215
жатыр. Бiз қоғамды жаңарту жолында бүкiладамзаттық қауымның бiр
бөлiгi ретiнде «ашық қоғам» болуымыз керек деген тұжырымға жарма-
сып, елдегi көп өндiрiстер шетелдерден келген тауарлардың қысымына
шыдай алмай, тоқтап қалды. Екiншi жағынан алғанда, бүкiл
сыртқы
экономикалық байланыстарды өз құзырына алған бұрынғы Кеңес
мемлекетiнiң өндiрiстi қандай тұйыққа әкеліп тірегенін жақын тарих-
тан жақсы бiлемiз.
Сонымен қатар «ашық қоғамға»
деген ұмтылыс бiздi тағы да
бодандықтың астыртын түрiне, трансұлттық корпорациялардың
билеп-төстеуiне әкелiп соқпас па екен? – деген күдiк тағы да бар.
Бұл мәселелер оқырманның өз ойын тудырып,
қазiргi тұйықтықтан
шығатын жолды табуға өз үлесiн қосар ма екен деген үмiттемiз.
Достарыңызбен бөлісу: