214
Фихтенiң ойынша, тарих алға қарай жылжыған сайын,
адамның
ерiктiгiнiң де өрiсi кеңейе бередi. Адамдар өзiнiң алдына қойған мақсат-
мұраттарын iске асыру жолында табиғатпен (Мен емес) күрделi қарым-
қатынасқа түсiп, оның қойған қиын кедергiлерiн жеңiп, белестерiнен
өтедi.
Олай болса, ерiктiк өрiсiнiң кеңеюi бiлiмнiң өсуiмен тығыз бай-
ланысты. «Ерiктiктiң болмысы өзiнiң iшкi бiтiмi мен мәнi тұрғысынан
алып қарағанда бiлiмге тең», – деген пiкiрдi Фихте басым айтады.
Қоғам өмiрiндегi адамның өз дарындарын шексiз жетiлдiруге қарай
ұмтылысы – тарихтың өзегiн құрайды. Ал
осы ұмтылысқа жасалатын
сыртқы құрал – ол мемлекет пен құқық.
Достарыңызбен бөлісу: