Оқулық Алматы, 013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет153/162
Дата14.09.2022
өлшемі5.39 Mb.
#460752
түріОқулық
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   162
kabysheva-topyraktanu

400
Термин сөздерге түсінік
Аллювий – өзен тасығанда шығып қалған құмдар, қиыршық тас-
тар жəне т.б.
Бонтировка – топырақтың сапалылығын бағалау.
Бонитет – топырақ сапасының көрсеткіші.
Геологиялық эрозия – табиғатта болуға тиісті биологиялық про-
цесс, ол топырақты жаңартуға көмегін тигізеді.
Дефляция – топырақ пен борпылдақ тау жыныстарының 
түйірлерін жел үрлеп ұшыруы.
Дефляция эрозиясы – топырақтың желмен ұшып кету процесі.
Диагенез – шөгінді лайлы жыныстардың қатаюы.
Десукция – өсімдіктердің топырақ суын тамырларымен соруы
Далалық ылғалсиымдылық ыза суы терең орналасқан 
жағдайда топырақты үстіңгі жағынан сулағанда топырақтың ұстап 
қалған су мөлшері.
Ортзаңдар – тығыз, шірік, қоңыр түсті темірдің қабыршықтары.
Ортштейндер – темір мен марганец тотықтарының кесек немесе 
тары тəріздес.
Рекультивация – топырақ жамылғысын қайта қалпына келтіру.
Жасанды құнарлық – адамның еңбек нəтежиесінде пайда бо-
лады. Табиғи жəне жасанды құнарлылықпен қатар, экономикалық 
құнарлық құрастырады.
Жерлерді бағалау – құнарлығын жəне тұрған орны жер 
учаскелердің сапалық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер бойын-
ша анықтау.
Зонасыз топырақтар – табиғаттың барлық зоналарында өзен 
бойлары мен ойпатты жерлерде немесе құм жиындары бар жерлерде 
кездесетін топырақтар.
Ирригациялық эрозия – адамдардың суды дұрыс пайдаланбау-
ынан болатын эрозия. 
Кадастр – есеп, салық үшін жер бағасын есептеу
Қалыпсыз топырақтар – өзен мен көлдер аллювилері, жел 
үйінділері.
Коагуляция – коллоидтардың ертіндіден тұнбаға көшу процесі.
Криогенді су режимі – үнемі тоң болып жататын суға төзімді 
қабат түзіп, соның нəтижесінде жауын-шашынның аздығына 
қарамастан, жылдың жылы мезгілінде топырақтың суға қанығуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет