138
Только духовно богатые люди, причем с высшим образованием,
своевременно отвечает требованиям нового времени замерзания, может
принять правильное решение. В этой статье общественно-политической и
культурно-просветительской направленности, принятием важных проектах
реальные шаги. Для каждого из которых должны отнестись с большой
ответственностью.
«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген халқымыздың ежелден келе
жатқан нақылы бүгінгі күні де өз маңыздылығын жоғалтпай келеді. XXI
ғасырға аяқ басып, тәуелсіз мемлекетіміздің көк байрағы әлемдік аренада
желбіреп, мемлекетіміз бен ұлтымызды дүниежүзі тануда. Күн санап
өзгерген заман талабы жаңа тарихи кезеңге қадам басқан жаһандану
ғасырында ұлттық санамыз бен діңгегімізді сақтап қалу барша қазақ
халқының алдында тұрған үлкен мүдде. Мәңгілік ел орнатып, дамыған 30
елдің қатарына қосылуды мақсат етіп, өркениеттің ұлы көшіне өз
халқымыздың мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрін ұмыттырмай, келер
ұрпаққа жеткізу керек.
Елбасы «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты Қазақстан халқына
жолдаған саралы мақаласында:
- Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі
бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі
дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған
таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді
теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып,
заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға
сіңіруіміз керек, - деген тың көзқарасын білдірді. [1, 8 бет]
Осы орайда, зиялы қауым, білім, ғылым, ағартышулық саласындағы
кәсіби қауымдастықтың өкілі ретінде рухани жаңғыру - балабақшадағы
сәбилерімізге тәлім-тәрбие беруден басталады деген ұстанымдамын. Рухты
жаңғырту үшін – сананы жаңғырту керек. Ата-баба тарихын толық зерттеп,
бала санасына сіңіріп, тәрбиелеуіміз керек. Балабақша қабырғасынан
«Алпамыс», «Қобыланды», «Ер Тарғын» сияқты батырларымызбен «Ер
Төстік», «Толағайдай» ертегілерді дәріптеп, солар туралы кітап,
мультфильмдер көрсетіп, бала қиялын дамытуымыз керек. «Жеті атасын
білмеген – жетесіз» дегендей, әр балаға өз ата - бабасын білуді, солармен
мақтануды үйрету – басты әрі маңызды міндет. Балабақша балалары өз
отбасын, ауылын, өзі туылған елді-мекендер тарихын біліп, сонымен
мақтанып, өсетін болады. Тарихи құндылықтарды біз үнемі бала санасына
жеткізіп отыруымыз керек және зерттеп, зерделеп, бүгінгі заманның
көқарасына ұштастырып, бала санасына ерік бергеніміз жөн. Бұл ұзақтау
процесс болғанымен бір жүйеге нақты қойылса, бас-аяғы 4-5 жылда жаңа
буын мүлде басқа формацияда елге, жерге деген сүйіспеншілікпен қарай
бастайды. Сонда ғана елін, жерін мақтан етіп, рухы мықты, ата-баба салт-
дәстүрін білетін «Мәңгілік елдің» негізін қалаушы жас қырандар биікке
көтерілері нақ.
140
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдармалық мақаласында Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаев өз елін, жерін, Отанын құрметтеуге шақырған. Туған
өлке әрқайсымыз үшін қымбат болғандықтан, Целиноград ауданы Софиевка
ауылының дамуына, көркеюіне үлес қосуға алдыма мақсат қойдым. Әрине,
жас жетекші ретінде айтарым, мұндай ауқымды мекемені басқару мен үшін
бастапқы кезеңде күрделі болды. Алайда, табанды еңбек арқасында алдыма
бірқатар жеке марапаттарға ие болдым: «Көшбасшы -2017» мараптқа ие
болып, Баку қаласында өткен салтанатты іс -шараға шақырылдым,
Целиноград ауданынның 90-жылдығына елеулі үлес қосқан үшін Құрмет
грамотасына ие болдым, қашықтан интернет-байқауларына белсенді
атсалысқан үшін және көптеген қоғамдық жұмыстарға үнемі қатысқан үшін
алғыс хаттармен марапатталдым.
Сөз соңында айтарым,
«Жерде жатқан жұмыртқа – аспанға ұшар қыран
болар» дегендей, бүгінгі балабақшадан дұрыс тәлім-тәрбие алған ұрпақтың
рухы жаңғырары сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: