Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет150/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   422
Дiнге қарай бетбұрыс
Фихтенiң субъективтiк-идеалистiк философиясы соңында бiрте-
бiрте дiни философияға қарай жылжи бастайды. Егер алғашқы 
шығармашылық сатысында онтологиялық (болмыстық) маңызы бар 
«Үлкен Мен» мәңгiлiк «Ерiк», шығармашылық «өмiр» ретiнде түсiн-
дiрiлген болса, келесi сатыда ол болмыстың адам арқылы өз-өзiн тани-
тыны жөнiндегi ойларды қозғайды. Гегельдiң философиялық жүйесi 
осы соңғы ойдың негiзiнде пайда болды деп те айтуға, болжауға бола-
тын сияқты.
Ақырында, «Үлкен Мен» абсолюттiк «Болмысқа», өмiрдегi «Бiрге», 
«Құдiреттi Сәулеге», ең соңында «Құдайға» келiп тiреледi. Бiрақ кенет-
тен сүзек ауруына шалдығып дүниеден ерте кеткеннен кейiн, Фихтенің 
философиясы толығынан дiни көзқарасқа айнала алған жоқ.
Қорыта келе, Фихтенiң немiс классикалық философиясының 
шеңберiндегi өз орны бар ұлы ойшыл екенiн тағы да атап өткеніміз 
артық болмайды. Фихтенiң: «Iс-әрекет жаса, тағы да iс-әрекет ет!» – 
деген ұраны бiздiң халыққа бүгiнгi таңда ауадай қажет. Адамның ора-
сан зор шығармашылық белсендiлiгiн көрсете бiлген, адамзаттың 
жарқын болашағына сенiмдiлiк көрсеткен ұлы ойшыл философия тари-
хында мәңгiлiк қалады.
§ 3. Шеллинг және оның философиясы
Фридрих Вильгельм Иосиф Шеллинг (1775-1854 жж.) – немiс клас-
сикалық философиясының көрнектi өкiлi. Дарынды тұлға 15 жасында 
Тюбинген университетiнiң теология факультетiне оқуға түсiп, екi жыл-
дан кейiн философия магистрі атағын алған. 1798 ж. 23 жасында про-
фессор атағын алып, ол Иена университетiнде лекциялар оқи бастайды. 


216
Оның педагогикалық жұмысы осы кезден басталып, 1846 ж. дейiн 
созылды. Шеллинг 1854 ж. дүние салды.
Негiзгi еңбектерi: «Трансцендентальдық идеализм жүйесi», 
«Дүниежүзiлiк жан жөнiнде», «Өнер философиясы», «Философия 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет