Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет83/164
Дата18.02.2022
өлшемі3.87 Mb.
#455492
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   164
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру

Өйткені,  заман  да,  қоғам  да  бір  орында  тұрмайды.  Бір  сәт  жан  - 
жағымызға көз жүгіртіп қарасақ, сәт сайын өзгерген, тың идеялар мен жаңа 
инновациялық  технологиялардың  қарыштап,  ақпараттың  әр  секунд  сайын 
өзгергенінің  куәсі  боламыз.  Әлемнің  көз  ілестірмес  даму  қарқынына  орай, 
көш  бастап  келе  жатқан  дамыған  елдер  қатарынан  көріну  үшін  білім  беру 
жүйесі  мен  экономикалық,  әлеуметтік  мәдениетімізге  мейлінше  өзгерістер 
енгізу  талабы  туындайды.  Өйткені  әлем  қазіргі  күні  «білім  қоғамынан» 
«білім экономикасы» қоғамын құру бағытына қарай көш түзеуде. Олай болса, 
өзгеру, алдымен, өзім үшін қажет. Нарыққа төтеп беріп, қоғам сұранысына ие 
болу  үшін  қажет.  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  «Болашаққа  бағдар: 
рухани  жаңғыру»  мақаласында:  «сананың  ашықтығы  зерденің  үш 
ерекшелігін  білдіреді.  Біріншіден,  ол  дүйім  дүниеде,  Жер  шарының  өзіңе 
қатысты  аумағында  және  өз  еліңнің  айналасында  не  болып  жатқанын 
түсінуге мүмкіндік береді.    Екіншіден, ол жаңа технологияның ағыны алып 
келетін  өзгерістердің  бәріне  дайын  болу  деген  сөз.  Үшіншіден,  бұл  – 
өзгелердің  тәжірибесін  алып,  ең  озық жетістіктерін бойға  сіңіру  мүмкіндігі. 
Бәсекеге қабілеттілік саясатта, экономикада, руханиятта, яғни барлық салада 
болуы мүмкін, бірақ осыны игерудегі басты қажеттілік адам санасы арқылы 
жүзеге  асады.  Өйткені,  бәрі  санадан  басталады».    Ғалым  А.В.Петровский:    
Сана – психика дамуының жоғары сатысы ретінде, ең алдымен, жалпы және 
болмыстағы  елеуліні  тану  қабілеті  сияқты  қасиетімен  ерекшеленеді.  Жеке 
адам  санасы  мен  қоғамдық  сана  диалектикалық  бірлікте  болады.  Қоғамдық 
сана  жеке  адамдар  мен  бұқара  көпшіліктің  шығармашылық  іс-әрекетінің 
нәтижесінде қалыптасады  –дейді. Олай болса мұндай қажеттілікте алдымен  


168 
 
сана  түзелуі  керек.  Сананы  рухани  жағынан  үнемі  жетілдіріп,  дамытып 
отыруға тиіспіз.    
Сана  дамуындағы  қажеттілік,  қабілет,  мүмкіндіктен  туындайтын 
нәтиже  даму  мен  ұмтылыс  арқылы  жүзеге  асады.  Олай  болса,  білім  беруді 
дамыту  процесінің  әлемдік  үрдіс  дағдарысының  кірігуі,  дамыған  елдердің 
стандартына  деген  ұмтылыс  қоғам  дамуындағы  қажеттіліктер  туындатуда. 
Бүгінгі өмір талабы сапалы, әрі терең білім беру жолдарын әлемдік дәрежеде 
ұйымдастыруды  қажет  ететіні  баршаға  белгілі.  Бұл  қажеттілікке  жетудегі 
басты    стратегиялық  мақсат  -  адамзат  жинақтаған  білімді  жай  игеріп  қана 
қою  жеткіліксіз,  соған  сәйкес  ақпарат  негізінің  артуы  мен  оның  өсу 
модернизациясына  ілесу  болып  табылады.  Оған  білім,  ғылым  арқылы  ғана 
жетеміз.  Рухани  жаңғыру  –  әрбір  жеке  тұлға  үшін  оның  тәрбиесі,  ұлттық 
сана-сезімі,  ұлттық  рухани  тамырынан  нәр  алған  құндылықтары  мен  оның 
жаһандық  өзгерістерді  дұрыс  бойына  сіңіруі.    Елбасының  руханиятқа, 
білімге,  ғылымға  мән  беруі  –  үлкен  көрегендік.  Еліміздің  болшақтағы 
келбетін  анықтайтын  –  бәсекеге  қабілеттілік  қоғамның  білім  деңгейі  мен 
интелектуалдық  әлеуеті  ұлттық  байлықтың  маңызды  құрамы  ретіндегі 
сипатқа  ие  болды,  ал  адамның  білімділігі,  кәсіби  икемділігі, 
шығармашылыққа  талпынысы  және  қалыптан  тыс  жағдайларда  әрекет  ете 
білуі қоғамның тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шарт бола 
алады.  Ұлттық  салт-дәстүрлеріміз,  тіліміз  бен  музыкамыз,  әдебиетіміз, 
жоралғыларымыз,  бір  сөзбен  айтқанда  ұлттық  рухымыз  бойымызда  мәңгі 
қалуға  тиіс.  Абайдың  даналығы,  Әуезовтің  ғұламалығы,  Жамбылдың 
жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар 
үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана – деген болатын Ел 
басшымыз  Н.Ә.Назарбаев  «Болашаққа  бағдар  –рухани  жаңғыру» 
мақаласында.  Олай  болса,  ұлттық  рухтың  мәңгі  қалуы  адами  қасиетіміздің 
құндылығына  байланысты.  Өйткені,  адами  құндылықтың  өзегін  құрайтын 
және  зерттейтін  саланы  –  аксиология  деп  атайды.  Аксиология  («ахіа»  - 
грекше  «құндылық»,  логос  –  ілім,  ғылым)  ғылымының  ең  басты  ерекшелігі 
оның    философиялық  сипаты  басым  келеді,  өйткені  философия  тиістілікті 
іздейді.  
Сондықтан  аксиологияның  ғылым  ретінде  қалыптасуына  үлес  қосқан 
философтар  (Гегель,  Кант,  Ницше,  Кассирер  және  т.б.)    мәдениеттің  ішкі 
құрылымынан,  жалпы  адамзаттық  құндылық  арқылы  адам  алдына  қойған 
мақсатына жету жолындағы өмір сүру негізі “мәнділік”, “еркіндік”, “игілік”, 
“жақсылық”  сияқты  ұғымдарға  ұмтылу  екенін  атап  көрсетті.  Мәселен, 
Э.Кассирер  «құндылық  –  бұл  адамның  ішкі  дүниесінен  тыс,  мәңгі  идеалды 
әлем»  –  деп  түсіндіреді.  Құндылықтар  тақырыбы  бүгінгі  күннің  мәселесі 
деуге болмайды бұл адамзат тарихында  сонау ұлы ойшылдардың әл-Фараби, 
Қожа Ахмет Яссауи, Ө.Тілеуқабылұлы және т.б. еңбектерінде – ақ түбегейлі 
орын алған,  ақыл  - өнегесі,  өсиетімен  ұштасып,  мәңгі  сақталып, ұрпақтан  – 
ұрпаққа жалғасып келеді. Құндылықтар туралы алғашқы түсінік сонау антика 
заманында  өмір  сүрген  Сократтан  бастау  алады.  Сократтың  «Игілік»  деген 


169 
 
ұғымды жеке бөле отырып мән беруі, құндылықты болмысқа жақындатқаны, 
- дейді зерттеуші ғалым С.Е.Нұрмұратов. Ғалым С.Е.Нұрмұратов зерттеуінде 
анық  көрсетілгендей:  -  Платон  үшін  құндылық-  өмір  сүру,  софистер  үшін  
құндылық  -  «Адамның  өмірді  бағалауы»,  Аристотель  үшін  құндылық  – 
адамның даналығы, яғни қандай да болмасын құнды нәрсені таба білуі.  
Олай болса, Сократ заманынан негіз алған «құндылық» мәселесі  ХІХ 
ғасырдың  екінші  жартысынан  бастап  ғылым  ретінде  дараланып  келеді. 
Мәселен, Әл-Фараби өз заманында “Адам көп нәрсеге мұқтаж болғандықтан, 
өзіне  керегін  қоғамдасқан  ортадан  ғана  таба  алады.  Жеке  жан  иесі  адамдар 
бірлестігінің  арқасында  жетіліп,  өз  қабілетін  шыңдай  түседі.  Осыдан  келіп 
олардың  өмір  сүру  мәні  қалыптасады”.Ғұлама  адам  өмірі  сан  астарлы 
құндылықтармен  тығыз  байланысты  екенін  көрсеткен.  Өйткені  құндылық  – 
адам  өмірінің  бағыт  –  бағдарын  айқындайтын  рухани  күш.  Енді  осы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет