«назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша


  КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ



Pdf көрінісі
бет7/32
Дата29.09.2022
өлшемі1.34 Mb.
#461619
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32
Нұсқаулық НИШ


КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ 
2-
сурет. Критериалды бағалаудың құрылымы 
Оқу жылы барысында оқудың ілгерілеуі, үлгерімі туралы мәліметті 
жинау үшін бағалаудың екі түрі жүзеге асырылады: қалыптастырушы 
және жиынтық бағалау (2-сурет). Жиынтық бағалау өз кезегінде 
бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық, орта 
білім беру деңгейі бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдерінен тұрады.
Бағалау тәсілдері критериалды бағалаудың түрлеріне, пән 
мазмұнына қарай ерекшеленуі мүмкін.
Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі 
болып табылады, тоқсан барысында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп 
отырады. Қалыптастырушы бағалауда баға, балл қойылмайды, мұғалім 
мен білім алушы арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі. 
Қалыптастырушы бағалау кезінде білім алушылардың қателесуіне, оны 
түзетуіне құқығы бар. Бұл білім алушылардың мүмкіндігін анықтауға, 
қиыншылығын табуға, оң нәтижеге қол жеткізуіне көмектесуге, дер 
кезінде оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалау мұғалімдерге, білім алушылар мен ата-
аналарға ұсыну үшін оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар 
бойынша балл, баға қою арқылы белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан, триместр, 
10 


оқу жылы, орта білім беру деңгейі) аяқталғанда өткізіледі.
Бұл белгілі бір кезеңде оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру 
деңгейін анықтауға, тіркеуге жағдай жасайды.
Тиімді қалыптастырушы және жиынтық бағалау білім алушы 
жетістігінің қойылған оқу мақсаттарына қаншалықты сәйкестігін көруге 
мүмкіндік береді. Қалыптастырушы және жиынтық бағалау нәтижелерін 
мұғалім оқу үдерісін жоспарлау, рефлексия (2-қосымша), оқытудың жеке 
тәжірибесін жетілдіру үшін қолданады.
Қалыптастырушы бағалау білім алушыға нақты тапсырманы 
немесе сабақтағы іс-әрекетті орындау кезінде берілетін кері байланысқа 
негізделген.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау үдерісі білім 
алушының белгілі бір бөлімді/ортақ тақырыпты аяқтауы бойынша 
жинақтаған білімі мен дағды деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. 
Аталған бағалау түрінің мақсаты бөлім тақырыбы/ортақ тақырыптар 
бойынша жіберілген кемшіліктердің дер кезінде алдын алу болып 
табылады.
Тоқсандық жиынтық бағалау мен білім берудің белгілі бір 
деңгейіндегі жиынтық бағалау оқу бағдарламасын меңгеру деңгейін 
анықтау үшін жүргізіледі. Мұндай жиынтық бағалаудың мазмұнына 
оқудағы күтілетін нәтижелердің ішіндегі репрезентативті таңдау жатады. 
Оқу мақсаттарына дифференциалдық қарым-қатынас жасау 
бақылауға және бағалау рәсімдерінде қолданылған нәтижелерге талдау 
жасауға мүмкіндік береді. Қажет емес салдарларға жол бермеген дұрыс, 
яғни баға оқудағы есте сақтау, материалды түсінбеу, қолданбай жаттап 
алу сияқты жат әдеттерге дағдыландырмауы қажет.
Жиынтық бағалауда жоғары нәтижелерге қол жеткізу білім 
алушылар үшін де, мұғалімдер үшін де өте маңызды. Бұдан басқа оқу 
үдерісін тек қана жиынтық бағалау талаптарына шоғырландыру және 
«атүсті дайындау» сияқты қатері де бар. Бұл оқу бағдарламасын 
толықтай меңгеруге кедергі жасауы мүмкін, себебі кез келген жиынтық 
бағалау оқу бағдарламасының тек белгілі бір бөлігін ғана қамтиды. 
Мұғалім 
мақсаттардағы 
айырмашылықтарды, 
оны 
бағалау 
нәтижелерінде қолдануды анық түсінуі қажет. Сыныпта өткізілген 
бағалау күнделікті тиімді оқуды қамтамасыз етуі керек. Егер мұндай 
бағалау тиімді болса, онда емтиханда да оң нәтижелерге оңай жетуге 
болады.
11 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет