“құндылық” ұғымының қалыптасуына тоқталатын болсақ, қазақ тілінің
түсіндірмелі сөздігінде: құндылық – нарқы жоғарылылық, қымбаттылық,
бағалылық деген ұғымды білдіреді. Құндылық арқылы сол заттың маңызын,
мәнділігін, пайдалылығын, қажеттілігін, керектігін білуге болады. Мәселен,
есептегіш машинаның құндылығы адамның оны дұрыс пайдалана білуіне
байланысты (Қ.Жарықбаев).Орысша - қазақша аударма сөздікте: “құндылық”
– құнды зат, мәнділік, ғылымда құндылық қазына, байлық деген ұғымдарды
көрсетеді. Қазақ совет энциклопедиясында: “құндылық” – обьектінің
жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық –
социологиялық ұғым. Құндылық обьектінің адам үшін қаншалықты
маңыздылығын анықтайды – деп көрсетілген. Әрі қарай құндылық ұғымын
тұңғыш анықтаманы философтар (Лотце, Коген) берді. Құндылық екі
компоненттен тұрады: пәндік және саналық. Пәндік құндылық – оған
заттардың табиғи қажеттілігі, еңбектен шыққан өнімнің өзіндік құны,
әлеуметтік игілік, ғасырлар бойы қалыптасқан мұра, ғылыми ақиқаттың
теориялық маңызы және практикалық пайдасы, адамдардың іс-әрекетіндегі
жамандық пен жақсылықтың іске асуы, табиғи және қоғамдық обьектілердің
эстетикалық қасиеттері жатады. Санадағы құндылыққа қоғамдық ой, баға
беру, мақсат, оған жетудің жолдары, түрлі нормалар жатады. Пәндік және
субъективтік құндалықты философтар адамның дүниеге қатынасының екі
жағы объектісі, әрі субъектісі ретінде қарастырады. Пәндік құндылық – баға
берудің объектісі. Субъективтік құндылық – олардың өлшемі мен әдісі:
Философиялық сөздікте: “Ценности” – специфическое социальное
определение обьектов окружающего мира, выявляющие их положительное
или отрицательное значение для «человека и общества благо, добро и зло
прекрасное и безобразное». Внешние ценности выступают как свойства
предмета или явления однако они присущи ему не от природы, не просто
силу внутренней структуры, обьекта самого себя, а потому что он вовлечен в
сферу общественного бытия человека и стал носителем определенных
социальных отношении” делінсе, психологиялық сөздікте: “құндылық”
түсінігі қоғам үшін әлеуметтік – тарихи маңызы бар, “жеке адам” өмірінің
170
болмысын анықтайтын құбылыс. Басқа жағынан психологияда құндылық -
қоғамдағы моральдық қарым – қатынас. Осы айтылғандарға сүйене отырып
біз, құндылық біріншіден – жеке адамның адамгершілік қасиеті, оның
абыройы, әділділігі, бақыты болса, екіншіден - моральдық сана, норма,
мүдде, принцип, мұрат пен мақсат – деп білеміз. Өйткені, қай кезде де адам
өмір сүретін ортада қызмет етіп, іс- әрекет жасаса, өз қажеттілігін өтеу үшін
алдына мүдде мен мақсат қойып мұратына жетуге ұмтылыс жасайды. Ал,
мұратқа жету де білім, ақыл – ой, шеберлік, ұстамдылық пен шыдамдылық,
яғни рухани құндылық негіздері ерекше орын алады. Адам мақсат-мұратсыз
өмір сүре алмайды. Ал, мақсат пен мұрат өмір сүрудегі ең алдымен керекті
құндылық. Мұрат дегеніміз- күш пен еңбек. Адам үшін өмірдегі ең басты
мақсат – қажеттілік. Ол адам өмірінің өзегі, ал басқа мақсаттар оған
жеткізетін баспалдақтар ғана. Ал, адамшылыққа жеткізетін қасиеттер ар-ұят,
ізгілік, мейірімділік, қанағат, әділдік, қарапайымдылық. Сондықтан,
педагогикалық сөздікте: “құндылық” – адамның ішкі құқы, ізгілігі,
адамдармен қарым – қатынасы, іс- әрекет кезіндегі көрсетілетін
қайырымдылығы, тұрақтылығы, мейірімділік тәрбиесі” – делінген. Себебі,
педагогикада “құндылық” тәрбие құндылығы арқылы жүзеге асады.
Олай болса, адам құндылғының өмірдегі сапасы: біліктілік, білімділік,
имандылық, адамгершілік (моральдық) эстетикалық, психологиялық,
өнерлілік, шығармашылық сатыларынан тұрады.
Адам құндылығының біліктілік сапасы - адамның өмір жолында
көргені мен естігеніннің тиімдісін, құндысын, пайдалысын көңіліне тоқу, ал
білімділік - тікелей ғылым негіздерімен қаруланды, яғни оқудан құралады, -
дейді профессор Ж.Наурызбай. Сонда біліктілік сапасы - рухани құндылық
(өнер, тіл, мәдениеті салт-дәстүр, әдет-ғұрып т.б.), ал білімділік сапасы –
дүниетанымнан: білімдер жүйесі сезім, қабілет, мұрат, мақсат, қызығушылық
және т.б. тұрады.
Білімділік сапа - зердені байытып, ойлауды белгілі бір дәрежеге көтеру
үшін керек, Сократ «Менің білетінім еш нәрсені де білмейтіндігім» – дегені
адамның әлі де ғалам құпиясынан бейхабар екенін көрсетеді. Қазіргі ақпарат
ағыны заманында адам баласы күнде естіген, көрген білгендерін қорытуға,
соған білімдері арқылы үлес қосуға мәжбүр болып отыр. Сондықтан алған
білімді жинақтаудағы сандық нәтижеден гөрі, оның сапалық жағына көп мән
берілсе, адам өмірде өз пайдасын тигізері сөзсіз. Сонда ғана білімділік негізі
руханилықтың баспалдағы бола алады.
Адам құндылығының имандылық сапасы - болашаққа деген үміт,
адамды, табиғатпен бүкіл әлемді жан – тәнімен сүйе білуді қолдайтын сенім.
Сонау орта ғасырда өмір сүрген әйгілі ғұлама Қожа Ахмет Яссауидің
заманында қайта - қайта «нәпсіңді тізгінде, жаның мен діліңді тазарт» – деген
өсиеттерінің түпкі тамырында, имандылық жатыр. Ол «өмірді қызық көру
үшін сүрмеу керек, нағыз жетілген адамша өмір сүру керек, яғни өмірде
жіберген қателерді жөндеп, күнәға батпай өмір сүруге тырысу қажет» , -
дейді. Қателесу бұл адам білместігінің кесірі. Бірақ сол қатені өзінің іс-
171
қимылында барынша «жоюға» тырысып қатесін түзету, әр адамның өз
қолында екенін көбі біле бермейді, күнделікті тіршілікте «заман өзгеріп, өмір
өз дегенін істеп, басқаларда мен сияқты жүр ғой» деген дәлелдер басымырақ
болып жатқан кездер әлі де көп. Осыдан келіп, «өзің білме – білгеннің тілін
алма» деген кереғар ұғым пайда болып отыр.
Адам құндылығының эстетикалық сапасы – бұл адамның жан
сұлулығы ой тазалығы, іс- қимыл мен ниетінің үйлесімділігі. Мәселен, өте
қас шебердің туындысы өз жүрек әмірімен жасалған өнер қашанда адам
жанына әсер етеді. Руханилық әсемдіктің өзара байланысы да адам үшін
құндылық болып есептеледі.
Адам құндылығының психологиялық сапасы – бұл адам бойындағы
сезім мен эмоция, «жан дүниесі» арқылы мейірімділікке, жылылыққа,
сұлулыққа әкелетін қажеттілік. Бұл физиологиялық қажеттілік емес, бұл
психологиялық ерекшеліктерден туындайтын адами қасиет. Бірақ бұл
қасиеттердің теріс доминатты роль атқаратын кезеңі де болады. Олар
қызғаныш, қорқу, ызалану, жек көру, және көре алмау т.б. Міне, осылардан
алыс болу үшін, адам өз зердесі мен білгірлігі, тапқырлығы өзін - өзі
тәрбиелеу арқылы жетілдіріп отырса ғана салауаттылыққа жетеді.
Адам құндылығының өнерлілік сапасы - руханилықтың әлеуметтік
саладағы ең өрелісі. Өнер арқылы адам баласы әлемге танылады. Бұл барлық
ұлттық мәдениетке тән құбылыс. Қазір өнер деген атты желеу етіп,
коммерциялық мүдделерді ғана көздеген іс- әрекеттер адам санасын
лайлайтында өнерді жиіркенішті тудыруы. Жас ұрпақ тәрбиесіндегі өнер -
бұл адам бойындағы дарындылықтың табалдырығы деп түсіндірген абзал.
Өйткені адам өз қолымен жаңа дүние жасап үйренбей өзін жетілдіре
алмайды.
Адам құндылығының шығармашылық сапасы - бұл адамның бүкіл
әлемді тануға ұмтылысы, оны тек бейнелеп қана қоймай, әрі қарай
жетілдіріп, дамытуға тырысуы. Жалпы қандай да болмасын адам кішкентай
кезінен өмірдің заңдылықтарына үлес қоссам, өзгертсем десе, барлық өмірін
соған сарп етер сөзсіз. Себебі, адам белсенділігі, еркіндігі, қажеттілігі,
қызығушылығы арқылы шығармашылыққа енгенде ғана өмір сүру мәнін аша
алады. Олай болса, білім беруді дамыту процесінің әлемдік үрдіс
дағдарысының кірігуі, дамыған елдердің стандартына деген ұмтылыс қоғам
дамуындағы қажеттіліктер туындатуда. Бүгінгі өмір талабы сапалы, әрі терең
білім беру жолдарын әлемдік дәрежеде ұйымдастыруды қажет ететіні
баршаға белгілі. Бұл қажеттілікке жетудегі басты стратегиялық мақсат -
адамзат жинақтаған білімді жай игеріп қана қою жеткіліксіз, соған сәйкес
ақпарат негізінің артуы мен оның өсу модернизациясына ілесудегі адами
құндылығы болып табылады. Еліміздің болшақтағы келбетін анықтайтын –
бәсекеге қабілеттілік қоғамның білім деңгейі мен интелектуалдық әлеуеті
ұлттық байлықтың маңызды құрамы ретіндегі сипатқа ие болды, ал адамның
білімділігі, кәсіби икемділігі, шығармашылыққа талпынысы және қалыптан
172
тыс жағдайларда әрекет ете білуі қоғамның тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін
қамтамасыз етуге шарт бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: |