49
Кесте 1 - А.Е. Личконың анықтаған тəрбиелеу стилдері мен жасөспірімнің бойында
акцентуациялық мінез-құлықтың көрінуі
№
А.Е.Личко бойынша дұрыс
емес тəрбиелеу стилдері
Акцентуация типтері
1
Гипопротекция
Комформды жəне тұрақсыз тип
Ата-ана тарапынан қамқордың жетіспеуі себебінен тез əр түрлі
асоциалды
топтарға кіріп кетеді,өз өмірлерін жағымсыз өмір
салтымен
құртады.
Ол
отбасында
қанағаттандырылмаған
қажеттіліктерді сырттан іздейді, еліктегіш болады.
2
Басыңқы
гиперпротекция
Психоастеникалық, сенситивті жəне астеноневротикалық типтер
Жасөспірімнің өз бетімен жұмыс істеу қабілеті дамымайды,
қоршаған ортада өзін сенімді ұстай алмайды,
шешім қабылдауға
қиналады жəне өзінің құқықтарын қорғай алмайтын күйге жетеді
3
Еркін гиперпротекция
Истероидты тип
Жасөспірімде эгоцентризм басым болады, яғни ол əрқашан
қоршаған ортаның назарында болуды қалап отырады. Баланы өз
еркімен жіберу ақырында оның кризистік ситуацияға түсуіне алып
келеді, бала өз-өзіне сенімсіз болады.
4
Эмоционалды шеттету
Гипертимді жəне эмилептоидты
жасөспірімдер өз бетімен болуға жəне ата-анасынан бостандық
алуға талпынады, оппозиция реакциясын көрсете бастайды: ұрлық
жасау,
алкогольға қызығушылық, демонстративті суицидке əрекет
жасау жəне т.б.
5
Қатал
қарым-қатынас
шарттары
Эпилептоидты жəне комформды
Жасөспірім сенімсіз, ұялшақ болады. Бойында дұшпандылық жəне
ашу сезімдері жиі пайда болып тұрады.
6
Жоғарғы
моральді
жауапкершілік
Тұрақсыз, лабильді, истероидты
Бала қорқақ, обсессивті-фобиялық неврозға бейім, психопатиялық
дамуға соқтыруы мүмкін
А.Е.Личко бөлген акцентуация типтеріндегі отбасылық тəрбиенің, əр акцентуация
типіндегі жасөспірімнің ата-ана тарапынан көрсетілген əрекеттеріне
реакциясын талдауға
болады.
Гиперпротекция стилімен тəрбиелеу эмансипация реакциясынының кенеттен
күшеюіне алып келеді. Ата-ана жасөспірімнің эмансипациялық ниеттеріне, олардың ойынша
адекватты түрде əрекет етеді, яғни, бақылауды күшейтеді,
катал қарым-қатынаста болады,
оларды тыңдауын талап етеді. Бұндай тəрбиелеу – баланың бойындағы эмансипация
реакциясының күшеюіне алып келеді, нəтижесінде жасөспірім мен ата-ана арасында конфликт
туындайды. Конфликттің туындауына алып келетін қосымша себептер ұсақ-түйек заттар, ата-
анадан келетін бақылау, нұсқау, ақыл айту болып табылады. Гипертимді жеткіншектердің
бойында бұндай жүріс-тұрыстық реакциялар жеткілікті түрде айқын көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: