Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет232/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   422
Авенариус (1843-1896 жж.) т.с.с.
Жоғарыда көрсетiлген жаратылыстанудағы қиындықтар бұл ағымда 
«тәжiрибе» деген ұғымды қайта қарауға әкеледi. Олардың ойынша
бұл ұғым материя мен сананың, физикалық пен психикалықтың 
қарама-қарсылығын жояды. Тәжiрибенiң құрамдас бөлiктерiн алып 
қарасақ, оның физикалық және психикалық элементтерден тұратынын 
байқаймыз. Егер бiрiншiсi – сыртқы тәжiрибенiң мазмұнын көрсететiн 
болса, екiншiсi iшкiнi көрсетедi. Ал элемент дегенiмiздiң өзi, нақтылай 
келгенде, адамның түйсiктерi болып шықты. Олай болса, олар 
субъектiсiз объект жоқ, объектiсiз субъект жоқ деген пiкiрге келедi. 
Мұны олар танымдағы «түбегейлі сәйкестiк» деп атады. Әрине, субъ-
ект, яғни танымдық қабiлетi бар адам бар жерде – объект, яғни таны-
латын айнала қоршаған дүние бар. Нағыз ақиқаттың өзi адамның жан 
дүниесiнен өтiп, оның неше түрлi тебiренiстерiн туғызып, адамның 
осы дүниенi телегей-теңiз ретiнде қараса, соның бiр тамшысы ретiнде 
сезiнгенде ғана пайда болса керек. Сонымен қатар танымның бұл 
жақтарын абсолюттеп шегiне жеткiзсек, әрине, субъективтiк идеализм 
жолына түсiп кетуге әбден болады. Сондықтан марксизмде мұндай 
көзқарас уақытында сынға алынған болатын.
Эмпириокритицизмнiң негiзгi қағидаларының бiрi – «ойлаудың 
тиiмдiлiгi» және ғылымда тек суреттеу идеалына жету. «Ойлау 
тиiмдiлiгiн олар организмнiң өз-өзiн сақтау үшiн биологиялық 
қажеттiктердi өтеу жолындағы бейiмделуiнен шығарады. Ғылымдағы 
ойлау тиiмдiлiгi «субстанция», «себептiлiк», «алғашқы негiз» т.с.с. 
мазмұнсыз санаттардан бас тартуды қажет етедi», – дейдi олар. 
Олардың орнына ғылымдағы ашылған элементтердiң өзара байланыс-
тарын суреттесе болғаны. Сол кездегi ғылымдағы ашылған күрделi 
жаңалықтарға философиялық-әдістемелік тұрғыдан түсiнiк бере 
алмаса да, олар ХХ ғ. басында басталған ғылыми төңкерiске ғылыми 
қауымдастықтың көңiлiн аударды.


330
Ендi, мiне, бiз ХХ ғ. 20 жылдарында пайда болған позитивизмнiң 
үшiншi сатысы – неопозитивизмнiң өзiне келiп тiрелдiк. Негiзгi 
өкiлдерi – Мориц Шлик (1882-1936 жж.), Рудольф Карнап (1891-
1970 жж.), Людвиг Витгенштейн (1889-1951 жж.), Бертран Рассел 
(1872-1970 жж.) т.с.с.
Неопозитивизм өкiлдерi белгiлi бiр толыққанды философиялық 
мектептi, ағымды құрмайды. Жалпы алғанда, ол философияның жеке 
ғылымдармен салыстырғандағы ерекше дүниеге деген көзқарастық-
әдістемелік маңызы бар пән екендiгiн мойындамайтын әртүрлi 
кiшiгiрiм ағымдардың жиынтығы десек те болады. Олардың ойынша, 
бұрынғы философия метафизиканың тартпалы батпағына батып
жалған тексерiлмейтiн ұғымдардың iшiнен шыға алмай қалды. 
Мысалы, Б.Рассел тек қана сезiмдiк деректердiң шынтуайттығын 
мойындайды. Объективтi дүниенiң өмiр сүруiн мойындағанмен, ол 
оның негiзiн тек қана сенiмге негiздейдi, оны ғылыми жолмен дәлелдеу 
мүмкiн емес. Сонымен қатар Б.Рассел эмпириокритицизмдегi сезiмдiк 
тәжiрибенi асыра түсiнудi қолдамай, оны математикалық логика 
тұрғысынан толықтыру керек деген пiкiр айтты. Олай болса, филосо-
фия тәжiрибеден алынған негiзгi қағидаларды логикалық талдаудан 
өткiзiп қорытатын пәнге айналады. Осы логикалық позитивизмнiң 
келесi өкiлiн – Р.Карнапты алатын болсақ, ол математикалық логика 
арқылы бiлiмдегi негiзгi ұғымдардың мазмұнын, мән-мағынасын тек-
серуге шақырды. Ал оның негiзгi құралы – верификация (verificatio – 
латын сөзi, дәлелдеймiн деген мағына бередi) принципi. Тiкелей 
верификацияға келер болсақ, ол ғылымдағы белгiлi бiр қағидалардың 
өмiрдегi тәжiрибеге сәйкестiгiн анықтау болып табылады. Ал 
дамыған теориялардағы қағидаларға келсек, оларды тек жанама түрде 
верификациялауға болады. Ол үшiн сол теорияның негiзiнде жатқан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет