175
Бүкіл қазақ жұртының мақтанышы болған мақалада ХХІ ғасырдағы
сананы жаңғырту, ұлттық болмысымыз бен ұлттық кодты сақтай отырып,
оны жаһандық құндылықтармен қуаттандырып, еліміздің болашақтағы
мақсат-мүдделері туралы өзекті мәселе көтерілді. Елбасы Қазақстан үшін
қайта жаңғырудың өзекті әрі ұлттық маңызға ие екі үдерісін, яғни алдағы
саяси реформалар мен экономикалық жаңғыруды басым бағытта көрсете
отырып, Мәңгілік Ел жолында Біртұтас Ұлт пен бұқаралық сананы
өзгертудің нақты механизмдерін саралап, жүйелеп берді.
Қандай қоғамда және қайбір тарихи кезеңде болмасын ұрпақтың
саналы білімі мен сапалылығы өзекті мәселе болып келгендігі баршамызға
белгілі. Жаһандық мәселелер орын алып, түрлі сын-қатерлер көбейіп жатқан
тұста білімге көзқарас түбегейлі өзгеріп, талап күшейді.
Рухани жаңғырудың басты бағыты да – білімнің салтанат құруымен
тығыз байланысты. Жаһандық бәсекеге төтеп бере алатын және елімізді
дамыған 30 елдің қатарына қосатын сөз жоқ дүниетанымы мығым, саналы
өрелі білімді ұрпақ деп білеміз. Үстіміздегі жылдың 10 қаңтарындағы
Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа
мүмкіндіктері» атты Жолдауында да қоғамның даму кілті
білімді адамдардың
жаңаша қызмет атқаруын талап ететінін тағы да дәлелдей түссе, сол
жаңашыл адамдарды қалыптастыруда білім беру ұйымдарына ерекше жүк
артылады.
Сөз жоқ, рухани жаңғырудың негізі тарихи сананы жаңғыртумен
ұштасқанда ғана өзінің нәтижесін көрсетеді. Бүгінгі уақыт бізден көп нәрсені
талап етеді. Тарихтан сабақ алу – берекелі болашағымыздың негізі болмақ.
«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында
қазіргі заман мен болашақты терең бағамдап, түсіне алатын мамандар
дайындау үшін гуманитарлық бағытта білім беруді жаңғырту қажеттілігі атап
көрсетілген болатын.
«Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып,
жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар
ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады. Сан тараптан сұқтанған
жат жұртқа Атамекеннің қарыс
қадамын да бермей, ұрпағына мирас етті» дей
келе, әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел
есінде сақталған біртуар перзенттерін жас ұрпаққа таныту қажеттігін атап
өтті.
Әрбір елдің, әрбір мемлекеттің болашағының жарқын болуы ұрпақ
тәрбиесіне тікелей байланысты. Атадан балаға, баладан немереге жалғасып
келе жатқан халқымыздың ұлттық тәрбиесі ең алдымен келешегінің өркенді
болуына негізделген. Сондықтан да болар, «Адам ұрпағымен бақытты», «Өз
балаң өзектен тепсең де кетпейді» деген тәмсілдерді өміріне жиі қолданған.
Шыны керек, бүгінгі біздің ұрпағымызды теледидар, интернет, компьютер
клубтары тәрбиелеп жатыр. Соның кесірінен ұрлық, зорлық-зомбылық, кісі
өлтіру секілді сұмдық оқиғалар орын алып, ағайын-туысты, әке-шешені
176
қуанышқа бөлеуі тиіс балалардың жат ағымның жетегінде жатқаны жасырын
емес.
Ендеше баласын тастамаған, жетім мен жесірін жылатпаған, ағайын
туыстың амандығын біліп тұрған қазақи тәрбиені өзінің алтын тұғырына
қондыру өскелең ұрпақтың тәлім-тәрбиесі қалыпты жолға түсіп, ұлт
болашағының даңғыл жолы ашылады.
Достарыңызбен бөлісу: