«назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша


  Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет9/32
Дата29.09.2022
өлшемі1.34 Mb.
#461619
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32
Нұсқаулық НИШ

4.1.1 
Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру 
Қалыптастырушы 
бағалау 
үдерісін 
білім 
алушылардың 
қажеттіліктеріне сәйкес және тиімді жоспарлау үшін мұғалімге оның 
формасын, мазмұнын, жиілігін, сондай-ақ құралдарын өз бетінше 
анықтау мүмкіндігі беріледі.
Мұғалім оқу үдерісіне және қалыптастырушы бағалауға оқу 
бағдарламасына сәйкес барлық оқу мақсаттарын енгізуі қажет. Сол үшін 
мұғалімге көмек ретінде оқу мақсаттары бойынша бағалау критерийлері, 
дескрипторлары бар тапсырмалар үлгілері берілген қалыптастырушы 
бағалауға 
арналған 
тапсырмалар 
жинағы 
дайындалды. 
Қалыптастырушы бағалаудың жинақтары сабақты жоспарлау кезінде 
тапсырмаларды іріктеу үшін дереккөздері ретінде қолданылады және 
басып шығару талап етілмейді. Қалыптастырушы бағалаудың 
тапсырмаларын өз бетінше құрастыру үшін мұғалімге: 
• 
оқу бағдарламасымен, оқу жоспарымен танысу, оқу мақсаттарына 
талдау жасау;
• 
оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары негізінде бағалау 
критерийлерін құрастыру; 
• 
тапсырма құрастыру кезінде саралау (дифференциялау) тәсілін 
қамтамасыз ету үшін бағалау критерийлерін (3-қосымша) ойлау 
дағдыларының деңгейлеріне бөлу; 
• 
бағалау критерийлері мен ойлау дағдылары деңгейлеріне сәйкес 
тапсырмалар құрастыру; 
13 


• 
әр тапсырмаға оның орындалу кезеңдерін сипаттайтын 
дескрипторлар құрастыру ұсынылады. 
Мұғалім оқу мәнмәтінін, өз білім алушыларының жеке 
ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырмаларды іріктеп алады немесе 
құрастырады (2-кесте).
2-
кесте. «Математика» пәні бойынша тапсырмалар үлгісі, 5-сынып 
5.1А Бөлім: «Натурал сандар және нөл саны» 
Оқу мақсаты 
5.1.2.2 амалдар саны төрттен артық болатын жақшамен 
және жақшасыз берілген санды өрнектердегі 
амалдардың орындалу ретін анықтау және мәндерін 
табу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет