Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет98/164
Дата18.02.2022
өлшемі3.87 Mb.
#455492
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   164
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру

 
 
ОҚУШЫЛАРҒА ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ ХАЛЫҚТЫҚ 
ПЕДАГОГИКАНЫҢ РӨЛІ 
 
Жумабай Динара Орынбайқызы  
Алматы облысы, Іле ауданы 
№43 орта мектеп директорының  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 
 
«..Барлық дүние мектептен басталады.  
Сондықтан әлемдік стандартқа сай жалпы  
орта білім беретін жүйеге көшіп,  
педагогтардың кәсіби деңгейі мен жаңа  


207 
 
оқулықтар мен біліми технологиялардың  
сапасын арттыруымыз қажет..» 
Н.Ә.Назарбаев 
        
        Бүгінгі  білім  саласындағы  өзгерістер,  бірнеше  ойдан  таралған  аса  бай 
мұраларды  қолға  алу  арқылы  білім  алушылардың  ел  мүддесі  үшін  жұмыс 
жасауына септігін тигізіп отыр.  
        Оқыту  мен  тәрбие  бүгінгі  өмірмен  ғана  астасып  қана  жатқан  жоқ, 
тарихтың  тұңғиығымен  астасып  жатыр.  Сол  себептен  де  өткеннің  кейбір 
іргелі  тағылымдарына  ден  қоюға  тура  келеді.  Бүгінде  жаңа  бетбұрыс  жасау 
кезеңі  деп  білеміз.  Педагогика  ғылымы  алдында  оқу-тәрбие  жүйесін  ұдайы 
жетілдіру  мәселесі  қойылып  келеді.  Қазіргі  кезде  қазақ  мектебі 
оқушыларының  игеруіне  арналған  бағдарламалар  бұрынғы  жылдармен 
салыстырғанда  анағұрлым  күрделі.  Ақпараттарды  жоғары  ғылыми-
теориялық деңгейде терең және тыңғылықты оқыту, оқу мәліметтерін терең 
және шығармашылықпен меңгеру талап етіледі.  
       Еліміздің  болашағы  әлеуметтік  тапсырыстың  табысты  орындалу 
деңгейіне байланысты.  
       Халықтық педагогика отбасылық тәрбиеден басталып, ел  – жұрт, ауыл – 
аймақ,  тіпті  бүкіл  халықтық  қарым-қатынастан  берік  орын  алған  тәлім  – 
тәрбиенің  түрі.  Ендеше,  халық  педагогикасы  қоғам  дамуының  барлық 
сатыларынан  өтіп,  тәжірибеде  жүйеленіп,  ғылыми  педагогикалық  дәрежеге 
жеткенше ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі, алтын діңгегі болып келгені даусыз. 
       Халық  педагогикасы  –  халықтардың  ғасырлар  бойы  тәрбиелеу 
тәсілдеріне негізделген бай тәрбиесінің жиынтығы. Этнопедагогика  – халық 
педагогикасының  ұрпақ  тәрбиелеудегі  тағылымдарын  ғылыми  жүйеге 
келтіріп  зерттейтін  ғылыми  педагогиканың  бір  саласы.  Этнопедагогиканың 
мақсаты  –  халықтық  салт-дәстүрді,  өнерді  дәріптейтін,  ана  тілі  мен  дінін 
қадірлейтін, Отанын, елін, жерін сүйетін, жан-жақты жетілген, саналы жасты 
тәрбиелеу.  Сондай-ақ,  халықтық  тәрбие  түрлерін  жас  бүлдіршіндердің 
бойына  сіңіртіп  ілім,  білік  дағдыларын  дамыту,  сөйтіп  дене  еңбегіне  де,  ой 
еңбегіне  де  қабілетті,  жан-жақты  жетілген  азамат  етіп  шығару.  Ол  басқа 
тәрбиелермен  қатар  жүргізіліп,  балалардың    қайрат-жігерін,  ақыл-ойын 
халықтың  өнер  туындылары  негізінде  оқытып,  тәрбиелеу  арқылы  іске 
асырылады.  Этнопедагогика  бала  денсаулығы  мен  денесінің  жетілуі 
жөніндегі қамқорлық ақыл-ой мен еңбекке дайындық, саналы адамгершілік-
эстетикалық тұрғыда бағыттау, мінез-құлықты реттеу, өзін-өзі тәрбиелеу мен 
қайта  тәрбиелеу,  яғни  тұлға  қалыптастырудың  бүкіл  жетекші  бағыттарын 
қамтиды.  Халықтық  педагогикада  бала  дүниетанымын  қалыптастырудың 
және  оның  ақыл-ойын  дамытудың  бастау  кезі  ретінде  ең  алдымен  оның 
қоғамға, қоршаған дүниеге «Арманы жоқ жас - қанатсыз қарлығаш» – дейді 
халық. Халық ұрпақты ақыл-ойды өздігінен жетілдіруге үндейтін терең және 
танымдық процестер жиынтығы екендігін дұрыс болжайды. 


208 
 
         Халық  тәрбиешілері  үйрену,  оқуды  адам  бүкіл  жаңаны  ерекше 
қабылдағыш  балалық  шақтан  бастаса,  мақсатқа  лайықты  болатындығына,  
алынған  білімі  өмір  бойына  игілікті  қызмет  ететіндігіне  тәжірибеде  көз 
жеткізді.  Баланың  ақылын  тәрбиелеу  оның  танымдық  қабілеттерін  жан-
жақты  дамыту,  әртүрлі  түсінулердің  кеңдігі  мен  сезімталдығын, 
байқағыштықты,  естің  түрлерін  жаттықтыруды,  ойдың  елестетуін 
ынталандыруды  талап  етеді.  Мысалы:  жұмбақтар,  халық  педагогикасында 
осы  талапты  жүзеге  асырудың  аса  құнды  дидактикалық  материалы  болып 
табылады. Олар баланың ойлауын дамытуға ықпал жасайды. 
         Бүгінгі таңда облыс орталықтарында «Назарбаев зияткерлік мектебінің» 
іргетасы  қаланды.  Болашақ  қазақстандық  мектептер  үлгілері  дарынды 
жастармен  жұмысқа  қуатты  күш  беретін  болады.  Әр  мектептің  өзіндік 
ерекше  сипаты  бар  екені  бәрімізге  белгілі.  Нақтырақ  ұлттық  мектептерге 
тоқталар болсақ, оқушыларды ғылыми негізделген және сыналған әдістердің 
көмегімен 
іріктеуден 
басталады. 
Оқушылардың 
зияткерлік 
және 
шығармашылық 
қабілеттерін 
анықтауға 
бағытталған 
кешенді 
психологиялық-диагностикалық  тексеру  міндетті  түрде  жүргізіледі. 
Тексерудің  нәтижесінде  баланың  жалпы  және  психологиялық  даму  деңгейі 
анықталып  қана  қоймай,  оның  өзіндік  қабілеттері  мен  дарындылығын, 
әлеуеттік мүмкіндіктерін одан әрі дамыту жолдары қарастырылады.  
         Халық  педагогикасының  мақсаты:  бірнеше  ғасырларға  созылған  халық 
тәжірибесіне  сүйене  отырып,  болашақ  ұрпақты  еңбекке,  өмірге  ең  жоғарғы 
адамгершілік,  имандылық  қасиеттерге  тәрбиелеу.  Халық  педагогикасының 
негізінде халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар, 
халықтық  тәрбие  дәстүрлері,  халық  ойындары  т.б.  жатады.    Демек,  халық 
педагогикасы-ғасырлар  бойы  өмір  тәжірибесіне  негізделген  ұрпақ 
тәжірибесіндегі  дәстүрлердің  жиынтығы.  Халық  педагогикасының  құрамды 
бөліктері  қазақтың  ұлттық  ойындар,  мақал-мәтелдер,  жұмбақтар,  ертегілер 
т.б.  ерте  заманнан  бастап,  жас  өспірімдердің  ой-өрісін,  зеректігін  анықтау 
үшін тәрбие құралы ретінде қолданып келді. 
Дарынды оқушыға талантты мұғалім қажет. Егер ұстаз өз сабағын жан-
тәнімен жақсы көрмесе, оның негізгі білімді жеткілікті түрде білім алушыға 
беруі мүмкін 
емес.  
         «Елiмiздiң,  ертеңі-бүгiнгi  жас  ұрпақтың  қолында,  ал  жас  ұрпақтың 
тағдыры – ұстаздың қолында»,- деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай әр 
мұғалiм  өзінің  бiлiмiн  үздiксiз  көтеріп  отыруы  қажет.  Бiлiмдi,  жан-жақты 
қабілетті ұрпақ - ұлтымыздың баға жетпес қазынасы.  
       Ал,  қазақ  халқының  ұлттық  тәжірибелері  мен  тағылымдарының  мол 
қазынасы  –  халықтық  педагогика.  Бүгiнгi  қазақ  мектептерінің  алдында 
тұрған басты мiндет – оқушының ұлттық сана-сезiмiн оятып, тәрбиелеп қана 
қоймай,  оның  бойына  халықтық  педагогиканы,  ғасырлар  бойы  қалыптасқан 
тiл,  дiн,  тәрбие,  ұлттық  салт-дәстүр,  үлгi-өнегенi  сiңiрту,  яғни  тәрбие  беру 
мен  оқыту  әдістемелерінің  түрлерi  көп.  Ұлттық  тәлім  тәрбиенің  іргетасын 
дұрыс  қалай  бiлу  мұғалiмдердiң,  ата-аналармен  қосылып  жүргiзген 


209 
 
шараларына  байланысты,  өйткенi,  бiрiншi  ұлттық  тәрбиенің  ошағы  - 
отбасында,  екiншiден,  мектепте  болғандықтан,  ата-ана  мен  мектеп  болып 
бiрiгiп жұмыс атқару - біздің басты мiндетiмiз. [1]  
       Халқымыздың  тiлiн,  тарихын,  ұлттық  дәстүрін,  ата  салтын  ұмыта 
бастаған бүгiнгi ұрпақты тәрбиелеуге ат салысу жалпы ұлтымыздың мiндетi.          
Халқымыздың  асыл  қазынасын  тиiмдi  пайдалану,  оның  салт-дәстүрі  мен 
мәдениетіне құрметпен қарауға үйретуi сөзсiз.  
       Соңғы  20  жыл  ішіндегі  өзгерістер,  шыққан  биік,  қайта  оралған 
құндылықтар,  өлмес-өшпес  мұра,  тапқан  табыстарды  тілге  тиек  етсек,  әр 
қазақстандықтың  жүрегіне  қуаныш  пен  мақтаныш  келер  күнге  деген  сенім 
ұялатады..  Осындай  жетістікке  жетуіміз  –  халқымызды  жасампаздыққа 
жұмылдырып,  еліміздің  тарихтағы  жаңа  орнын  айқындаған  Елбасы 
Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  еңбегі.  Бұл  жетістіктер  –  бүкіл 
қазақстандықтардың 
мақтанышы. 
Бір 
сөзбен 
айтқанда, 
бүкіл 
қазақстандықтар  өз  елінің,  жерінің  өткенін  сезінбей,  оның  ерлікке, 
адамгершілікке  толы  тарихын,  өнерін  жете  ұғынбай,  отаншылдық  сезімді 
қалыптастыру мүмкін емес.  
         Рухани тәрбиемен нұрланбаған адам өзінің алған білімін қара басының 
пайдасына  жұмсап,  өз  мүддесі  үшін  адамзатқа  апат  әкелуі  мүмкін.  Оның 
мысалы тарихта аз емес. Тек сол арқылы ғана халқымыздың ғасырлар бойы 
жинақталған  бай  рухани  мұрасымен  жастардың  бойына  адамгершілік  ізгі 
қасиеттерді  қалыптастырып,  сіңіртіп,  өзінің  Отанына  адал  азамат  етіп 
тәрбиелеу ата-ана мен ұстаздар қауымына жүктеледі.  
         Оқу  мен  тәрбиелеудің  үлкен  ортасы  –  мектеп  екені  белгілі.  Ондағы 
жоспарлы  тақырыптық  сабақтармен  қатар,  сынып  сағаттары,  тәрбие 
сағаттары,  пәндік  олимпиадалар,  ғылыми  жобалар  оқу  мен  тәрбиенің  ең 
негізгі,  ықпалдастығы  болып  отыр.  Бүгінгі  таңда,  ұрпағымыздың  азамат 
болып қалыптасуы барысында біз олардың жаhанданудың теріс ықпалдарына 
қарсы тұруын ескеруіміз қажет. Бұл жағдайда тәрбие жұмысының тиімділігі 
ата-ана  мен  мектептің  өзара  байланысынан  көрінеді.  Өскелең  ұрпаққа 
адамзат  тарихында  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасып  келе  жатқан  патриоттық 
тәрбиені,  отаншылдықты,  сапалы  білімді  дарыту  –  қазіргі  кезде  көкейкесті 
мәселенің  бірі  болып  отыр.  Ақиқатында,  осынау  мәселе  еліміздің 
тұтастығын,  оны  ішкі  және  сыртқы  күштерден  сақтау  міндетінің  өзі 
жастарды  отаншылдық,  елжандылық,  патриоттық  рухта  тәрбиелеуді 
жүктейді.  Өткенін  білмеген  халқының  қадірін  білмейді,  халық  нені  бастан 
кешірді, бүгінге қол жеткені ненің арқасы, халық өз тарихын жасау үшін тер 
төгіп, азап шекті, тар жол, тайғақ кешуден өтіп, жерін қорғап, елін сақтады. 
Отансүйгіштік сезімнің нысаны мен қайнар көзіне Отан, туған жер, табиғат, 
оның  байлықтары,  тіл,  дәстүр,  тарихи  ескерткіштер,  туған  өлкедегі  ұлттық 
құндылықтар  жатады.  Ұлттық  сезім  –  өзінің  ұлттық  өкілділігін  мойындай 
отырып ұлтына деген сүйіспеншілік, жанашырлық, халық мұраларын бағалай 
білу.  Әрбір  адам  өз  Отанына  деген  мақтаныш  сезімі,  өз  ұлтын  терең  сүюі 
арқылы  басқа  ұлттарды  танып,  құрметтеуге  тиіс.Ұлттың  сана-сезімімен  ана 


210 
 
тілін  білу  де,  жері  елінің  тарихына  зер  салу,  төл  мәдениетін  игеру  де 
туындайды.  Ана  тілін  білмейтін  адам  өзінің  де,  ел-жұртының  да  қадір-
қасиетін  жетік  біліп,  бағалай  алмайды.  Жалпы,  патриоттық  сезімнің 
қалыптасуы  отбасынан  бастау  алады.  Патриоттық  тәрбие,  ұлттық  намыс, 
ұлттық  сана-сезім  рухани  байлықтан  көрініс  табады.  Олай  болса,  рухани 
байлыққа, ең алдымен, тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді жатқызсақ, тіл – 
қазақ  болуымыз  үшін,  дін  –  адам  болуымыз  үшін,  салт-дәстүр  –  ұлт 
болуымыз үшін қажет. [2] 
          Бүгінгі  таңда  ХХІ  ғасыр  табалдырығын  еркін  аттаған  азат  ұрпаққа 
тәлім-тәрбие  мен  білім  беруді  жетілдірудің  басым  бағыттарын  айқындап, 
педагогика 
ғылымында 
ұлттық 
сананы 
қалыптастыру 
көкейкесті 
мәселелердің  бірі  болып  отырғаны  анық.  Сондықтан  келешек  ұрпақты 
ұлттық,  халықтық  тұрғыдан  тәрбиелеу  қажет.  Жас  ұрпаққа  ұлттық  тәрбие 
берудің  негізгі  бағдарлы  идеялары  еліміздің  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың 
«Қазақстан  -  2030»  халыққа  Жолдауында  былай  деп  жазылған:  «Толық 
өркениетті  ел  болу  үшін  алдымен  өз  мәдениетімізді,  өз  тарихымызды 
бойымызға  сіңіріп,  содан  кейін  өзге  дүниені  игеруге  ұмтылғанымыз  жөн». 
Олай  болса,  басты  мақсат  –  жас  ұрпақты  ұлттық  игіліктер  мен  адамзаттық 
құндылықтар,  рухани-мәдени  мұралар  сабақтастығын  сақтай  отырып 
тәрбиелеу қажет.  
       Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға 
тәрбиелеу үшін:  
- оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру;  
- жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш 
сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту;  
-  ана  тілі  мен  дінін  ,  оның  тарихын,  мәдениетін,  өнерін,  салт-дәстүрін, 
рухани-мәдени мұраларды қастерлеу;  
- жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық 
мінездерін  қалыптастыру  сияқты  міндеттерді  орындағанда  ғана  басты 
мақсатқа жетеміз. [3] 
       Ұлттық  тәрбие  қазір  елімізде  орын  алып  отырған  көптеген  мәселелерді: 
ана  тілін,  ата  тарихын,  ұлттық  салт-дәстүрін  білмейтін  жастар,  тастанды 
жетім  балалар,  «қиын»  балалар,  қарттар  үйлеріндегі  әжелер  мен  аталар, 
нашақорлыққа  салынған  жастар,  тағы  басқаларды  бірте-бірте  жоюдың  және 
олардың  алдын  алып,  болдырмаудың  негізгі  жолы.  Ұлттық  тәрбие  алған 
ұрпақ  дені  сау,  білімді,  ақылды,  ұлтжанды,  еңбекқор,  сыпайы,  кішіпейіл 
болып  өседі.  Сондықтан  да  ұлттық  тәрбие  –  ел  болашағы.  Қазақ  халқының 
ғасырлар  тұңғиығынан  бері  тарихымен  біте  қайнасып  келе  жатқан  ұрпақ 
тәрбиелеудегі  тәжірибелері  бізге  сол  рухани  мәдениет,  этикалық, 
эстетикалық  құндылықтарын  құрайтын  ұлттық  әдет-ғұрып,  салт-дәстүрлер, 
әдеби,  музыкалық,  кәсіби,  тұрмыстық  фольклорлар  мазмұны  арқылы  жетіп 
отыр.  Сонымен  бірге  ұрпақ  тәрбиесіне,  жалпы  халықтың  рухани  дамуына 
байланысты  ұлттық  тәлім-тәрбиелік  ой-пікірлерді:  Қорқыт  ата,  Әл-Фараби, 
Қожа  Ахмет  Иассауи,  Мұхамед  Хайдар  Дулати,  Жүсіп  Баласағұн,  Махмұт 


211 
 
Қашқари,  Асанқайғы,  т.б.  қазақ  ақын-жырауларының  мұраларынан,  билер 
мен шешендердің тәлімдік сөздерінен көреміз.  
        Ұлы  ағартушы,  Ы.  Алтынсариннің  қазақ  баласының  болашағы  үшін 
бойындағы  бар  күш-жігерін  арнағанын  қоғамдық  қатынастардағы 
шығармашылық істермен айналысуда өз ұлтының тарихын, мәдениетін, әдет-
ғұрпы  мен  салт-дәстүрін  өте  жоғары  бағалап,  оның  оқу-тәрбие 
жұмыстарында іске асыру идеяларын алдына мақсат етіп қойғанын көреміз.? 
       Кеңес  үкіметі  тұсында  Қазақстанда  қазақтың  ұлттық  тәрбиесi  жөнiнде 
арнайы  ғылыми  еңбек  жазуға  мемлекет  тарапынан  мүмкіндік  болмағаны 
белгiлi.  Оған  кеңес  заманында  жүргізілген  зерттеу  жұмыстарын  талдау 
барысында  көз  жеткіздік.  Халық  педагогикасы,  немесе  ұлттық  тәрбие 
мәселесі 
арнайы 
ғылыми-зерттеу 
немесе 
пән 
оқулығы 
ретінде 
қарастырылмай,  негізінен  ғылыми  мақала,  тезис,  қосымша  мағлұматтар 
негізінде 
Т.Тәжібаев, 
М. 
Ғабдуллин, 
Б.Момышұлы, 
Б.Адамбаев, 
Х.Арғынбаев, М.Әлімбаев, С.Сауытбеков т.б  еңбектерде көрініс тапқан.[4] 
       Қазақстанда  халық  педагогикасына  қатысты  тұңғыш  зерттеулерге  А.Х. 
Мұқамбаева, И. Оршыбеков, Қ.Б. Жарықбаев, С.Қ. Қалиев, Қ. Сейсембаевтың  
еңбектері жатады.  
       Сейтен  Сауытбековтың  “Тағылым  тегi”  кiтабы  оқушыларға  ұлттық 
тәрбие  беруде  тамаша  әдiстемелiк-дидактикалық  нұсқау  болды.  Ұлттық 
тәрбие  атауын  өз  еңбектерінде  Қ.  Бөлеев,  Ш.К.Беркімбаева  және  К. 
Оразбекова енгiзiп, өзектi мәселе ретiнде қарастыру қажет екенiн дәлелдедi.  
       Қазақ  отбасында  балаға  тілі  шығып,  анық  сөйлей  бастаған  кезден-ақ, 
ағайын туысты, нағашы жұртын, ата-тегін, руын, ел жұртын білдіруге ерекше 
көңіл  бөлген.  «Жеті  атасын  білу»  заң  болған.  Ата-бабаларымыз  өз  тегінің 
шығу тарихын білуді әр азаматқа парыз деп ұққан. «Жеті атасын білмеген ер 
жетім»,«Жеті  атасын  білген  ұл,  жеті  жұрттың  қамын  жер»  деген  аталы  сөз 
содан  қалса  керек.  Баланың  өзі  шыққан  тегін  білуі  оның  азаматтық, 
елжандылық,  отансүйгіштік  қасиеттерін  қалыптастырады  деп  есептеген. 
Отбасы  мүшелері  балаға  тек  жеті  атасына  дейінгі  бабаларының  атын 
жаттатып  қана  қоймаған.  Олардың  қандай  адам  болғанын,  өнегелерін  үлгі 
етіп  отырған.  Әрі  сол  арқылы  отбасы  шежіресін  жалғастыруға  баулуды 
мақсат еткен. Қазіргі медицина ғылымы дәлелдегендей, жеті атаға дейін қыз 
алыспай  қанның  тазалығын,  яғни  ұлттың  таза  болуына  әкеледі  екен, 
екіншіден, қазақ ұрпағы жеті атасына дейін араласып, ынтымағы бір болсын 
дегеннен  болса  керек.  Мектеп  қабырғасында  тәрбиеленіп  жатқан  жас 
ұрпақтарға  білімді  өз  бетінше  ізденуіне,  ұлттық  тәрбиені  сіңіріп,  оның 
ерекшелігін терең білуге, құрметтеуге, үйретуге тиіспіз.  
        Елдің  туын  көтеріп,  тәуелсіздік  талаптарын  орындау  ісіне  батыл 
бетбұрыс  жасаған  бүгінгі  таңда  адамзатттық  игіліктерді,  халқымыздың 
ғасырлар  бойы  армандаған  мәдени-рухани  мұрағаттары  мен  ұлттық  тәлім-
тәрбие саласындағы, білім жүйесіндегі ізденістерін көрсету басты міндетіміз 
болып қала бермек.  
       Ұлттық тәрбие – біздің ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін асыл қазынамыз. Ал 


212 
 
мұндай мәселелерді зерттеп, көпшіліктің ой-пікірлерін қауым елге жеткізетін 
негізгі 
құрал 
– 
бұқаралық 
ақпарат 
құралдары 
екені 
даусыз.           
       Белгілі  педагог  В.  А.  Сухомлинскийдің  еңбектерінде  "мектептік-
отбасылық  тәрбие"  үғымы  кең  қолданылады.  Оның  пікірінше  тәрбиені 
мектептік  немесе  отбасылық  деп  қарастыруға  болмайды,  өйткені  бала 
тұлғасы бір тұтас және оны қалыптастыру процесі де біртұтас сипат алады. 
Міне,  осындай  біртұтас  тәрбие  процесінде  мектеп  жетекші  рөл  атқарады. 
Ұрпақ тәрбиесі-адамзат баласының асыл мұраты. Түбегейлі өзгерістерге бет 
бұрған  жаңа  қоғамда  тек  білімді  болу  жеткіліксіз,  сондықтан  әрбір  жеке 
тұлғаның  бойында  әр  ұстаз  адамгершілік,  ізгілік  кішіпейілділік, 
қарапайымдылық,  отансүйгіштік  қасиеттерін  тәрбиелейді.  Бұл  ретте 
мектептегі  тәрбиенің  мақсаты:  ұлттық  сана-сезімі  оянған,  рухани  ойлау 
дәрежесі  биік,  парасатты,  мәдениетті,  ар-ожданы  мол,  еңбекқор,  бойында 
басқа  да  ізгі  қасиеттері  қалыптасқан  азаматтарды  тәрбиелеу.[5]  
        Халқымыздың  маңдайына  біткен  ұлттық  құндылықтарымызды,  сонау 
өткен  ғасырлардан  өшпес  мұра  болып  қалыптасып  келе  жатқан  дархан 
халқымыздың таратқан үлгі насихаты асыл мұраларымызды дәріптеп, білімге 
ден қойып көп ізденіс жасамайынша оқыту мен тәрбиені бірге ұштастырып , 
ықпалдастыру  мүмкін  болмайды.  Оқыту  мен  тәрбиені  ықпалдастырып 
қажымай  еткен  еңбек  арқасында  әлемдік  деңгейдегі  дарынды  да  тәрбиелі 
оқушы тұлға шығатынына сеніміміз мол. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет