«назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша


  1 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР



Pdf көрінісі
бет4/32
Дата29.09.2022
өлшемі1.34 Mb.
#461619
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Нұсқаулық НИШ

 



ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР 
Аталған құжатта төмендегідей терминдер қолданылады:
Дескриптор – тапсырмаларды орындау кезіндегі нақты 
қадамдарды көрсететін сипаттама.
Бағалау критерийі – білім алушының оқу жетістіктерін бағалауға 
негіз болатын белгі. 
Модерация – бағалаудың анықтығы мен дәлдігін қамтамасыз ету 
үшін қойылған балдарды стандарттау мақсатында тоқсандық жиынтық 
бағалау бойынша білім алушылардың жұмыстарын талқылап 
қарастыратын үдеріс.
Кері байланыс – белгілі бір оқиға немесе әрекетке жауап беру, үн 
қату, пікір білдіру.
Оқытудың күтілетін нәтижелері – білім алушының оқу үдерісі 
аяқталған кезде нені біліп, түсініп, нені көрсете алатынын айқындайтын 
құзыреттіліктер жиынтығы.  
Түрлі деңгейдегі тапсырмалар – білім алушының қабілетін есепке 
ала отырып, дифференциациялық оқытуды ұйымдастыру үшін 
қолданылатын күрделілігі түрлі деңгейдегі тапсырмалар.
Рефлексия – қайта ойлауға және өз әрекетінің нәтижелеріне 
талдау жасауға, өзін-өзі тануға бағытталған ойлау үдерісі. 
Рубрика – бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқу 
жетістіктері деңгейлерін сипаттау тәсілі.
Оқу бағдарламасы – әр оқу пәнінің мазмұнын және меңгеруге 
тиісті білім, білік, дағды, құзыреттілік көлемін анықтайтын бағдарлама.
Ортақ тақырып – нақты пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін 
түрлі пәндер аясында білімі мен білігін біріктіретін құрал ретінде 
пайдаланылатын мазмұны бірыңғай ортақ компонент. 
Тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы – тоқсандық 
жиынтық бағалаудың мазмұны мен құрылымын құрастыруға және оны 
өткізуге қойылатын талаптар.
Жиынтық бағалау – оқу бағдарламасындағы бөлімдер/ортақ 
тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы) 
аяқталғанда өткізілетін бағалаудың түрі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет