221
Оқу жылының ұзартылуына байланысты пайда болған қосымша сағаттарды
қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды зерттеу үшін
пайдалану ұсынылады.
3. Оқу пәнінің мазмұны бойынша Үлгілік оқу бағдарламаларына енгізілген
өзгерістер мен толықтырулар
2022/2023 оқу жылында «Құқық негіздері» оқу пәні бойынша оқу процесі
«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау
курстарының және факультативтердің үлгілік
оқу бағдарламаларын бекіту
туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға (негізгі және оқу
жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламалары) сәйкес жүзеге асырылады.
2022/2023 оқу жылында 9-сыныпта «Құқық негіздері» оқу пәні бойынша
оқу процесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы
3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (2017 жылғы «25» қазандағы № 545
бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) Негізгі орта білім беру
деңгейінің 9-сыныбына арналған «Құқық негіздері пәнінен үлгілік оқу
бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.
Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуының басты
алғышарттарының бірі – азаматтардың құқықтық білімін жетілдіріп, құқықтық
сауаттылық пен мәдениениетін қалыптастыру. Сондықтан жалпы білім беретін
мектептерде «Құқық негіздері» пәнін оқыту оқушылардың қоғамда әлеуметтік
бейімделуі үшін қажетті негізгі құқықтық білімдері мен дағдыларын меңгеруді
қамтамасыз етуге бағытталған.
Негізгі орта білім беру деңгейінде «Құқық негіздері» оқу пәнінің мақсаты
- құқық жөнінде негізгі білімдерді игеру арқылы
құқықтық тұрғыдан сауатты
азаматты тәрбиелеу және олардың бойында заңды құрметтеу дәстүрі мен
құқықтық мәдениетті қалыптастыру, өз азаматтық құқықтары мен міндеттерін
жүзеге асыруға қажетті білім мен дағдыларды қалыптастырып дамыту.
Пәнді оқыту оқушыларда азаматтық құқықтарын жүзеге асыруға,
мiндеттемелерiн орындауға қажетті білім мен дағдыларды, саяси-құқықтық
сананы қалыптастырады.
9-сыныпта «Құқық негіздері» оқу пәнінің базалық білім мазмұны: Құқық
және мемлекет, Конституциялық құқық, Азаматтық құқық, Еңбек құқығы,
Отбасы құқығы, Әкімшілік құқық, Қылмыстық құқық бөлімдерін қамтиды.
Ұзақ мерзімді жоспардағы тақырыптар проблемалық сұрақтар түрінде
құрастырылған. Оның басты себебі – кез келген
тақырып оқушыларды бірден
ойландырады және оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, проблемалық сұрақ
қоюға, өздігінен талдау жасау дағдыларын дамытуға жәрдемдеседі.
Достарыңызбен бөлісу: