Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б


РУХАНИ  ЖАҢҒЫРУ – БІЛІМ  САЛАСЫНЫҢ ЖАҢА  КӨКЖИЕГІ



Pdf көрінісі
бет88/164
Дата18.02.2022
өлшемі3.87 Mb.
#455492
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   164
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру

 
РУХАНИ  ЖАҢҒЫРУ – БІЛІМ  САЛАСЫНЫҢ ЖАҢА  КӨКЖИЕГІ 
 
Аталыков Боранбай Беккасымович 
Алматы облысы, Көксу ОМ мектепке дейінгі шағын орта КММ 
мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары 
 
                                                               «Терең  білім  –  тәуелсіздігіміздің  тірегі, 
                                                           Ақыл-ой  –  азаттығымыздың  алдаспаны». 
                                                                                                         Н.Ә. Назарбаев 
 
         Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани 
жаңғыру»  бағдарламалық  мақаласы  «Егемен»  баспасы  –  ел  дамуының 
жарқын  үлгісі  мен  нақты  қадамдарын  көрсететін  келелі  ой,  салиқалы  пікір, 
батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Ел  Президентінің «Болашаққа 
бағдар:  рухани  жаңғыру»  атты  бағдарламалық  мақаласын  зер  сала  оқып 
шықтым.  Елбасы  елдің  бүгіні  мен  болашағы  туралы  ой  толқындарын  – 
қуатты  сезім  ағысымен  жүректен  өткізе  отырып  толғана,  тебірене  сыр 
шерткенде,  таңданыстан  бас  шайқамау  қиын.  Оның  Отанға,  елге,  ұлттық 
құндылықтарға  деген  сүйіспеншілігі  сүйсінтеді. Мемлекет  басшысы 
аталмыш жаңғырудың негізгі  қызметі мен  ерекшеліктеріне  ой  жүгіртіп,  бұл 
жаңғырудың  маңыздылығына  тоқталады:  «Жаңғыру  атаулы  бұрынғыдай 
тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, 
замана  сынынан  сүрінбей  өткен  озық  дәстүрлерді  табысты  жаңғырудың 
маңызды  алғышарттарына  айналдыра  білу  қажет.  Егер  жаңғыру  елдің 
ұлттық-рухани  тамырынан  нәр  ала  алмаса,  ол  адасуға  бастайды.  Сонымен 
бірге,  рухани  жаңғыру  ұлттық  сананың  түрлі  полюстерін  қиыннан 
қиыстырып,  жарастыра  алатын  құдіретімен  маңызды»  [1].  Саяси, 
экономикалық  реформаларда  егеменді  еліміз  бірқатар  жақсы  нәтижелерге 
қол  жеткізгені  баршаға  мәлім.  Ол  адами  құндылықтар,  рухани  қазына, 
жастарды  тәрбиелеу,  олардың  бойына  патриоттық  рухты  сіңіре  білу 
жұмысында рухани салаға басымдық берудің қажеттілігін алға қойып отыр. 
Бұл  дегеніміз  –  ұлтымыздың  барлық  ұлттық  салт-дәстүрлерін,  мемлекеттік 
тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген 
асыл  ұғымға  келіп  саяды.  Елбасымыздың  рухани  жаңғыруға,  руханиятқа, 
білім,  ғылымға  маңыз  беруі  –  үлкен  көрегендік  пен  ұлттың  алға  ілгерлеуін 
жылдам  қарқынмен  жылжытатын  қозғаушы  күш.  Бұл  –  тәуелсіз  еліміздің 
бақытты  болашағы  мен  алаңсыз  келешегі  үшін  жасалып  жатқан  жұмыс. 
Өйткені, рухани байлықтың кемел болғаны бұл жеке азаматтарымыз үшін де, 
әрбір  жеке  тұлғадан  құралған  қоғам,  туған  еліміз  үшін  де  өте  маңызды 


180 
 
үдеріс. 
        Әсіресе,  көптен  күтіп  жүрген  латын  қарпіне  көшу,  жазуымызды 
қалыптастыруға  байланысты  айтылған  мәселесі  орынды  көтерілді  деп 
ойлаймын.  
        Мемлекет  басшысы  2012  жылы  желтоқсан  айында  жария  еткен 
«Қазақстан  –  2050»  стратегиясында  «2025  жылдан  бастап  латын  әліпбиіне 
көшуге  кірісуіміз  керектігін»  мәлімдеген  болатын.  Сондықтан  бұл 
мақаласында  Үкіметке  нақты  тапсырма  бере  отырып,  қай  уақытта,  қалай 
латын қарпіне өтетінімізді айтып отыр. Яғни, 2025 жылға қарай іс-қағаздары, 
мерзімді баспасөз, оқулықтар, бәрі де латын әліпбиімен басылады деген сөз. 
Бұл  қоғамдық  ғылымдар  үшін  міндеттелетін  үлкен  шара  болары  анық. 
Әсіресе,  Тіл  білімі  институтына  үлкен  жауапкершілік  артып  отыр.  Елбасы 
биылғы  жылдың  соңына дейін  қазақ әліпбиінің  жаңа графикадағы бірыңғай 
стандартты  нұсқасын  қабылдау  жөнінде,  2  жылда  ұйымдастыру  және 
әдістемелік жұмыстар жүргізілетіні айтылған. Әрине, бұған үлкен дайындық 
керек. Ел  болам  десең,  бесігіңді  түзе»  дейді  ұлы  Мұхтар  Әуезов.  Әрбір 
білімгер  өз  жері  мен  оның  байлығының  иесі  болу  үшін  жаңа 
технологияларды  меңгеріп,  жаңаша  өмір сүруге  үйренудің  жолдарын  білуге 
тиіс. Егер қоғамның даму кілті білімді адамдардың жаңаша қызмет атқаруын 
керек  ететін  болса,  сол  жаңашыл  адамдарды,  болашақ  қоғам  мүшелеріне 
білім мен тәрбие беруді жүзеге асыратын мамандар дайындайтын біздің білім 
беру  ұйымдары  Елбасы  көздеген  бағыттарға  лайықты  болуы  тиіс.  Ең 
бастысы,  білім  беруге  қойылып  отырған  жаңа  талаптарды  орындауда 
көптеген  жұмыстар  жүргізіліп,  жастардың  үш  тілде  білім  алуына,  жаңа 
технологияларды  білім  беру  жүйесіне  енгізуде  өңірімізде  келелі  жұмыстар 
атқарылуда. 
       Ұлт  жоспарын  орындауда  әр  саланың  өзіндік  үлесі  болса,  ұзтаздар 
қауымы қосатын үлес –жас ұрпақты жаңа қоғам мүшесі етіп білім мен тәрбие 
беруді  жаңаша  құру,  оны  осы  Елбасымыз  көрсетіп  отырған  талаптарға  сай 
орындау деп білемін.  «Жалғандық жарға жығады» дейді қазақ даналығы. Біз 
–  бабалар  батасы  дарыған,  ата  аманатын  аялаған  елміз.  Сондықтан  Елбасы 
Тәуелсіздік жылдары  қоғамды бос  демагогия дертінен  арылтуға  күш  салды. 
Оның  орнына  елді  өркендетер  түбегейлі  жаңаруларға  жұмылдырды.  Білім 
биігіне, ғибратты ғылымға, өнімді еңбекке бағдарлады. Бұл – қалыпты өмірді 
қауіпті өмірге айналдырмаудың және нақты жаңғырудың қамы. Тоқсан ауыз 
сөздің тобықтай түйіні, Елбасы Нұрсұлтан Назарбевтың «Болашаққа бағдар: 
рухани  жаңғыру»  мақаласы  тәуелсіз  еліміздің  даму  бағыты  өрілген  өзекті 
мақала екені даусыз. 
       Бұл  мақалада  сананы  жаңғырту,  ұлттық  болмыстан,  ұлттық  кодтан 
айырылып  қалмай,  оны  әлемдік  құндылықтармен  үйлестіріп,  Қазақстанның 
игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп 
отыр.  
         Елбасымыз  Қазақстан  үшін  қайта  түлеудің  айырықша  маңызды  екі 
үдерісі  –  саяси  реформа  мен  экономикалық  жаңғыруды  қолға  ала  отырып, 


181 
 
Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық 
сананы  қалай  өзгертетіні  жөнінде  алысты  болжайтын  көзқарастарымен 
бөліседі.  Мемлекет  басшысы  аталмыш  жаңғырудың  негізгі  қызметі  мен 
ерекшеліктеріне  ой  жүгіртіп,  бұл  жаңғырудың  маңыздылығына  тоқталады: 
«Жаңғыру  атаулы  бұрынғыдай  тарихи  тәжірибе  мен  ұлттық  дәстүрлерге 
шекеден  қарамауға  тиіс.  Керісінше,  замана  сынынан  сүрінбей  өткен  озық 
дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу 
қажет.  Егер  жаңғыру  елдің  ұлттық-рухани  тамырынан  нәр  ала  алмаса,  ол 
адасуға бастайды.[2]  
       Саяси,  экономикалық  реформаларда  егеменді  еліміз  бірқатар  жақсы 
нәтижелерге  қол  жеткізгені  баршаға  мәлім.  Ол  адами  құндылықтар,  рухани 
қазына, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу 
жұмысында рухани салаға басымдық берудің қажеттілігін алға қойып отыр.             
Елбасының  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  бағдарламалық 
мақаласында 6 бағытқа басымдық берілген. 
1. Бәсекеге қабілеттілік
2. Прагматизм; 
3. Ұлттық бірегейлікті сақтау
4. Білімнің салтанат құруы; 
5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы; 
6.Сананың  ашықтығы. 
        Соның бірі  - білім беру жүйесін жаңаша жетілдіру. Осы жүйе бойынша 
ауқымы  кең  жұмыстар  атқарылып  келеді.  Құндылықтар  жүйесінде  тек 
білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана зор табысқа жетеді. Жастар басымдық 
беретін  межелердің  қатарында  білімнің  үнемі  бірінші  орында  тұруы  шарт. 
Бұл  –  Елбасының  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  мақаласында 
айтылған ой. Іргелі ілім үйрету арқылы шәкірттерді шынайы патриот қылып 
қалыптастыруға болады, - дейді шара бастамашылары.  
      Бүгінгі әлемдік бәсекелестік заманында бізге сергектік пен серпіліс керек. 
Президент  ұсынған  тың  идеялар  -  жаңа  нәтижелі  көкжиектерге  бастайтын 
серпіліс.  Бұл  ретте  барлық  оқу  орындары  қоғамдық  сананы  жаңғыртудың 
қозғаушы күші болуы тиіс. 
       Төл  тарихымызды  білу  де  –  парыз.  Өткенге  зер  салмай  болашақты 
болжауға  болмайтындығын  түйсінген  жастар   конференцияда  өздерінің 
ғылыми  жобаларын  қорғады.  Қоғамдық  сананы  жаңаша  жаңғыртуда 
мектептер  мен  жоғарғы  оқу  орындарының  білім  беру  және  жас  ұрпақты 
тәрбиелеу  ісінде  алар  орны  ерекше.  Табысты  болудың  ең  басты  факторы  - 
білім екендігін әркім терең түсінуі керек. Жиында ортаға салынған ортақ ой – 
осы. 
       Аталмыш  бағыттардың  бәрі  барынша  өзектендірілген  және  уақыттың 
талаптарына нақты жауап береді. «Мәңгілік ел» болуымыз үшін бізге ауадай 
қажетті  қасиеттер  мен  құндылықтардың  қайнары  тоғысып,  ақыл-парасаты 
толысқан, ғаламдық ғылымды игерген адамдар көп болса, еліміз өркениетті, 
бәсекеге  қабілетті  болатыны  ақиқат.  «Болашақта  ұлттың  табысты  болуы 


182 
 
оның  табиғи  байлығымен  емес,  адамдарының  бәсекелік  қабілетімен 
айқындалады. Сондықтан,  әрбір  қазақстандық, сол арқылы  тұтас  ұлт ХХІ 
ғасырға  лайықты  қасиеттерге  ие  болуы  керек.  Елбасының  бағдарламасын 
толық  қолдай  отырып,  рухани  мәдениеттің  дамуы  үшін  тағылымды  ұлттық 
тәрбиенің  қайнарынан  сусындап,  биік  адами  құндылықтардың  кемелдену 
барысында әрбір маман иесі атсалысу керек. 
         Мемлекет  басшысының  «Қазақстанның  Үшінші  жаңғыруы:  жаһандық 
бәсекеге  қабілеттілік»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауы  біздерге,  ғылым 
адамдарына  нағыз  прагматикалық,  нақты  әрі  түйінді,  еліміздің  болашағы 
үшін тағдыршешті мәселелерді көтерген атаулы құжат болды. 
Жолдау  біздің  еліміздің  ширек  ғасыр  ішіндегі  екі  жаңғырту  үрдісін 
аяқтап, үшінші, экономикамыздың әлемдік өсімінің лайықты деңгейге жетуін 
қамтамасыз ететін, жеделдетілген технологиялық жаңғыртылу басымдығына 
көшуімізді айқындап берді. 
          Цифрлы  технология  біздің  өмірімізге  тәуелсіздігіміздің  бастапқы 
жылдары-ақ  батыл  енгізіле  бастады.  Ең  алдымен,  мектептерді  жаппай 
компьютерлендіру  қолға алынды.  Компьютерлер  кеңседе де, үйде де негізгі 
ақпараттық құрал ретінде пайдаланыла бастады, ақпаратпен орындалатын кез 
келген  жұмыс  компьютер  көмегімен  жүзеге  асырылатын  болды.  Ақпаратты 
сақтау  да,  тасымалдау  да  жолға  қойылды.Сымсыз  телефондар,  желілік 
телеарна  –  осы  бағдарламаның  жемісі.  Жаңа  дамып  келе  жатқан  жасанды 
интеллект  белгілі  бір  алгоритм  жоқ  жерде  пайдалануға  жол  ашады.  2011 
жылдың 18 қаңтарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ұлттық 
жерсеріктік  «OTAU  TV»  телерадио  хабар  тарату  желісі  іске  қосылған 
болатын. 
Бүгінде 
ұлттық 
оператор 
қызметін 
пайдаланатын 
үй 
шаруашылықтарының  саны  миллионға  жетуге  жақын.  Цифрлы  стандартқа 
көшкен  сәтте,  Қазақстанда  жерсеріктік  жүйе  абоненттерінің  саны  небәрі  6 
300  болғанын  ескерсек,  бұл  көрсеткіш  аталған  қызметтің  халық  арасында 
үлкен  сұранысқа  ие  екенін  көрсетеді.  Бұл,  әсіресе,  ауыл  тұрғындарына 
қатысты, өйткені, оның абоненттерінің 70 пайызы ауылдық жерлерге келеді. 
           Президенттің    Жолдауында  елімізде  үлкен  экономикалық  және 
технологиялық дүмпу болуы тиістігі баса айтылды. Ал ол үшін, ең алдымен, 
тағы  сол  IT  саласына  басымдық  беріледі.  Жалпы,  Қазақстанда  ақпараттық 
технологияларды  мемлекеттік  секторға  ендіру  жұмыстары  осыдан  он  жыл 
бұрын  сәтті  басталған.  Оған  мысал  келтіруге  болады,  ол  –  «eGov»  жүйесі 
немесе  Қазақстанның  электронды  үкіметі.  Дәл  осы  жүйенің  көмегімен 
бүгінде жүздеген операцияны компьютер алдында отырып-ақ жүргізе аласыз. 
Құжат  ресімдеу,  коммуналдық  қызмет  түрлерінің  ақысын,  салық,  айыппұл, 
сақтандыру  және  өзге  де  қызмет  түрлерін  үйде  отырып  төлеуге  кез  келген 
қазақстандықтың мүмкіндігі бар. Бұл істер алдағы кезде одан әрі жетілдіріле 
түседі.  Ақпараттық  технологиялар  қарыштап  дамып  бара  жатқан  мына 
заманда  IT  саласын  дамытпасақ,  дамыған  30  елдің  қатарынан  көріну  қиын. 
Өйткені,  өркениетті  елдердің  барлығы  осы  цифрлы  жүйеге  көшіп, 
өнеркәсібінің дамуын және халқының әл-ауқатын жылдан-жылға жақсартып 


183 
 
келеді.  Жолдауда  Елбасы:  «Білім  беру  ісінде  қолданылатын  және  басқа  да 
перспективалы  салаларды  дамыту  керек.  Жалпы    халықтың  бақуатты  өмір 
сүруі үшін жасалып жатқан шаралар екенін түсінуіміз қажет. Тұрғындардың 
әл-ауқаты артып, еңсесі тік көтерілгенде ғана Қазақстан дамыған өркениетті 
елдердің  қатарына,  яғни  алдыңғы  «отыздыққа»  қосыла  алады.  Ал,  бұл 
мақсатқа  жету  үшін  еліміз  Үшінші  жаңғыруды  еңсеруі  тиіс.  Алдағы  кезде 
замана  көшінен  қалғысы  келмеген  әрбір  азамат,  мамандар,  ғалымдар  мен 
студенттер  ұялы  байланыс,  телекоммуникация,  сандық  ТВ,  кеңжолақты 
интернет,  ақпараттық  технологиялар,  Е-үкімет,  Е-сауда,  интерактивті 
жарнама  және  әлеуметтік  медиа  саласындағы  өзекті  тақырыптардан  тыс 
қалуына болмайды. 
            Мұғалім    ретінде  маған  Елбасының  мақаласында  айтылған 
гуманитарлық бағыттағы 100 ең жақсы оқулықтарды әртүрлі тілдерден қазақ 
тіліне  аудару  туралы  жобасы  қатты  ұнады.  Өйткені,  бұл  біздің  жас 
жеткіншектер  мен  мамандарымызға  білімі  жағынан  жаһандық  бәсекеге 
дайын болуға әсерін тигізеді. 
           Ұлт көшбасшысы атап көрсеткен бұл шаралар еліміздің дамудың жаңа 
деңгейіне  көтерілуіне  өз  септігін  тигізетініне  сенімдімін.  Нақты  жаңғыру  – 
білім биігіне, ғибратты ғылымға, өнімді еңбекке талпыну деп санаймын. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет