Серік Мырзалы философия оқу құралы


түсiрiп, болашақ ұрпақтарға қалдыру болды. Солардың iшiнде «Қозы



Pdf көрінісі
бет208/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   422
түсiрiп, болашақ ұрпақтарға қалдыру болды. Солардың iшiнде «Қозы 
Көрпеш – Баян Сұлу», «Едiге», «Ер Қосай», «Ер Көкше» сияқты жыр-
лар бар. Туысқан қырғыз халқының аса көрнектi туындысы – «Манас-
ты» алғаш рет қағазға түсiрiп, оны орыс мәдениет зерттеушiлерiне 
көрсеткен де Ш.Уәлиханов болды. Егер бiз орыс ұлы ойшылы 
А.Ф.Лосевтің: «Қайсыбiр халықтың мәдениетiнiң биiктiгi мен шоқтығы 
оның тарих тудырған аңыздары мен жыр-дастандарының байлығына 
байланысты», – деген пiкiрiне құлақ түрсек, Шоқанның бұл еңбегiн 
асыра бағалау өте қиын жұмыс болар. Осы ойларға сәйкес, бiз қазақ 
халқының мәдениетiнiң әлi талай-талай шыңдарға жететiнiне күмәнiмiз 
жоқ, өйткенi оның iргетасы мықты, ол ғажап iнжу-маржандармен 
безенген, мыңдаған жылдарды артына тастап, бiздiң өмiрiмiзге дейiн 
жеткен – халық мифологиясы. Ол – қазiргi қазақ тiлi мен мәдениетiне 
ерекше өзiндiк сипат беретiн сарқылмайтын бұлақ, рухани тiрек.
Ш.Уәлиханов халықтың дiни өмiрiн де терең зерттеп, оны 
ағарту жолында көп еңбек етедi. Ол шамандықты (бақсылықты) 
көшпендiлердiң табиғатқа табыну жолында тудырған дүниетанымы 
ретiнде қарайды. Бұл iзденiс жолында халық осы дүниенi жаратқан 
«Тәңiрдi», адамдарды әрқашанда қолдап отыратын бабалардың рухы – 
«аруақты» табады. Ислам дiнiнiң Орта Азия мен Қазақстанға тарауы 


301
көшпендiлердiң рухани өмiрiнiң өзгеруiне әкелгенiн айтады. «Дегенмен 
де қазақ дүниесезiмiнде ислам қағидалары шамандықпен араласып, бiр 
жағынан, Аллаға тағзым етумен қатар, екiншi жағынан, отқа табыну-
мен жалғасып жатты», – деп қорытады ойшыл. 
Жалпы алғанда, ойшыл ислам дiнiне терiс көзбен қарайды, молдалар 
халықты қараңғылық пен надандықтың шырмауынан шығармайды, сол 
кездегi қазақ жерiндегi мешiттердiң көп салынуына алаңдаушылықпен 
қарап, оларды халықты бодандаудың бiр құралы санайды.
Мүмкiн, бұл – жаңа бодандық жағдайдағы халықтың өзiн-өзi сақтап 
қалу шараларының бiрi болуы да ғажап емес, бiрақ Шоқан ондай ойға 
келген жоқ-ты. Дегенмен оның кейбiр терең ойлары бүгiнгi таңдағы 
дiни салада болып жатқан күрделi өзгерiстердi, соның iшiнде мисти-
цизм, дiни фанатизм және экстремизм сияқты келеңсiз құбылыстарды 
сараптауға көмектеседi. 
Ағартушылық ағымның көрнектi өкiлi Ыбырай Алтынсарин (1841-
1889 жж.): «Халықты аман сақтап қалудың, жаңа қалыптасып жатқан 
ахуалға сай келуiнiң бiрден-бiр жолы – оның сауаттылығын арттыру, 
бiлiмiн жетiлдiру, орыс мәдениетi мен тiлiн меңгеру», – деп есептедi. 
Сондықтан ол өзiнiң барлық күш-жiгерiн жаңа мектептер ашуға, 
балаларға арналған қызықты оқулықтар жазуға жұмсады.
Өзiнiң дүниеге деген көзқарастарында ол дiни бағытта болып, 
Құдайды мойындағанымен, дiни фанатизмге қарсы шығып, шала 
сауатты қазақ мен Бұхарадан келген молдалардың халыққа тигiзетiн 
терiс әсерлерiн әшкерелейдi. Оның «Кел, балалар, оқылық!», «Жаз», 
«Өзен» т.с.с. өлеңдерi осы күнге дейiн өзiнiң эстетикалық әсемдiгi, 
гуманистiк идеялары, тәрбиелiк мүмкiндiктерiмен бiлiм беру 
саласындағы жас ұрпаққа оң әсерiн тигiзуде.
Ағартушылық философияның аса алып тұлғасы Абай Құнанбайұлы 
(1845-1904 жж.) – тек қазақ халқы емес, сонымен қатар бүкiл дүние-
жүзiлiк руханиятта өзiнiң өшпес iзiн қалдырған ұлы ғұлама. 1995 ж. 
ЮНЕСКО тарапынан ұлы ойшылдың 150 жылдығы бүкiл Адамзат 
көлемiнде атап өтiлiп, қазақ халқының мерейiн биiк шыңға көтердi. 
Абайтану бүгiнгi таңда тек қана қазақ зиялыларының үлесiнде ғана 
емес, сонымен қатар бүкiл дүние-жүзiлiк құбылысқа айналды. Соңғы 
кезде бiрталай мәндi де терең зерттеулер жарық көрiп, қазақ халқының 
руханиятының дамуына өз үлесiн қосты. Бiздiң ойымызша, «Абайтану» 
саласының мерзiмдi түрде шығып тұратын өз журналының да шығуына 
көп уақыт қалмаған сияқты. Өйткенi бiз ары қарай дербес мемлекет 
ретiнде дамыған сайын, Абайдың айтқан терең ойларымен сусындап, өз 
өмiрiмiзде дұрыс бағыт ұстауға мүмкiндiк аламыз.
Әрине, шағын оқулықта Абайдан қалған мұраны жан-жақты сарап-
тау мүмкiн емес. Сондықтан бiз Абайдың бүгiнгi күндегi көкейкестi 


302
мәселелерге байланысты ойларына көбiрек көңiл бөлсек деймiз. 
Қосымша әдебиеттi талантты оқырман қиындық көрмей-ақ, бүгiнгi 
кiтапханалардан табады. Осы орайда бiз белгiлi абайтанушы проф. 
Ғ.Есiмнiң еңбектерiн ерекше ұсынар едiк.
Абай еуропалық мағынада айтылатын классикалық бiлiм алған 
жоқ (университеттерде оқымаған). Бiрақ өзiнiң iшкi жалыны, дүниенi, 
өмiрдi тануға деген зор құштарлығы мен шабытының арқасында
ол араб, парсы, орыс тiлдерi мен мәдениетiн терең игерiп, өзiнiң 
дүниеге деген көзқарасында олардың негiзгi нәтижелерiн қазақ руха-
ниятымен бiрiктiре бiлдi. Абайдың шығармашылық еңбегi жан-жақты 
универсализмдiгiмен таңғалдырады: ол – ақын, сазгер, философ, аудар-
машы, құқықтанушы, саясаткер. Уақытында М.Дулатов айтқандай, 
«Зәредей шүбә етпеймiз, Абайдың өлген күнiнен қанша алыстасақ
рухына сонша жақындармыз. Үнемi бұл күйде тұрмас, халық ағарар, 
өнер-бiлiмге қанар, сол күндерде Абай құрметi күннен-күнге артар». 
Мiне, бүгiн сол күндер келдi, ал жастарға қойылатын талап – ұлы 
Абайды мұқият зерттеп, өз жан-дүниесiне сiңiру болмақ. Ол – бiздiң 
хакiм-ата алдындағы парызымыз.
Абайдың онтологиялық көзқарастарына келер болсақ, оны ғажап 
та терең, өзiнiң ерекшелiгi мен маңыздылығын ешқашанда жоймай-
тын дiннiң шеңберiндегi философиялық антропология деп бағалауға 
болатын сияқты. Жаратқан, Дүние, Адам – мiне, осы үш санат Абай 
философиясының iргетасын құрайды. Абай өз философиясының 
осы негiздерiн өзiнiң 38-шi қара сөзiнде егжей-тегжейлі талдайды. 
Дүние Жаратқанның құдiреттi күшi арқылы пайда болып, өмiр сүрiп 
жатыр және онда белгiлi бiр заңдылықтар, мақсатқа лайықтылық 
бар, соңғылардың негiзi Ғылымда. Жаратқанның үшiншi сипаты – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет