Серік Мырзалы философия оқу құралы


Тарих философиясы. Ерiктiк мәселесi



Pdf көрінісі
бет152/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   422
Тарих философиясы. Ерiктiк мәселесi
Қоғам дамуының ерекшелiгiн Шеллинг «екiншi табиғатты» жасау-
дан көредi: өз-өзiн анықтаған субъект ендi айнала қоршаған заттарды 
игерiп, оларды қайта жарастырып, құрып, өз еркiне көндiредi, яғни 
адамның шығармашылық iс-әрекетiнiң негiзiнде объективтiк пен 
субъективтiк бiр-бiрiне өтiп, қайта қосылады. Бұл кiсi Қайта өрлеу 
заманынан берi келе жатқан «iс-әрекет арқылы тану», «жасадың – 
таныдың» деген нақыл сөздердi қолдайды.
Бiрақ, Шеллингтiң ойынша, дүниенi ең терең түрде тану басқаша 
жолмен берiледi. Ол – эзотерикалық (esoterikos – грек сөзi, iшкi, құпия 
деген мағына бередi) жол, ол тек қана интеллектуалдық интуиция 
арқылы ғана болуы мүмкiн. Ал оның өзi барлық адамдардың қолынан 
келе бермейдi. Оған тек таңдаулы, аса дарынды адамдар ғана жетпек.
Шеллингтiң ойынша, адамзат тарихы – мақсатқа лайықты дамып 
жатқан Абсолюттiң дамуының ең құнды сатысы. Ол өзi тудырған 
адамзаттың шығармашылық iс-әрекетi арқылы iске асып жатады. Бiрақ 
осы жолда адамдар қаншалықты талпынғанымен, Абсолютке жете 
алмайды. Ол мақсат тек қана адамзаттың шексiз идеалдық қоғам орнату 
жолымен жылжуында ғана iске асады. Сондықтан тарихта адамдар өз 
заманының мұқтаждықтарынан шығатын, шешуге келетiн, шынайы 
мақсаттарды ғана қойып, соларға жетуге тырысуы қажет. Бұл идеяны
қазiргi замандағы мәселелермен ұштастырсақ, онда «коммунизм 
қоғамы» сияқты идеалды, барлық қайшылықтар жойылған қоғамға 
ешқашанда жетуге болмайды, оған тек шексiз жақындай беруге бола-
тын сияқты.


218
Шеллингтiң ойынша, адамзат тарихы үш сатыдан өтуi қажет. Бiрiн-
шi – трагикалық саты, мұнда тағдырдың ессiз күштерi көне замандағы 
ұлы мемлекеттердi келмеске жiбередi. Екiншi сатыда халықтар мен 
әртүрлi мемлекеттер табиғи заңдылықтарға сай бiрiге бастайды, 
үшiншi – әлi тарихқа келмеген болашақта – тағдыр мен табиғаттың 
күштерi бiр-бiрiмен ұласып, дүниеге Мессия (Құтқарушы) келедi. 
Әрине, мұндай көзқарастан бiз Шеллингтiң бiрте-бiрте теософиялық 
ағымға өтiп бара жатқанын байқаймыз.
Шеллинг ерiктiк мәселесiне, Фихте сияқты, көп көңiл бөледi. Бiрақ 
ол бұл санатты қажеттiкпен тығыз ұштастырады.
Ерiктiк дегенiмiз – ол тарихи қажеттiктi танып-бiлу, ал оның кiлтi – 
жеке адамдарда емес, тек қана адамзаттың қолында, өйткенi әр адам 
өз өмiрiнiң шеңберiнде өзiнiң жеке мақсаттарын қойып, соған жетуге 
тырысады. Бiрақ барлық адамдардың қосыла жеткен тарихтағы 
нәтижелерi басқаша болып шығады.
Осы тұрғыдан өз заманының тудырған талаптарын талдай келе, 
Шеллинг алдағы тұрған негiзгi мақсат – құқықтық мемлекеттi орнату 
деген ойға келедi, өйткенi абсолюттiк ерiктiк мүмкiн емес, толығынан 
ерiктiкке ұмтылған адамдарды шектеу қажет, ал оның өзi құқықтық 
мемлекеттiң шеңберiнде заңдық жолмен жасалуы мүмкiн. Сонда ғана 
нақтылы тарихи негiзделген ерiктiк мөлшерiне жетуге болады.
Шеллингтiң бұл ғажап идеясы бүгiнгi Қазақстан қоғамындағы 
болып жатқан үдерістердi сараптауға жол ашады, өйткенi тоталитарлық 
теңдiктен либерализм (ерiктiк) жолына өту бүгiнгi таңда өте үлкен 
қиындықтарды туғызып отыр. Егер бiреулер осы уақытқа шейiн өзiнiң 
ерiктi тұлға екенiн жете түсiне алмай отырса, екiншiлер ерiктiктi 
«ойыма не келсе, соны iстеймiн» дегенге теңеп, моральдық және 
құқықтық нормалардың шеңберiнен шығып, асқан арсыздықтың 
жолында басқалардың несiбесiн тартып жеуде. Осы аталған және 
де басқа кемшiлiктердi жоюдың негiзгi жолдары – ол саясаттың 
адамгершiлiк жолдан таймауында, сонымен қатар қоғамның заңдық 
негiздерiн жетiлдiруде болса керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет