401
Қалыпты зоналық топырақтар – 5 топырақ типінен тұратын
құрғақ шөпт топырақтар
Құрғақшылықтың өлі қабаты – аспалы қылтүтік топырақ
суының төменгі шегі мен ыза суының қылтүтік жиегінің жоғарғы
шегінің арасында, қабат салу ылғалдылығына жақын жатқан
ылғалды қалыңдылық.
Гравитациялық су – грунтты топырақта ауырлық күшінің
əсерінен қылтүтіктерде ұстап тұрылмай, жоғарыдан төмен жылжи-
тын су.
Гигроскопиялық су – топырақтың ауадан сіңіре алатын бу
тəрізді ылғалдылықтың ең жоғарғы мөлшері.
Мезорельеф – рельефтің орташа мөлшері. Мысалы, тау
аңғарлары, алқаптар, шұңқырлар.
Макрокомбинациялар – мезокомбинацилардың жер бедерінің
ірі өзгерістеріне байланысты алмасып отыруы.
Микрорельеф – рельефтің өте ұсақ түрі. Мысалы, ұсақ құм
төбелер, сор ойпаңдар жəне т.б.
Пестицидтер – ауру туғызатын ұсақ бунақденелілерді жою үшін
қолданылатын химиялық заттар.
Сорланған топырақтар – құрамында суға тез ерігіш тұздардың
біршама мол кездесетін топырақ түрлері.
Сор топырақ – суға тез ерігіш тұздардың топырақтың беткі
қабатынан бастап мол кездесуі.
Сортаң топырақ – топырақтың коллоидты кешені негізінен на-
трий катионына қаныққан топырақтар.
Солодтар – қалдықты кварц жəне аморфты кремний балшығы
көп топырақтар.
Топырақ-биоклиматтық белдеу – топырақтардың көлбеулі
зоналар мен биіктік белдеулердің радиациялык жəне жылу
жағдайларының біртектестігі.
Топырақ-биоклиматтық облыс – топырақ зоналарының тек
радиациялық жəне жылу жағдайлары ғана емес, сонымен катар
ылғалдану жəне құрғақтану жағдайларының біртектестігі.
Топырақты бонитеттеу – топырақтың табиғи құнарлығын салы-
стырып бағалау, оларды табиғи қасиеттер бойынша жіктеу.
Топырақ провинциясы – топырақ зонасының кейбір топырақ
жəне оның түзілу ерекшеліктеріне байланысты (ылғалдану,
құрғақтану немесе температуралық өзгерістері) – зонаның бір бөлігі.
26–1427
|