217
адамның iшкi өмiрiнде бiрте-бiрте өзiндiк сана-сезiм пайда бола
бастайды.
Өзiндiк сананың тарихын Шеллинг үш сатыдан көредi.
Бiрiншi сатыда ол көмескi түйсiктен шығармашылық аңдауға шейiн
көтерiледi. Бұл сатыда iшкi сезiм мен сезiлетiн
нысан әлi бiр-бiрiмен
тең.
Екiншi сатыда шығармашылық аңдаудан ұғымдарды туғызуға дейiн
көтерiледi (кеңiстiк, уақыт, себептiлiк, қажеттiк т.с.с. санаттар пайда
болады).
Үшiншi сатыда ұғымдардан өзiндiк
санаға дейiн көтерiледi, яғни
субъект өзiн сыртқы дүниеге қарсы қойып, сонымен қатар өз-өзiн
нысан ретiнде тани алатын дәрежеге көтерiледi. Демек,
бейсаналық
тарихтан өтiп, белсендi, ерiктi және саналы,
табиғаттың құрсауын
бұзып шығатын күшке айналады. Яғни табиғат қоғамға ауысады. Бұл
арада бiз Шеллингтiң тарих философиясына келiп тiрелдiк.
Достарыңызбен бөлісу: