402
Топырақ округі – топырақ провинциясының жер бедері топырақ
түзуші жынысқа байланысты топырақ жамылғысын біркелкі
құрылымда кездесетін топырақ провинциясынын бір бөлігі.
Топырақ ауданы – топырақ округінің жергілікті жағдайларға
тіпті, кейде əкімшілік бөлінісіне қарай бөлінетін ең кіші бөлігі.
Топырақ зоналары – топырақ түрлерінің түзілуі мен генетикалық
қасиеттері өзіндік биоклиматтық жағдайына сай қалыптасқан табиғи
аймақтар.
Топырақ типі – топырақ жіктелуінің басты белгісі.
Топырақ құнарлылығы – топырақтың өсімдіктерді өніп-өсуіне
қажетті су, қорек элементтерімен қамтамасыз етуі жəне олардың
түсімділігіне керекті жағдай туғызу қасиеті.
Топырақ пісуі – топырақтың жабысқақтығы мен байланысы
маңызды агрономиялық қасиеті.
Топырақтың тоңдануы – топырақтың қысқы аяздарда
құрамындағы ылғалы мұзға айналып қатуы.
Топырақ тегі – аналық тау жынысы өзгешелігіне орай бөлінетін
топырақ бөлігі ( кебірленген, сорланған, корбонатты).
Тип – топырақтың жіктелуінің басты белгісі.
Топырақ аймағы – бір немесе екі аймақтық топырақ типінің
жəне осыларға сəйкес интрааймақтық жəне аймақ ішіндегі топырақ
типтері таралған жер кеңістігі.
Топырақ аймақшасы – топырақ аймағына сəйкес таралған бір
топырақ типшесі таралған жер аумағы.
Топырақ фациясы – жылу режимінің жəне жыл мерзімдері
ішінде ылғалдылығының ерекшелігі бар топырақ аймағының бір
бөлігі.
Топырақ округы жəне топырақ ауданы – жер бедерінің жəне
топырақ түзуші тау жыныстарының ерекшелігіне байланысты
қалыптасқан топырақ жиынтығы бар топырақ өлкесінің бөлігі.
Тиксотропия – мəңгі тоңды өлкелердегі топырақтарда кең
тараған құбылыс.
Топырақтың тұздануы – өсімдіктер үшін зиянды болып келетін
тұздардың топырақтың жоғарғы қабатына жинақталу процесі.
Достарыңызбен бөлісу: |