ҚҰран кәрім хикаялары



Pdf көрінісі
бет101/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102
Хикаялар

Абраһаның Меккеге келуі 
Бұл шешiмiмен Абраһа Исаның соңынан еруші, ізбасарлары болған, бір 
Аллаһқа иман келтірген қауымын басқа дiнге кiргiземiн деп әрекет жасаған 
Зу Нуастың iсiн қайталады. Ол адамдардың қажылығын Йеменге өзгертiп, 
олардың киелi Қағбаларын бұзып тастамақ. Абраһа қолындағы бар 
мүмкiндiкпен 
әскерiн 
дайындауға 
кiрiстi. 
Бұл 
әскердiң 
күштi 
дайындалғанынан басқа тағы бiр ерекшелiк: олардың арасында арнайы 
үйретiлген пiлдер бар болатын. Ал арабтар соғыста мұндайды 
қолданбайтын. Және Абраһаға қарсы ол сияқты пiлдер дайындауға шамасы 
жетпейтiн. Абраһадай патшаның пiлдерiмен, күштi әскермен дайындалған 
тобына олар қалайша қарсы тұра алсын?! 
Абраһа әскерiнің, пiлдерiнің дайындығы аяқталғанда, оларға Мекке 
қаласындағы Қағбаға қарай жолға шығуға бұйрық бердi. Сонымен, әскер 
жолға шықты. Үлкен пiлдер әскердiң алдында жүрдi. Олар бiрнеше күн 


127 
жүрiп, ұзақ жолды артқа тастады. Әскер күштерiне сенiп: «Арабтар әлсiз. 
Бiзбен бәсекелесiп, бiзге қарсы шыға алмайды. Бiз, сөзсiз, жеңемiз», – деген 
арманмен келе жатты. Шындығында, арабтарда Абраһаның әскерi секiлдi 
әскер, құрал-саймандары, үлкен-үлкен пiлдерi жоқ еді. Мекке халқына 
Абраһаның пiл жасақты әскерiмен жақындап қалғандығы туралы хабар 
жеттi. 
Мекке тұрғындары бұл хабарды естiп, киелi жерлерiне, мал-дүниеге, 
сауда-саттықтан көретiн пайдаға қауiп-қатердiң төнгенiн бiлiп, қатты 
шошыды. Дұшпанның қуатты, қорқынышты пiлдерi меккелiктердің зәресін 
алды. Абраһа Меккеге жақындағаннан кейiн, кiруден бұрын Мекке 
басшыларымен келiссөз жүргiзбек болып, өз өкiлiн жiбердi. Өкiл келiп, 
меккелiктердiң басшысы Абдулмутталибпен кездесiп: «Ей, Абдулмутталиб! 
Меккелiктерге және ер жiгiттерге өз орындарынан қозғалмауын, қарсы 
шығуға әрекет жасамауын айт. Егер кiмде-кiм қарсы шығар болса, 
өлтiрiледi. Абраһаның бұйрықтары – осы. Әскер Абраһаға мойынсынған 
халыққа зиян келтірмейді. Біз Қағбаны ғана бұзамыз. Ал бұл жолда бiзге 
қарсы тұрмақшы болған әрбір адам өз жазасын алатын болады», – дедi. 
Мекке тұрғындары Абраһаға қарсы шығудың қиын екендiгiне, ол ойын iске 
асырмай қоймайтындығына көз жеткiздi. Олар ендi Меккенi бұзып 
жатқандағы көрiнiстi көрiп жүрегi қиналмауы үшiн Меккенi тастап, тауларға 
шығып кете бастады. Абдулмутталиб: «Қағбаны қорғайтын Раббысы бар», – 
деп, «Уа, Раббым! Қағбаны Өзiңе тапсырдық. Сен Өзiң оны қорға. Сенен 
басқа оны қорғай алатын ешкім жоқ» деп дұға қылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет