188
өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Бұл деструктивті өзгерістер кəсіби қызметте, кəсіби мінез-
құлықта (кəсіби қызметке кіру жəне одан шығу кезінде), сондай-ақ кəсіби жəне кəсіби емес
қарым-қатынаста көрінеді.
А.К. Маркованың айтуы бойынша, «деформация» – кəсіби маманның бір тұтастылығын
бұзады, бейімділігін,
тұрақтылығын төмендетіп, іс-əрекетінің өнімділігіне теріс əсер етеді.
Сондықтан қазіргі таңда қызметкерлердің деформацияларын анықтап, оны жеңудің
психотехнологиялық жолдарын қарастырып, кəсіби деформацияның алдын алып коррекция
жасау өзекті мəселелердің бірі болып отыр [3].
Кəсіби деформация кəсіп пен қызметтің психологиялық үлгілерінің «бұрмалануы»
немесе олардың деструктивті құрылысы ретінде қарастырылады [4]. Деструктивті мінез-
құлық агрессивтілікке негізделе отырып, адамдарға немесе қоршаған əлемнің басқа
объектілеріне физикалық, моральдық немесе басқа зиян келтіруге бағытталған, оларға қарсы
зорлық-зомбылықпен байланысты əрекеттерде көрінетін агрессивті мінез-құлық ретінде
қарастырылады. Деструктивті мінез-құлық жеке адамдар мен əлеуметтік топтарды өмірдің
стресстік сипатына бейімдеудің балама тəсілі.
С.П. Безносовтың пікірінше, басқа адаммен кəсіби қарым-қатынас міндетті түрде
соңғысының осы жұмыс субъектісіне кері əсерін қамтиды. Кəсіби деформациялар түрлі кəсіп
өкілдерінде əр түрлі көрінеді [5].
Кəсіби деформацияны адамның іс-əрекеті мен жүріс-тұрысы арқылы да анықтауға
болады. Деформация кəсіптің əсері арқылы адамның физикалық жəне психикалық күйіне əсер
етеді. Бұл əсер теріс сипатқа ие. Кəсіби деформацияның пайда болу механизмі аса күрделі.
Алғашында еңбектің жағымсыз шарттары кəсіби іс-əрекетте, жүріс-тұрысында
негативті
өзгерістер тудырады. Содан кейін, қиын жағдайлардың қайталануына байланысты теріс
өзгерістер жиналып қарым-қатынаста, күнделікті өмір барысында көріне бастайды. Алдын
ала, уақытша негативті психикалық жағдай мен бағдар пайда болса, одан кейін жағымды
қасиеттер жоғала бастайды. Кейін, жағымды қасиеттер орнына жұмысшының жеке бас
профилін өзгеріске əкелетін негативті психикалық қасиеттер пайда болады.
Кəсіби деформация адамның еңбек іс-əрекетінде туындауы өте күрделі жəне психиканың
түрлі қырларына (мотивациялық, когнитивті, тұлғалық), қасиеттеріне əсер етеді. Тар
мағынада, кəсіби деформация - бұл адамның кəсіби қызметіне жəне психологиялық
құрылымына теріс əсер ететін психологиялық өзгерістер. Кəсіби
деформацияның пайда
болуына қызметкердің маңайындағылардың əсерімен кəсіби іс-əрекетінің өзіндік
ерекшеліктері ықпал етеді. Мұғалімнің кəсіби деформациясының көрінуі сабақ кезіндегі
белгілі бір уақытта жасанды түрде, тіпті параноидтық сипатта оқушылардың жұмысынан
қателіктер іздей бастайды. Үйде "деформацияланған" мұғалім туыстарының іс - əрекеттерін
бағалай бастайды, кейде тым қатал (ойша барлығын 5 балдық шкала бойынша) көрінуі мүмкін,
көшедегі бейтаныс адамдардың іс-əрекеттерінің дұрыс не бұрыстығын талдайды, мəдениеттің
болмауына не төмендігіне наразы болады, жəне т. б.
Кəсіби деформацияның тағы бір маңызды себебі - еңбек бөлінісі жəне тар
мамандандыру. Көптеген жылдар бойғы күнделікті жұмыс типтік міндеттерді шешу бойынша
тек кəсіби білімді жетілдіруді ғана емес, сонымен қатар кəсіби əдеттерді, стереотиптерді
қалыптастырады, ойлау стилі мен қарым-қатынас стилін анықтайды. Адаптивті деформация
кезінде тұлғаның нақты іс-əрекет шарттарына пассивті бейімделуі орын алады, оның
нəтижесінде адамда конформизмнің жоғары деңгейі қалыптасып, ол ұйымда қабылданған
мінез-құлық үлгілерін сөзсіз қабылдайтын болады. Деформацияның неғұрлым терең деңгейі
қызметкердің тұлғалық қасиеттерінің,
соның ішінде билеп-төстеушілік, эмоциялылықтың
төмендеуі жəне қатаңдық тəрізді теріс сипаттағы өзгерістердің орын алуымен сипатталады.
Кəсіби деградация деп аталатын кəсіби деформация дəрежесі адамның моральдық
көзқарастарын өзгертеді, кəсіби тұрғыдан тұрақсыздыққа апарады. Адамның тұлғалығы тұтас
жəне тұрақты құрылым болғандықтан, ол деформациядан қорғанудың образды жолдарын
іздейді. Мұндай психологиялық қорғаудың бір тəсілі - бұл эмоциялық күйзеліс синдромы.
Синдромның негізгі себебі - қызметкерге қойылатын талаптар мен оны орындаудың нақты
189
мүмкіндіктерінің сəйкес келмеуі. Егер қызметкер бастықтың бұйрығын орындауды абыройлы
іс деп санап, бірақ оны объективті түрде орындай алмаса стресс пайда болады. Бұл өз кезегінде
жұмыс сапасының нашарлауына, əріптестерімен қарым-қатынастың бұзылуына апарып
соқтыруы мүмкін.
Көбінесе бұл синдром қызметкерлердің тəуелсіздікке деген ұмтылысы жəне олар жауап
беретін нəтижелерге жетудің əдістері мен əкімшіліктің қатаң, иррационалды саясаты
арасындағы сəйкессіздіктен туындайды. Күрделі бақылау нəтижесінде өз қызметінің
пайдасыздығы сезімі пайда болады. Жұмыс үшін тиісті сыйақының болмауын қызметкер өз
жұмысының мойындалмауы ретінде сезінеді, бұл да апатияға, ұжымның істеріне эмоциялық
қатысудың төмендеуіне, əділетсіздік сезімінің пайда болуына жəне күйзеліске əкелуі мүмкін.
Адамның осы принциптері мен құндылықтары жəне жұмыс ұсынатын талаптар арасында
сəйкессіздік болған жағдайдында қызметкер үшін осы жұмыс орнында қалу маңызды болса,
онда біртіндеп жеке принциптерді бұзуға тəуелділік
пайда болады, олардың эмоциялық
маңызы төмендейді.
Жеке тұлғаның мамандықты игеруі сөзсіз оның құрылымындағы өзгерістермен бірге
жүреді,
бір жағынан, қызметтің сəтті жүзеге асырылуына ықпал ететін қасиеттер күшейіп,
қарқынды дамуи бастаса, екінші жағынан, осы процеске қатыспайтын құрылымдар да
өзгеріске түсіп, басылуы немесе тіпті жойылуы мүмкін. Егер бұл кəсіби өзгерістер теріс деп
саналса, нақты айтқанда, жеке тұлғаның тұтастығын бұзатын, оның бейімделуі мен
тұрақтылығына
зиян келтіретін болса, онда оларды кəсіби деформациялар ретінде
қарастырған жөн.
Деформацияның ауырлық дəрежесі жұмыс өтілімен, педагогикалық іс-əрекеттің
мазмұнымен жəне мұғалімнің тұлғалық психологиялық ерекшеліктерімен анықталады.
Э.Ф. Зеер, Э.Э. Сыманюк педагогтердің іс-əрекетіндегі деформациялар авторитарлық,
демонстрациялық, дидактикалық педагогикалық, догматизм, доминанттылық, педагогикалық
индифференттілік, консерватизм, педагогикалық агрессия, рөлдік экспансионизм, педагогтің
əлеуметтік екіжақтылығы, мінез-құлық трансфері, педагогтің ақпараттық енжарлығы жəне
үйренілген дəрменсіздік сипаттарында байқалуы мүмкін [6].
Мұғалімнің кəсіби деформациясы мəселесі кейбір ерекшеліктермен сипатталады.
Педагогикалық та, салалық та білімі бар мамандардың өзіндік кəсіби деформациялары бар,
олар пəн мен оның пəнаралық байланыстарын, пəннің мазмұнын тереңдігімен толық көрсетуге
кедергі келтіреді.
Үлкен жұмыс тəжірибесі бар мұғалімдер үшін оқытуды біріктіру кəсіби қызмет
динамикасында қайшылық тудыруы мүмкін. Кəсіби шеберліктің белгілі бір деңгейіне жеткен
маман жаңа пəннің мазмұнын жəне оны оқыту əдістемесінің ерекшеліктерін игеруге
байланысты жаңа білім жүйесін, қалыптасқан өзін-өзі тəрбиелеу дағдыларын құруды талап
ететін кəсіби дамудың төменгі сатысына көшуге мəжбүр. Бұл процесс, бір жағынан,
қалыптасқан кəсіби дағдылар мен кəсіби деформациялар аясында, екінші жағынан, тұлғаның
кəсіби дамуына жəне сапалы жаңа кəсіби деңгейдің қалыптасуына немесе кəсіби
бұзылулардың одан əрі дамуымен қызметтің де бұзылуына ықпал етеді.
Шетелдік авторлардың зерттеулерінде "кəсіби деформация" термині қолданылмайды. Ең
көп таралған термин - "эмоционалды жану". Кəсіби деформация - қорғаныс механизмдері
əлсіреген кезде, адам деструктивті факторларға төтеп бере алмағанда жағдайдағы жəне
тұлғаның бұзылу процесі басталатын эмоциялық күйзелістің салдары. "Эмоциялық жану
синдромы "– диагностикалық мəртебеге ие (МКБ–10:z73 - "өз өмірін басқарудағы
қиындықтармен байланысты проблемалар"). Эмоционалды жану синдромы ("күйіп қалу") -
эмоциялық, психикалық тұрғыдан сарқылу белгілері арқылы физикалық шаршауға,
эмоциялық, танымдық жəне физикалық энергиясын біртіндеп жоғалтуға дейін апаратын
процесс. Бұл жұмыс орнындағы стресстің сəтсіз шешілуі мен психологиялық қорғаныс
механизмінің нəтижесі ретінде қарастырылады.
Соңғы жылдарда мектеп мұғалімдерінің психологиялық денсаулығын сақтау мəселесі
өзекті болып отыр. Мұның себептері мемлекеттік білім стандартының күрделене түсуі,
190
ақпарат ағымының көбеюі, мектептердегі жаңа реформалардың, заманауи технологиялдардың
енгізілуі, мұғалімдердің зейнетке шығу жастарының ұзартылуы жəне т.б. байланысты.
Əдебиет
1. Грановская Р.М. Элементы практической психологии. — 6-е. — СПб.: Речь, 2010. — 560 с.
2. Управление персоналом. Словарь-справочник https://psyfactor.org/personal0.htm
3. Маркова А.К. Психология профессионализма. — М.: Международный гуманитарный фонд «Знание»,
1996. — 312 с.
4. Дружилов С.А. Профессиональные деформации и деструкции как следствие искажения
психологических моделей профессии и деятельности // Журнал прикладной психологии. — 2004. — № 3. — С.
56—62.
5. Безносов С.П. Профессиональная деформация личности. – СПб.: Речь, 2004. - 272 с.
6. Психология становления педагога профессиональной школы / ред. ЭФ. Зеера. Екатеринбург: 1996. -
148 б.
Достарыңызбен бөлісу: