137
болғандықтан, біркелкі әдістен табан аумай шектеліп қалуға болмайды
... Сабақ беру үйреншікті жәй шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны
табатын өнер» деген даналық сөзін еңбек жолымызда қағида ретінде
ұстана отырып, балабақша қызметкерлерінің біліктілігін арттырып, жас
педагогтарға тәжірибелік көмек ұсынуда, заманауи технологияларға сай
семинарлар , кеңестер балабақшаның жылдық жоспарына сәйкес және
жоспардан тыс ұйымдастырылады.
Қазір білімге, инновацияға толық мүмкіндіктер жасалған. Әр адам
өз өмірінің маңызды, мәнді болуы үшін, қоғамға қажетті болуы үшін еңбек
ететін болса, осы арқылы біздің әрқайсысымыз Еліміздің гүлденуіне
үлесімізді қосамыз!
Сондықтан «Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің
дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған
көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді» деген Елбасының сөзін
есімізден шығармағанымыз жөн. Тұжырымы- болашақ ұрпақтың ұлттық
сана сезімінің көк жиегін кеңейтуге, ұлттық болмыстың өзегін сақтауға
негізделген. Сондықтан дені сау, білімді, саналы, рухани бай, салауатты,
жан-жақты дамыған, елін, жерін сүйетін, салт-дәстүрді құрметтей білетін
ұрпаққа тәрбие мен білім берудің мазмұнын жаңарту аясында, ұлттық
құндылықтарды мектепке дейінгі ұйымда кеңінен қолданудың маңызы зор
және мектеп жасына дейінгі балалардың жарқын болашағының тұғыры-
рухани жаңғыру болып табылмақ!
Достарыңызбен бөлісу: