«назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша



Pdf көрінісі
бет5/32
Дата29.09.2022
өлшемі1.34 Mb.
#461619
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Нұсқаулық НИШ

Балл қою кестесі – тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларына 
балл қою бойынша бірыңғай норманы белгілеу үшін мұғалімдер 
қолданатын кесте.
Ойлау дағдыларының деңгейлері – әрбір деңгейі ойлау 
дағдыларын анықтауды қалыптастыруға бағытталған оқу мақсаттарының 
иерархиялық өзара байланыстағы жүйесі. 



Білім алушының оқу жетістігі деңгейі – бағалау критерийлеріне 
сәйкес білім алушылардың оқу жетістігін дамыту деңгейі.
Қалыптастырушы бағалау – оқу үдерісін дер кезінде түзетуге 
мүмкіндік беретін, білім алушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты 
қамтамасыз етіп, үздіксіз жүргізілетін бағалаудың түрі. 
Оқу мақсаттары – оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқу 
курсы аралығында білу, түсіну және дағды жетістіктеріне қатысты 
күтілетін нәтижелерді қалыптастыратын тұжырым.
Бағалау нәтижелерін тіркейтін электрондық журнал – жиынтық 
бағалау (бөлім/ортақ тақырыптар, тоқсан) нәтижелерін тіркейтін және 
тоқсандық, жылдық, қорытынды бағаларды автоматты түрде есептеуді 
жүзеге асыратын электрондық құжат.




КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚАҒИДАТТАРЫ (ПРИНЦИПТЕРІ) 
Критериалды бағалау төмендегідей қағидаттарға (принциптерге)
негізделеді:
• 
Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқу 
бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей 
байланысты оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады. Демек, неге 
және қалай оқытады, білім алушының қажеттілігі қандай және бағалау 
тәжірибесінде жүзеге асыруға қажетті нәтижелерге жетуге қалай 
көмектесуге болады деген сұрақтарға жауап іздеу.
• 
Шынайылық, анықтық және валидтілік. Бағалау дәл және 
сенімді 
ақпаратты 
ұсынады. 
Қолданылатын 
критерийлердің, 
құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді 
бағалайтынына сенімділік бар.
Объективтілік, анықтық, валидтілік жиынтығы бағалаудың сапасын 
анықтайды. Барынша мазмұнды сипаттаманы бағалауды қаншалықты 
дұрыс өткізетінімізді және нақты нені өлшейтінімізді бағалаудың 
валидтілігі ұсынады. Аталған қағидатты жүзеге асыру: 

нені бағалау қажеттігін нақты түсіну және анықтауды; 

бағалау критерийлерін құрастыру және негіздеуді; 

тапсырмаларды құрастыру және рәсімдерді жоспарлауды 
көрсетеді. 
• 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет