Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет211/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   422
ғылым табу керектігін айтады. Өзiңе табылмаса, балаң тапсын деген 
талап қояды. «Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз 
оқыған намаз, тұтқан руза, қылған қажылық ешбiр ғибадат орнына бар-
майды. Ешбiр қазақ көрмедiм, малды иттiкпен тапса да, адамшылықпен 
жұмсаған» (атал. шығ, 28 б.), – деп өкінеді ұлы ойшыл. 
Қорыта келе, Абайдың нарықтық қатынастардың жетiк бiлгiрi 
болғанын айта келiп, оның көтерген мәселелерi осы күнi де өзiнiң 
өзектiлiгiмен байқалады деуге болады.
Абайдың саяси-құқықтық көзқарастарына келер болсақ, онда да 
өнегелi көп терең ойларды табамыз. Әрине, Абайдың еңбектерiнен 
«құқықтық мемлекет» деген ұғымды iздеу бекер болар, адам қандай ұлы 
болса да, өз заманының перзентi ғой. Бiрақ Абайдың саяси-құқықтық 
көзқарастары осы ұғыммен байланысты екенiн байқауға болады. Абай 
отарлық саясатты әшкерелей келе, «бөлiп ал да, билей бер» деген 
саясаттың негiзiнде халықтың iшiнде iрiткi пайда болып, жеке адамның 


306
құқықтарының өрескел бұзылғанын әңгiме қылады. «Болыс болдым 
мiнеки» деген өлеңiнде Абай:
«Бұрынғыдай дәурен жоқ,
Ұлық жолы тарайды.
Өтiрiк берген қағаздың
Алды-артына қарайды.
Тауып алып жалғанын,
Қылмысыңды санайды.
Өзi залым зәкүншiк
Тонап алды талайды.
Көрмей тұрып құсамын
Темiр көздi сарайды», – деп, патшалық саяси тәртiптi әшкерелейдi.
Абайдың сот тәуелсiздiгi жөнiндегi ойларына келсек, ол да бүгiнгi 
күнгi талаптармен үндесiп жатыр. Бұл қағиданы iс жүзiнде өмiрге 
енгiзу үшiн сот қызметкерi сол жұмысқа өмiрлiк сайлануы қажет. 
«Әрбiр елден толымды-бiлiмдi кiсi билiкке жыл кесiлмей сайланса, олар 
түссе – жаманшылығы әшкере бiлiнгендiктен түссе, әйтпесе түспесе», – 
дейдi ұлы ойшыл. Егемен мемлекетiмiзде Абайдың айтқан бұл ойын 
iске асырдық, бiрақ етек жайып кеткен пара алатын «зәкүншiктер» осы 
уақытқа шейiн таусылар емес.
Абай бүкiл болмысымен, жан-тәнiмен өз халқын сүйген, сол 
себептi оның тарихи қалыптасқан кемшiлiктерiн әшкерелей бiлген. 
Өз кемшiлiгiн сезiну – одан жартылай құтылумен тең емес пе, қалған 
жартысын бiлiм алу, қажырлы еңбек ету жолында жоюға болады. Абай 
«Жарлы болсаң, арлы болма» деген мақалды талдай келе, «Ардан кет-
кен соң, тiрi болып жүргенiң құрысын», – деп қынжылады (29-сөз, 
аталған шығарма, 63-б.). «Қалауын тапса қар жанады», «Атың шықпаса, 
жер өрте», «Алтын көрсе, перiште жолдан таяды», «Ата-анадан мал 
тәттi, алтын үйден жан тәттi» деген мақал-мәтелдерге сын көзбен 
қарап, қазақ дүниесезiмiнде қалыптасқан терiс кертартпа қылықтарды 
қатты сынға алып, оларды түзеуге шақырады.
Бiздің бұл мәселеге тоқталған себебiмiз – дербес мемлекет болып 
қалыптасып, жаңа өмiрге ұмтылып жатқан жағдайда, ұлттың өзiндiк 
сыны 100 жылдан аса уақыт өтсе де, Абайдың деңгейiнен төмен 
болып тұрғандығы. Керiсiнше, қоғамдық санада «Жаманымызды 
жасырып, жақсымызды асырайық» деген сорақы пiкiр кең тараған. 
Сонда бiз халықтың терiс қылықтарынан қалай арыламыз?! Я болмаса 
бүгiнгi таңдағы қазақ халқының кемшiлiктерi жоқ па? Олай болса, бiз 
неге басқа алға кеткен халықтардан озып кетпеймiз? Бұл қойылған 
сұрақтарға қарсы «қазақ елi көпұлтты мемлекетке айналғаннан кейiн, 
басқалардың алдында өз кемшiлiктерiмiздi әшкерелегеннiң жөнi бол-


307
мас» деген пiкiрдi де естiп жүрмiз. Ал басқалар сынаса, жатып алып 
долданамыз.
Әрине, көпұлтты елде бiрiн-бiрi сынау үлкен саяси қателік болар 
едi. Сонымен қатар «Ауруын жасырған – өледi» дегендi еске алсақ
ұлттық сын керек сияқты, ал оны жасайтын өз ұлтыңның зиялы-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет