Атты халықаралық Ғылыми-əдістемелік конференцияның материалдары



Pdf көрінісі
бет173/174
Дата02.07.2022
өлшемі6.73 Mb.
#459584
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   174
Сборник 2022 Жакыпов с обл

арасындағы қарым-қатынас, яғни адамның адаммен тікелей араласуы анағұрлым қызық. 


396 
Жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас — ойлай жəне 
 
сезіне білетін адамдар арасында 
шынайы өмірде қалыптасатын қарым-қатынастардың нақ өзі. Жеке адамдар арасындағы 
қарым-қатынас араласудың мəні, оның өзіндік нəтижесі болып табылады. Араласу процесінде 
қалыптаса келіп, жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас, өз тарапынан, оның өзіне əсер 
етіп, араласудың мазмұны мен басқа да ерекшеліктерін айқындайды. Сондықтан да «араласу» 
немесе «өзара қарым-қатынас» ұғымдары, аталған мəселенің нақ қандай қыры қаралып 
отырғанына байланысты қолданылады.
Жеке тұлғаның барлық адамдық қасиеттері басқа адамдармен қарым-қатынас барысыңда 
қалыптасады. Білімді меңгеру, кəсіби даярлықтан өту жəне кəсіби шеберлікті шыңдау қарым-
қатынас барысында басқалардың тəжірибесін үйренудің нəтижесінде орын алады.
Адамның əлеуметтік тіршілік иесі ретіндегі ерекшеліктері де осы қарым-қатынаста 
көрінеді. Өйткені қарым-қатынас белсенділігі жеке тұлғаның ең маңызды жақтарының 
дамуына жағдай жасайды, олар – адамгершілік, қайырымдылық, қамқорлық, өз өзі үшін, 
адамдар алдындағы өз істері үшін жауапкершілік. Адамның индивид ретінде де, тұлға ретінде 
де даму шыңы өзін-өзі жетілдіру болып табылады. Тұлғаның өзіндік дамуы – ол өзін-өзі 
жетілдіруі. Өзін-өзі жетілдіру - өзінің өмірлік қуатының мəнін, мақсатын жүзеге асыратын 
тəндік, жандық, рухани күш-қуатты сандық жəне сапалық өзгеріске түсіретін ішкі объективті 
процесс. Көпшілік жағдайда бұл үрдіс өзіндік тəрбиемен, өзін-өзі танумен, интеллектуалды 
дамумен байланыстырып қарастырылады. Өйткені, əр адамның даму деңгейі ол ұстанған 
қарым-қатынас сипатына тəуелді екені анық. Мəселен, күнделікті тұрмыстық күйбең, 
пайдакүнемдіктен аса алмаған адам төменгі даму деңгейіндегі тұлға болып қала береді, ал 
жоғары деңгейдегі адамның қоғамдық мəнді құндылықтарынан, оның рухани жігерлі 
шабытынан көрінеді.
Өзіндік дамудың аса маңызды қөрсеткіші оның өзіндік психикалық реттеу əрекетінде 
психологиялық мүмкіндіктерін өзара тұтастықта жəне қоршаған əлеммен үйлесімдікте дамыта 
білуі. Қысқаша айтқанда, адам тұтастықта, бірлікте, тым ерекше болады, ол өзін ерекше тиімді 
қөрсете алады. Ол ерлік пен күшке ие болады. Солай қарым-қатынаста да шынайы 
адамилықтың аса маңызды аспектілері бірінші орынға қойылады.
Сонымен, тұлға аралық қабылдау үрдісінде кері байланыс түсінік беретін функцияның 
жəне өзін-өзі басқару қызметін атқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   174




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет