51
ұстанымның екі жағы айқын көрінеді: дүниетанымдық көзқарас (ішкі) және
мінез-құлық (сыртқы).
Біз мұғалімдердің басқару ұстанымының дүниетанымдық аспектісін
басқарушылық қызметке құндылық семантикалық көзқарас тұрғысынан, мінез-
құлық жағынан қалыптастыруды басқарудың негізгі функцияларын орындау
сапасына байланысы бар, басқарушылық шешімдерді қабылдау және т.б. ретінде
анықтаймыз.
В.А.Сластениннің ғылыми мектебі әзірлеген теорияда ұстаным бір
жағынан, талап, үміттер мен мүмкіндіктер
негізінде анықталады, ал екінші
жағынан ішкі, жеке қызмет көздері – мұғалімнің тәжірибесі, ниеті мен
мақсаттары, құндылық бағдарлары,
идеологиясы, идеалдары мен көзқарасы
тұрғысынан айқындалады. Бұл ғылыми мектепте авторлар ұстанымды әлемдегі
интеллектуалды, ерікті және эмоционалдық-бағалау жүйесі ретінде,
педагогикалық шындық, атап айтқанда, мұғалім мен көшбасшының қызметіне
негіз ұстанымды анықтайды. Ұстанымдарды құрайтын бұл анықтама біздің
зерттеуіміз үшін маңызды.
Біздің
зерттеуімізде
болашақ
педагогтың
басқарушылық
құзыреттілігінің қалыптасқандығы оның ұстанымдық бағыты бойынша білім
беру үдерісінің субъектілерімен диалогке түсуге даяр болуы саналады. Осыған
сәйкес «даярлық» ұғымына мән беретін болсақ, В.Дальдің түсіндірме сөздігінде
«даярлық» «дайынның жай-күйі немесе қасиеті» деп беріледі. «Даяр» ұғымы
«толыққанды
аяқталуға жеткізілген, жетілген, дайындалған» деген мағынаны
түсіндіреді [128]. Педагогикалық сөздікте ішкі даярлық ұғымы кездеседі, ол
алдын ала болжамдалған, мотивациялық, танымдық, эмоционалдық пен еріктік
үдерістердің даму деңгейіне негізделген іс-әрекетке саналы түрде дайын болу
дегенді білдіреді.
К.К.Платонов даярлықты нақты ережелер тұрғысынан талапқа келтіру деп
түсіндіреді. Ал, бұл біздің жағдайда басқарушылық құзыреттілігі қалыптасуына
қойған талаптарға болашақ
мұғалімнің сәйкес келуін, яғни оның бойында
басқарушылық білім, білік, дағдылар мен тұлғалық сапаларының болуын
білдіреді.
Мәселен, В.А.Крутецкий «іс-әрекетке даярлықты» жұмыс барысының сәтті
болуын айқындайтын тұлғаның қасиеттерінің жиынтығын атайды. Осы
тұрғыдан отандық ғалым-психолог Ж.Ы.Намазбаеваның берген анықтамасында
да кез келген іс-әрекеттің сәтті болуы даярлықты қалыптастыру барысында
тұлғаның
қасиеттерін, әлеуметтік пен мәдени ерекшеліктерін, кәсіби
біліктіліктерін ескеруінен талап етілетіндігін көрсетеді [129, 130].
Ал, педагогикалық іс-әрекетке даярлық дегеніміз Н.Д.Хмельдің пікірінше,
арнайы оқыту және өзіндік тәжірибенің ықпалымен қалыптасатын күрделі
құрылым, құрылымы жағынан бірнеше элементтерден тұрады, педагог
тұлғасының
кәсіби маңызды қасиеттерінен, білім әрі шеберліктен құралады
[131]. Сондай-ақ, ғалым В.А.Сластенин де даярлықтың маманның кәсіби
жәнетұлғалық қасиеттерінің кешенінен көрінетіндігін негіздеген болатын.
Мұндай пікірлер де біздің зерттеуімізге қызығушылық тудырады.
52
Н.Н.Хан зерттеуінде мұғалімнің педагогикалық үдерісте ынтымақтастықты
жүзеге асыруға даярлығы мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің
негізгі аспектісінің
сапалық сипаттамасы тұрғысынан анықталады. Бұл оқытылатын пәндердің
мазмұнының негізінде оқушылармен өзара байланыс кезінде оқу үдерісінде
туындайтын керағарлықтарды шешуге қажетті білім және дағдының
жиынтығынан көрініс табады [132].
Жоғарыда талданған анықтамаларды негізге ала отырып, А.Байкулова да
өзінің диссертациялық зерттеуінде ғалымдардың осы ұғымды қарастыру тәсілін
жинақтап көрсетеді: «даярлықты А.Н.Леонтьев
ұстанымдық бағыт тұрғысынан
қарастырса, В.А.Маляко
күрделі тұлғалық құрылым, ал К.К.Платонов
тұлғаның
Достарыңызбен бөлісу: