328
дерексіз алғашқы негiздердi iздеу басталады (материя, идея форма,
рух т.с.с.) Үшiншi – позитивтiк сатыда – өндiрiске негiзделген қоғам
пайда болып, альтруизм (өзiнен гөрi басқаның қамын ойлау) эгоизмдi
(өзiмшiлдiк) жеңген уақытта нағыз ғылыми сатыға өрлеу мүмкiндiгi
пайда болды», – деп қорытады О.Конт.
Жоғарыдағы көрсетiлген ойларға сәйкес, Конт ғылымды сала-
салаларға
бөлу мәселелерiмен айналысып, бiршама жетiстiктерге
жетедi. Оның ойынша, ғылым – тарихи ғасырдан-ғасырға дамып,
тұрпайылықтан өтiп, күрделенiп жатқан құбылыс. Әрбiр жаңа пайда
болған ғылым саласы өзiнiң қажеттi алғышарты ретiнде өткен сатыға
негiзделедi. Бiрақ өткен сатының негiзiнде жаңа пайда болған ғылымды
толығынан түсiнуге
болмайды, оның өзiндiк заңдылықтары пайда
болады. Конт «тарихи күрделену» анықтамасына негiздей отырып,
ғылым салаларын былайша орналастырады:
математика – астрономия –
физика – химия – биология – социология. Осы тәртiпке сәйкес соци-
ология биология ғылымына негiзделгенмен, бiрақ адамдардың өзара
iс-әрекет етуiмен байланысты жаңа заңдылықтарға ие болады. Социо-
логия
ғылымының негiзгi мақсатын ол тәртiп пен
өрлеудi бiр-бiрiмен
ұштастыру қажеттiктерiнен шығарады. Ал ол үшiн бүкiл адамзатты
бiрiктiретiн жаңа дiн қажет. Ескi әлемдік дiндер бiр-бiрiмен күресiп,
адамзатты қайшылықтарға әкелдi және олардың қағидаларының көбi –
жалған. Олай болса, жаңа ағарған дiн қажет – ол қазiргi өмiр сүрiп
жатқан, бұрынғы тарихта болған және болашақта дүниеге келетiн
адамдардан тұратын
Адамзаттың өзi. Сондықтан ол
адамзатқа Құдай
ретiнде қарап табынуға шақырды.
Конттың бұл соңғы ойын өз уақытындағы замандастары терiс
қабылдағанмен, бүгiнгi таңдағы адамзатқа өте өзектi мәселеге айна-
луда. Өйткенi бүгiнгi таңдағы адамзат «адамның мән-мағыналық
дағдарысына» келiп тiрелуде. Бүкiл адамзаттың басын бiрiктiретiн
терең рухани-адамгершiлiк мағынасы бар жаңа дiн – аса қажеттi де
тағдырлы нәрсе. Бiрақ ол, бiздiң ойымызша, Конттың айтқан адам-
заты емес, өйткенi дүниеде сол адамның өзiн тудырған бiздiң арғы
анамыз – «Ұлы мәртебелi Табиғат» бар. Оған табыну – алғашқы
қауымдық қоғамда пайда болған-ды. Шамасы, алғашқы адамдар
ақиқаттан онша алшақ болмаса керек. Көшпендi
өмiр салтын ұстаған
бiздiң ата-бабаларымыз да Табиғатқа, Тәңiрге сенгенiн бiз жақсы
бiлемiз. Мыңдаған жылдардағы өткен цивилизацияның жетiстiктерiне,
өмiрден алған тәжiрибеге сүйене отырып, жаңа дәрежеде табиғатты
аялауға, оған табынуға, оны пір тұтуға қайта оралып қана, адам-
зат өзiнiң өмiрiн сақтап қалуға мүмкiншiлiк
алар ма екен деген сұрақ
оқтын-оқтын ойымызға келедi.
329
ХХ ғ. басындағы жаратылыстанудағы ашылған жаңалықтар
(радиоактивтi сәулелер, электрон т.с.с.) осы уақытқа дейiнгi беделдi
механистiк классикалық физиканың негiзгi қағидаларына үлкен
соққы жасады. Электрон бөлшегiнiң тұрақты салмағының жоқтығы
ғалымдарды таңғалдырды. Франция елiнiң сол кездегi iрi математик-
ғалымы А.Пуанкаре: «Олай болса, материя жойылды», –
деген пiкiрге
келдi. А.Эйнштейннiң салыстырмалы теориясындағы кеңiстiк пен
уақыттың бiр-бiрiне өтiп, бiртұтастық дәрежеге келуiн қалай түсiнуге
болады? Мұндай сұрақтарды жалғастыруға болар едi. Бұл сұрақтарға
жауап беру жолында позитивизмнiң екiншi сатысы дүниеге келедi.
Оның аты
«эмпириокритицизм», яғни тәжiрибенi сынға алу деген
мағына бередi. Негiзгi өкiлдерi –
Эрнст Мах (1838-1916 жж.),
Рихард
Достарыңызбен бөлісу: