198
келген жағдайда оң нəтижеге жету үшін мінез-құлқын реттей алады. Демек, эмоциялар
адамның қарым-қатынас сапасына оң əсер етуі мүмкін, бұл оған басқа адамдармен қарым-
қатынасты белгілі бір жағдайларда ең қолайлы түрде құруға мүмкіндік береді [2, б. 50].
Эмоциялық интеллект – бұл адамның өз эмоцияларын жəне басқалардың эмоцияларын
түсіну қабілеті, алынған ақпаратты өз мақсаттарын жүзеге асыру үшін пайдалану. Эмоциялық
интеллектті əлеуметтік немесе көшбасшылық интеллект тұрғысынан қарастыруға болады [1,
б. 4].
Көптеген зерттеулер адамның танымдық ғана емес, сонымен бірге эмоциялық саласы
тиімді
қарым-қатынас жасауға, жеке тұлғаның сыртқы жағдайларға бейімделуіне ықпал
ететіндігін анықтады. Қарым-қатынас дағдыларының рөлі əсіресе қазырғы қоғамынан бастап
өсті, осыған байланысты тəжірибеге бағытталған зерттеулерге деген қызығушылық артып
келеді.
А.И. Полянский, Л. И. Быковсканың зерттеу жұмысында студенттердің коммуникация
дағдысы мен эмоциялық интеллекттісін қарастырған. Зерттеу нəтижесінде сыналушы
студенттердің коммуникативті жəне ұйымдастырушылық бейімділік бірдей дəрежеде
көрінетіндігі, сондай-ақ екі бейімділік көрсеткіштері бойынша айырмашылықтар бар екендігі
анықталды. Зерттеу қорытындысында, басқа адамдардың эмоцияларына назар аудару,
олардың сезімдерін түсіну жəне эмпатия қабілеті адам өміріндегі
эмоциялық саланың
маңыздылығын растайтын тиімді қарым-қатынасқа ықпал етуі мүмкін [3, б. 81].
Г.Ж. Владимировна, Х.Н Андреевичтің зерттеуіне сəйкес, басқа адаммен қарым-қатынас
жасау процесінде ұйымдастырушылық бейімділігі бар адамдар өздерінің эмоцияларының
көріністеріне назар аудармайды, керісінше олар сұхбаттасушының не сезінетінін жəне қандай
ақпарат бергісі келетінін интуитивті түрде түсінеді. Сондай-ақ, мұндай адамдар өздерінің
эмоциялық жағдайына өте мұқият қарайды, өйткені олар əрдайым нысанда болуы керек жəне
олар ұйымдастырған адамдарға үлгі болуы керек. Коммуникативті бейімділігі бар адамдар
эмоциялық интеллекттің келесі элементтерін көрсетуде тиімді бола алады: олар өзін-өзі
ұстауымен ерекшеленеді, өйткені олар өз эмоцияларын қалай басқаруға жəне оларды
бақылауда ұстауға болатындығын біледі. Мұндай адамдар ұжыммен өзара əрекеттесуге жəне
ынтымақтастыққа дайын [4, б. 38].
Я.Э. Владимировнаның зерттеуінде эмоциялық
интеллекттің психологиялық
құбылысында адам психикасының эмоциялық жəне интеллектуалдық аспектілерінің
бірегейлігі байқалды. Эмоциялық жəне интеллектуалды бұл екі жақты қарым-қатынас
коммуникативтік құзыреттілікті, өзара қабылдауды дамытудың жоғары деңгейіне қол
жеткізуге мүмкіндік береді, сондай-ақ өзара əрекеттесудің ең тиімді деңгейін қамтамасыз
етеді, оның ішінде əлеуметтік қақтығыстарды модерациялау жəне реттеу [5, б. 412].
Зерттеуімнің мақсаты - эмоциялық интеллектіні құрайтын элементтердің жеке тұлғаның
коммуникативті бейімділіктерімен байланысын зерттеу. Осыған
байланысты белгілі бір
коммуникативті бейімділіктер эмоциялық интеллекттің белгілі бір элементінің көрінісінде
анықталады деген болжам жасаймыз.
Зерттеуге 18-21 жастағы 34 қыз қатысты. Олардың 11,8%-і 18 жаста, 11,8%-і 19 жаста,
29,4%-і 20 жаста жəне 47,1%-і 21 жаста.
Зерттеу мақсатына сəйкес келесідей əдістемелер қолданылды:
"Коммуникативті жəне ұйымдастырушылық бейімділік" В.В. Синявский, В. А.
Федорошин (КОС) тесті [7];
Н. Холлдың эмоциялық интеллект деңгейін анықтауға арналған сауалнамасы (EQ) [8].
Коммуникативті бейімділік дегеніміз - адамның ұжымда қарым-қатынасты сауатты құру
қабілеті, оның тиімді қарым-қатынас пен ынтымақтастыққа бейімділігі. [6, б. 52]
Ұйымдастырушылық бейімділігіне келесі дағдылар жатады: стандартты емес
жағдайлардағы барабар мінез-құлық; өз мүмкіндіктері мен міндеттерін бағалау; орындалған
жұмыстың нəтижелерін сыни жəне барабар бағалай алу.
Зерттеу екі кезеңнен тұрды: бірінші кезеңде зерттеушілерге коммуникативтік жəне
ұйымдастырушылық бейімділік əдістемесінің сұрақтарына жауап беруді ұсындық. Оның
199
көмегімен əр қатысушының бейімділік деңгейін анықтай алдық. Əрі қарай, қатысушылардың
эмоциялық интеллект компоненттерінің даму дəрежесін 5 шкала бойынша бағалауға
мүмкіндік беретін Н. Холлдың эмоциялық интеллект тестінің сұрақтарына жауап беруді
ұсындық:
1. Эмоциялық хабардарлық - бұл эмоцияларды түсіну, эмоциялар сөздігін үнемі
толықтыру. Жоғары эмоциялық білімі бар адамдар басқаларға
қарағанда өздерінің ішкі
жағдайын көбірек біледі.
2. Өзіңіздің эмоцияларыңызды басқару - бұл эмоциялық сезімталдық, эмоциялық
икемділік жəне т.б., яғни эмоцияларыңызды еркін басқару.
3. Өзіндік мотивация - эмоциялар арқасында өз мінез-құлқын басқару.
4. Эмпатия - бұл басқа адамдардың эмоцияларын түсіну, эмоциялыққ жағдайына
жанашырлық таныту, сондай-ақ қолдау көрсетуге дайын болу. Бұл адамның жағдайын
мимика, ым-ишара, сөйлеу реңктері, позасы арқылы түсіну қабілеті.
5. Басқа адамдардың эмоцияларын тану - бұл басқа адамдардың эмоциялық жағдайына
əсер ету мүмкіндігі [9].
"Коммуникативті жəне ұйымдастырушылық бейімділік" тестін нəтижесіне сүйенсек,
қатысушылардың 70,5%-інің коммуникациялық қабілетінің жоғары, ал 29,4%-інің
коммуникациялық қабілетінің төмен деңгейде екендігі анықталды.
Сонымен қатар,
ұйымдастырушылық бейімділігіне тоқталатын болсақ, 70,5%-інде жоғары жəне 29,4%-інде
төмен болды. Коммуникациялық бейімділік пен ұйымдастырушылық бейімділікті
салыстырғанда, ұйымдастырушылық бейімділіктің коммуникациялық бейімділігтен
қарағанда жоғары болды (64,7%), екі бейімділіктің бірдей деңгейде дамуы 5,8%.
Сурет 1 - Коммуникативті жəне ұйымдастырушылық бейімділік нəтижесі
Н. Холлдың эмоциялық интеллект деңгейін анықтауға арналған сауалнамасының
нəтижесіне сəйкес 11,76%-інде жоғары, 47,05%-інде орташа жəне 41,1%-інде төмен деңгейде
екендігі көрсетілді.
0,00%
10,00%
20,00%
30,00%
40,00%
50,00%
60,00%
70,00%
80,00%
Төмен
Жоғары
Коммуникациялық
Ұйымдастырушыл
ық
Достарыңызбен бөлісу: