Оқулық Алматы, 013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет71/162
Дата14.09.2022
өлшемі5.39 Mb.
#460752
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   162
kabysheva-topyraktanu

Топырақтың сіңіру қабілеті – оның ерітіндідегі түрлі заттардың 
молекулалары мен иондарын өз бойына сіңіріп жəне оларды ұстап 
қалу қабілеті.
Топырақтың механикалық сіңіру қабілеті – топырақтың 
басқа қуыс денелер сияқты, өзінен су өткенде, ондағы үлкен, кіші 
бөлшектерінің топырақта сүзіліп немесе желмен келген əртүрлі зат-
тарды ұстап қалуы.
Топырақтың бұл сіңіру қабілеті оның механикалық құрамы мен 
түйіртпектігіне байланысты болады. 
Топырақтың биологиялық сіңіру қабілеті – топырақтағы 
өсімдік тамырлары мен микроағзаларының (микроорганизмдерінің) 
топырақ ерітіндісінен қоректік элементтерді сіңіріп, өз денелерін 
құру үшін түрлі органикалық заттардың түзілуі. Биологиялық сіңіру 
топырақты қоректік элементтердің шайылуынан қорғайды жəне 
органикалық затқа байытады.
Биологиялық сіңіру тыңайтқыш қолдануда маңызды рөл 
атқарады. Микроорганизмдер көмегімен өсімдіктер бойларына 
сіңірмей қалған нитраттар топырақтарда қатты шайылып кетпейді, 
жинақталады. Өйткені нитраттар физикалық, физикалық-химиялық 
немесе химиялық жағынан топырақтарда сіңірілмейді.
Топырақтың биологиялық сіңіру қабілетінің қарқынына топырақ 
ылғалдылығы, аэрациясы, топырақта энергетикалық заттардың 


173
(өсімдік қалдықтары, органикалық тыңайтқыш) болуы елеулі əсер 
етеді.
Топырақтың физикалық сіңіру қабілеті – топырақ 
бөлшектерінің əртүрлі заттардың молекулаларын тарту күшімен 
сіңіріп, өз бойында ұстап тұру, оң немесе теріс адсорбциясы.
Қатты заттардың бөлшектері неғұрлым майда болған сайын 
олардың сыртқы тарту күші үдейді. Бұл тұрғыдан, майда дисперсті 
коллоидты бөлшектердің тарту күші зор, сондықтан топырақ 
бөлшектерінің бетінің көлемі үлкен болса, оның физикалық сіңіру 
қабілеті жоғары келеді.
Физикалық сіңіру қабілеті тыңайтқыштарды қолданудың 
мерзімін белгілеуге көмектеседі. Мысалы, хлор ионы бар 
тыңайтқыштарды күзде, ал нитратты тыңайтқыштарды тұқым 
себер алдында немесе үстеп қоректендіруде берген жөн. Себебі 
топырақтағы хлор ионы мөлшерінің көп болуы өсімдіктер үшін зи-
янды. Мұндай тыңайтқыштарды күні бұрын қолдану хлор ионының 
топырақтың астыңғы қабатына шайылуына əкеп соғады.
Топырақтағы физикалық сіңіруді бөліп ажырату өте қиын. 
Ол əрдайым химиялық жəне физикалық-химиялық сіңіру 
құбылыстарымен өзара тығыз байланыста болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет