Ӛсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер биоәралуандылығЫ



Pdf көрінісі
бет35/80
Дата22.09.2022
өлшемі1.09 Mb.
#461128
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   80
abdrahmanov3

Зәршығару огандары. Қҧстардың ҧрықтарында 
мезонепрос-дене бҥйрегі болса, ересектерінде метанепрос-
мықын бүйрек деп аталатын бҥйрегі олады. Жыныс 
органдары. Аталық жыныс бездері бҧршақ пішіндес, екі 
бҥйрегінің ҥстіңгі жағында шарбы майына ілініп тҧрады. 
Шағылыс органы кейбір қҧстарда ғана болады. Клоаканың 
жиегінің ӛсуінен пайда болған шағылыс органы қаз 
тәрізділерде, тырналарда және тҥйеқҧстарда болады. 
Қҧтандарда, дегелектерде де, қоқиқаздарда да және 
дуадақтарда шағылыс органының жҧрнағы сақталады.
Құстардың шығу тегі және эволюциясы. Қазба қҧстардың 
морфологиялық және биологиялық сипаттамасы. Олардың 
тіршілік ету уақыты және қазіргі қҧстармен ҧқсастығы. Қазіргі 
қҧстардың географиялық таралуы және системасы. Кластармағы 
нағыз қҧстар. Нағыз қҧстардың ең басты отрядтары мен 
тҧқымдастарының биологиясы, сипаттамасы және географиялық 
таралуы. 
Негізгі әдебиеттер:  28, 29, 30, 31. 
Қосымша әдебиеттер:  66-69, 72, 73-78, 80-82. 
 


51 
Дәріс тақырыбы № 17. Класс Сүтқоректілер(Mаmmalia) 
Сүтқоректілердің 
сыртқы 
және 
ішкі 
құрылысы. 
Сүтқоректілердің тегі. Тері жамылғысы. Омыртқа жотасы. 
Сҥтқоректілер омыртқалы жануарлардың ішіндегі ең 
жоғарғы даму сатысында тҧрған жануарлар. Олардың 
прогрессивті белгілері: 
1. Бҧларда орталық нерв системасы жоғары дамыған. Оның 
ішінде жоғарғы нервәрекетініңорталығы — ҥлкен мижарты 
шарларының сҧр қыртысы кӛңіл аударады. Осыған байланысты 
сҥтқоректілердің орта жағдайына бейімделуі ӛте кҥрделі, әрі 
жақсы жетілген. 
2. Сҥтқоректілер тірі туады. Баласын аналық организмнің 
ӛнімі — сҥтімен қоректендіреді. Бҧл сҥтқоректілердің әр тҥрлі 
жағдайда кӛбеюіне мҥмкіндік береді. 
3. Жылу реттелуі қабілетінің жоғары дамуы, аздап та болса 
дене температурасының тҧрақтылырына байланысты икемделген. 
Денесін қаптап тҧрған тҥктері салқыннан қорғаса, ал денесіндегі 
тері астындағы май қабаты жылудың реттелуіне себепші 
болады.Осындай ерекшеліктер әр тҥрлі жағдайларға карамастан 
кеңінен таралуына мҥмкіндік береді. Антарктикалық материктен 
басқа географиялық жер бӛліктеріне тҥгелдей тараған. Олар жер 
бетінде, ауада, жартылай суда, жердің астыңғы қабатында 
тіршілік етеді. Қазір сҥт қоректілердің 4000-ға жуық тҥрі белгілі. 
Сҥтқоректілердің морфологиялық ерекшеліктері, денесі 
жҥнмен жабылған. Терісінде бездері кӛп, әсіресе жақсы жетілген 
сҥт безін атап ӛтуге болады. Бас сҥйегі омыртқа жотасымен екі 
бҧдыр ӛскіншектер арқылы бекиді. Тӛменгі жағы тек қана тіс 
сҥйегінен тҧрады. Шаршы сҥйек пен байланыс сҥйегі ортаңғы 
қҧлақ қуысында орналасқан есіту сҥйегіне айналған. Тісі кҥрек 
тіс, шошақ, тіс, азу тіс болып жіктелген, олар альвеолдарға 
бекіген. Жҥрегі тӛрт камералы, бір ғана сол жақ колқа доғасы 
сақталған. Қызыл қан тҥйіршіктерінде ядро болмайды. 
Сүтқоректілердің дене құрылысына жалпы шолу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет