухани бай тәуелсіз елдің ұрпағын
тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешінің серіктесе жұмыс жасауының маңызы
зор. Осы тұрғыдан балабақшада ұйымдастырылатын әрбір іс-шара және
балабақшадағы жылдық жоспардың құрылымы ата-аналармен серіктесе
жұмыс жасауға бағытталған.
Ұлттық бірегейлікті сақтау барысында ата-анамен балабақшаның
ынтымақтастығын арттырып, бірлескен жұмыстарда ұлттық құндылықтар
мен салт дәстүрлерді, тіліміз бен музыкамызды, әдебиетімізді, ұлттық
рухымызды жас ұрпақтың бойына қалыптастыруда:
1.Балабақшаның дәліздері, топ бөлмелері ұлттық нақышта ою-өрнектермен,
жәдігерлермен, ұлттық бұйымдармен безендірілді. Ата-аналар көрмеге
шығармашылығымен өз қолдарымен жасаған қазақтың қол өнер бұйымдары,
әшекейлерін және тұрмысқа қажетті заттарын сыйлады.
2.«Қарты бар ел-қазыналы ел» атты 1-қазан қарттар күніне арналған іс
шараның мақсаты өскелең ұрпақтың бойына инабаттылық, адамгершілік
қасиеттерді сіңіре отырып, үлкенді сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеуге
негізделген.
3. «Өнеге отбасынан» атты жанұялық сайыс құндылығын жоғалтпай
ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт – дәстүрімізді қадірлеп,
қастерлеп келер ұрпаққа жеткізу үшін ұйымдастырылады.
4. Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесіне орай, отбасы мен балабақшаның
серіктестігін нығайту мақсатында «Наурыз-той думан» атты іс шара кең
көлемде балабақша ауласында ата-аналармен бірлесіп өткізілуі, жыл сайын
дәстүрлі іс-шараға айналған. Бұл іс-шарада ата-аналар батыр-билер ауылы,
сазгер-әншілер ауылы, қол-өнер ұсталар ауылы, аңыз-ертегілер ауылы
болып, өз өнерлерін көрсетіп, балаларына ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге
үлестерін қосты.
5. «Туған жерге - тағзым» атты бағыт бойынша барлық топтың ата-аналары
балабақшаның ауласына шырша, тал, гүлзарлар отырғызып, көгалдандыру
жұмыстарына белсенді араласады.
Достарыңызбен бөлісу: