221
Екiншiден, Гегель Абсолюттi дамып жатқан субстанция ретiнде
қарап, философияға тарихи көзқарасты енгiзедi.
Сонымен қатар
дамудың өзi қайшылықтың негiзiнде, заттың бүгiнгi жағдайының
терiске шығарылып, оның қарама-қарсыға өтуi, соңғының өзi жүре келе
терiске шығарылатыны т.с.с. ретiнде қаралады.
Көркем сөзбен пайымдай келе, Гегель «ақиқат – алдын ала құйылып,
қалтаға салуға дайын тұрған күмiс ақша емес», оған жету үшiн жеке
адам жалпы рухтың өткен тарихи жолымен танысып, оны егжей-тегжей
бiлiп, игеру керек екенiн айтты.
Осындай диалектикалық көзқарастың негiзiнде Гегель өзiнiң ора-
сан зор философиялық жүйесiн тудырды. Ол Абсолюттiк идеядан
басталады. Басқаша сөзбен айтқанда, ол –
абсолюттiк бiлiм, таза
ұғым – шынайы болмыстың өзi. Оның өз-өзiне келiп тануын, өз-өзiн
анықтауын ол «Логика ғылымы» арқылы бередi.
Сонымен қатар абсолюттiк идея өз-өзiне тең ойлау сатысынан
өтiп, iс-әрекет арқылы өзiнiң өзге болмысына – табиғатқа айналады.
Ал табиғат дегенiмiз, Гегельдiң ойынша,
немқұрайды сыртқы затқа
айналған идея. Табиғаттың мақсаты – өзiнiң тiкелей сезiмдiк сатысынан
өтiп, Феникс құсы сияқты өзiн қайта жаңару үшiн жағып, жасарып, осы
сыртқы болмыстан рух ретiнде қайта дүниеге келу болып табылады.
Рух дегенiмiз – шектелген сана, ойлай алатын қабiлетi бар пенде,
яғни – адам. Бiрақ ол табиғаттан шықса да, Гегельдiң ойынша,
оның туындысы емес – ол өзiнiң өзiндiк нәтижесi. Рух өзiнiң алғы-
шарттарынан – логикалық идея мен сыртқы табиғаттан –
өзiн туды-
рады. Демек, абсолюттiк идея ең алдымен таза логикалық дәрежеде
болады, соңынан табиғатқа айналып, соның iшiнен адамзат осы
тұрғыдан қарағанда, Гегельдiң ойынша, философия ғылымын үшке
бөлуге болады.
Бiрiншi, ол – Логика. Ол – өзiнде және
өзiне бағытталған идеяны
зерттейтiн ғылым.
Екiншi – табиғат философиясы. Ол – өзiнiң өзгеше болмысындағы
идеяны зерттейтiн ғылым.
Үшiншi – рух философиясы. Ол – өзгеше болмысынан қайта өзiне
оралып жатқан идея жөнiндегi ғылым.
Сонымен, Гегельдiң абсолюттiк идеализм жүйесiнiң қабырғалары
осылай қалыптасты. Жоғарыдан байқағанымыздай, Гегельдiң фило-
софиялық жүйесiн объективтi
идеализм бағытына толығынан
жатқызуымызға болады.
Осы арада оқырманның шыдамы бiтiп, мынандай сұрақ қоюы
мүмкiн: Табиғатқа дейiн таза ақиқат ретiнде өмiр сүрген «абсолюттiк
идея» – ол не? Бұл сауалды уақытында Гегельдiң лекцияларын
тыңдаған оқушылары да қойғаны туралы аңыз бар. Әрине, ол – басқаша
222
сөздермен айтылған Құдай идеясы. Тек христиан дiнiндегi Құдайға
қарағанда, оның денелiк адамдық қасиеттерi жоқ, ол – таза логикалық
идея ғана. Сөйтіп, бiз Гегельдiң жасаған философиялық жүйесiн неше
түрлi философиялық санаттармен (ұғымдармен) әсемделген нәзiк дiни
көзқарас десек те болғаны. Егер бiз
Гегельдiң философиясындағы
алғашқы абсолюттiк идеяны сызып тастап, өзiмiздiң дүние жөнiндегi
ой-өрiсiмiздi мәңгi өмiр сүрiп жатқан «ұлы мәртебелi Табиғаттың»
өзiнен бастап, тiршiлiк әлемiн, тiптi сана-сезiмi бар адамның өзiн соның
туындысы ретiнде қарасақ, онда бiз таза материалистiк көзқараста
болар едiк.
Алайда Гегельдiң философиялық жүйесiндегi ең құндысы – оның
рух жөнiндегi ойлары. Ол адамзат рухын тарихи көзқарас тұрғысынан
талдап, оның даму сатылары жөнiнде тамаша ойлар мен пiкiрлер
айтады.
Гегельдiң ойынша, рух даму барысында өзiнiң үш сатысынан өтедi:
1.
Субъективтi рух, яғни жеке адамның санасы.
2. Объективтi рух, оған ол құқық, мораль, адамгершiлiк, отбасы,
азаматтық, мемлекеттiктi жатқызады.
3. Абсолюттiк рух – ол өнер, дiн және философия.
Достарыңызбен бөлісу: