125
ЖИЫРМА ТОҒЫЗЫНШЫ ХИКАЯ
ПІЛ ИЕЛЕРІ
Зу Нуас пен Абраһа
Өткен замандардың бiрiнде Йемен елін мекен еткен, Исаның дiнiне
сенген мүмін халыққа Зу Нуас есiмдi кiсi патшалық етiп, билiк жүргiздi. Зу
Нуас патша халықты Исаның жолы – иман жолынан қайтармақ үшін
қолынан келген барлық амалды жасады. Әрекеттері нәтижесiз болып,
мүміндер
имандарынан қайтпаған соң, ол да барлық залым патша секiлдi
зорлық-зомбылыққа, қинау әдістеріне көшті. Ол мүміндерді азаптап,
«Аллаһтан өзге құдай жоқ» деген әрбiр кiсiнi отпен күйдiрдi.
Йемен елiнiң жанындағы көршiлес Хабаша (Эфиопия) елiне Абраһа
есiмдi кiсi патшалық етiп, әмiрлiк жүргiзетiн. Абраһаға көршiлес Йемен
елiндегi мүміндердің азапталып, қорланып, Зу Нуастың Исаға сенген әрбiр
кiсiнi отпен күйдiрiп жатқандығы туралы хабар жеттi. Ол бұл хабарды
естiген соң,
әскерiн дайындап, Йемен тарапына жол тартты. Абраһа Йеменге
келiп, Зу Нуасты жеңді. Ол жердегi мүміндерге көрсетiлiп жатқан
азаптардың барлығы жойылып, билiк Абраһаның қолына өтті. Осылайша Зу
Нуас Йемен елiнен қуылып, бұл елге де Абраһа патша болды. Әрi бұл жерде
ол Исаның дінінің жайылуына мүмкіндіктер жасай бастады.
Қағба мен Құлләйс
Йемен елiне Мекке қаласы жақын орналасқан-ды. Мекке қаласының
сауда орталығы екендiгi және арабтардың белгiлi
бiр мезгiлде Меккеге
жиналатындығы әрi онда Қағбаның орналасқаны, оған қажылардың
келетiндiгi Абраһаның назарын аудартты. Демек, Қағбаға бүкiл жүрек
талпынады. Және арабтар жыл сайын белгiлi уақытта ол жерге қажылыққа
келедi.
Абраһа сауда-саттықтың Меккеге көп пайда келтiрiп жатқанын көрiп
және Мекке арабтардың жүрегiнде ерекше орын алғанына көз жеткiзді.
Мұнан соң Абраһаға бiр ой келдi. Бiрақ оның бұл ойы шайтани болып,
Исаның дiнiне сәйкес келмейтiн. Оның ойлағаны: қажыларды Меккеден
қайтарып, Қағбаны өзi билiк жүргiзiп тұрған Йемен қаласына көшiру едi.
Сөйтіп, ол көптеген пайда, мал-дүниенің көзін таппақ болды. Демек, Абраһа
ендi адамдардың ойынан Қағбаны шығарып, назарын аударту үшiн Йеменде
үлкен бiр зәулiм ғимарат тұрғызуы керек.
Бұл ойды iске асыру үшiн бiршама уақыт керек еді. Абраһа
халықтан
жұмысшыларды, құрылысшыларды, сәулетшілерді жинап: «Мен әлемде ең
әдемi, теңдесi жоқ ғимарат салып, адамдардың Қағбаға емес, осы ғимаратқа
қажылық етіп келулерiн қалаймын. Менiң бұл жоспарымды iске асырып,
126
зәулiм ғимарат салуда бiр-бiрiңе көмектесiп, бiрлесiп тез әрекет жасап, iске
кiрiсiңдер», – деген бұйрық бердi. Шынында да, Йемен елiнде шiркеу
көрiнiсiнде өте
бiр әдемi ғимарат тұрғызылып, бұл ғибадатхана «Құлләйс»
деп аталды. Ғимарат құрылысы аяқталғаннан кейiн Абраһа арабтарға
Қағбаға емес, осы керемет шiркеуге қажылық жасап, сауда-саттығын да
Йеменде жасауларын ұсынып, қызықтыра бастады.
Бұл хабар тарап, арабтарға жеттi.
Арабтардың бұған келiсiп,
қанағаттанулары үшiн жарнамалар, қызықтырулар жалғаса түстi. Бiрақ
арабтар өз әдет-ғұрпын жеңiлдiкпен өзгерте салуға әдеттенбеген-ді.
Сондықтан Абраһаның қалауына ешбір араб назар аудармады. Және
көптеген қызықтыруға қарамастан, ешкiм де бұл жаңа ойға қанағаттанып,
келiспедi. Абраһа өз ойын
ешкiмге мақұлдата алмаған соң, олардың
Құлләйсқа қажылыққа мәжбүрлiктен келулерi үшiн күш қолдануға кiрiстi.
Арабтар тіптен ашуланып, Абраһаны келемеждей түсiп, оның талап,
бұйрықтарын қабылдамады.
Арабтар Йеменге баруға келiспей, бәрi бiрiгiп Абраһаға бағынбау
жолында бiр-бiрiне көмектесе бiлдi. Бұл үлкен шiркеуге орасан қаржы мен
ерен еңбек жұмсап салдырған Абраһа: «Ендi не iстеуi керек? Қандай тәсiлдi
қолдансам, арабтар зиярат үшiн Құлләйске келетiн болады?» – деп ойланды.
Сонымен, Абраһа Қағбаның күл-талқанын шығаруға, адамдардың ол жерге
қажылыққа келулерiне күшпен тыйым салуға шешiм шығарды.
Сондай-ақ
оның бұйрығын орындамай, қарсы шығып, еңбегiн мазақ етiп жатқан
арабтарды ескертпекшi болды. Шындығында, ол «Қағбаны күйретемін»
деген шешімін берiк ұстанды. Бұл шешiмiмен Абраһа Йемендi Зу Нуастың
зорлығынан құтқарып, мүміндерді
бостандыққа шығарып жасаған
жақсылығын жойып жiбердi. Оның шешiмi осындай улы болды.
Достарыңызбен бөлісу: