102
А-қосымшасының жалғасы
11.3. Егер Лизинг беруші ешқандай негізсіз лизинг Затын пайдалануға
кедергі жасайтын болса, сондай жағдайда Лизинг алушының талап етуі
бойынша
осы Шарт бұзылуы, ал лизинг Заты оның есебінен Лизинг берушіге
қайтарылуы мүмкін.
12. ФОРС-МАЖОР (міндеттемелерді орындауды мүмкін етпейтін
мән-жағдай)
12.1. Егер осы міндеттемелерді орындамау еңсеруге болмайтын мән-
жағдайлардың, яғни осы Шарт жасалғаннан
кейін туындаған аталмыш
жағдайлар кезіндегі төтенше және еңсерілмейтін мән-жағдайлардың салдары
болып саналса, тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді ішінара/толық
орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады. Осындай мән-жағдайларға:
актілер немесе мемлекеттік органдардың әрекеті, табиғат апаттары (су
тасқыны, жер сілкіну), эпидемия,
әскери қақтығыстар, әскери төңкерістер,
азаматтық толқулар, ереуілдер және Тараптардың бақылауынан тыс өзге де
мән-жағдайлар жатқызылады.
12.2. Форс-мажор
мән-жағдайы болған кезде, Тараптар осындай мән-
жағдайлар мен олардың себептері туралы бір-біріне тез арада жазбаша
хабарлауы тиіс. Егер Тараптардан қандай да бір ұсыныстар,
нұсқаулықтар
түспесе, Тараптар осы Шарт бойынша бұл қаншалықты орынды болса, өзіне
алған міндеттемелерді орындауды сонша жалғастыра береді, форс-мажор мән-
жағдайларға қатыссыз, осы Шартты орындаудың
баламалы тәсілдерін іздеуді
жүргізеді.
13. ҚҰПИЯЛЫҚ
13.1. Тараптардың әрбірі осы Шарт бойынша, өзге Тараптардан алынған
қаржылық, коммерциялық және өзге де ақпараттардың қатаң құпиялығын
сақтауға міндеттенеді.
13.2. Осындай ақпараттарды үшінші
тұлғаларға беру, жариялау немесе
жария ету, өзге Тараптың жазбаша келісімімен ғана, сондай-ақ осындай
ақпараттарды алуға Қазақстан Республикасының
заңнамасымен тікелей
уәкілетті болып саналатын органдардың және лауазымды тұлғалардың талап
етуі бойынша ғана мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: